Қазақ тілі 2 сынып. Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік: Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік
беру.Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу
дағдысын жетілдіру.
2.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізу.
3.
Тәрбиелік:
Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге,
тиянақталыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, тест тапсырмалары, сұрақтар,
сөйлемдер жазылған парақтар, ребус.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық кезеңі. Келген қонақтармен амандасу.
-
Амансың ба, Алтын Күн!
-
Амансың ба, Көк Аспан!
-
Амансың ба, Жер-Ана!
-Амансың
ба, қонақтар,
Сіздерді
көріп қуанам.
-
Иә,
балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.
ІІ. Ми гимнастикасы. Ширату.
-
Күннің
шығуы- (таң ату)
-
Мектептегі
45 минут- ( 1 сабақ)
-
Мемлекеттік
бас қала- (Астана)
-
Күшіңе
сенбе- (Біліміңе сен)
-
Денсаулық-
(зор байлық)
ІІІ.
Сабақтың ұранын еске түсіру:
Қазақ тілім-өз
тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар
сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді
ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,
бақытым қазақ тілім,- дей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.
-
Балалар,
біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді. Біз қазір 3 ауылға бөлінеміз: Абай
ауылы, Ыбырай ауылы, Жамбыл ауылы.
1)
Ой
қозғау.
-Абай деген
кім?
-Абай-ұлы
ақын.
-Ыбырай деген
кім?
- Ыбырай
алғашқы ұстаз.
- Жамбыл деген
кім?
- Жамбыл
–халық ақыны.
Бұл сөйлемде
нені байқадыңдар, балалар?
(сөйлемдегі
екі сөздің арасында сызықша қойылған. Ол екі сөзде бастауыш)
Дұрыс
айтасыңдар. Бұдан қандай ереже шығады?
-
Бастауыш
та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады.
-
Дұрыс
айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген
тақырыпты өткен болатынбыз. Ендеше, әр ауылдың үй тапсырмасын қалай орындағанын
тексерейік. 4 жаттығу.
-
Ребусты
дұрыс шешсең, мақал шығады. Мұндағы бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың
арасында неге сызықша қойылған?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.