Қазақ тілі орта топ. Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»
Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы
Ш.Қалдаяқов ауылы
МКҚМ «Бөбек» МДҰ
Гауһар Әбібұллақызы Түрембет
Қазақ тілі мұғалім
Тәрбиеші: Балалар, Біз бүгін Қазақстан халқының
бірлігі күнін атап өтуге жиналып отырмыз, мерекеміз құтты болсын! Мерекемізді
«Әнұранмен» бастайық.
Әнұран.
1б:Ақ ,қара деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз, татумыз
Биіктерге өрлейміз.
2б: Сары, ақпыз, қарамыз
Бәріміз де баламыз
Бір қалада тұрамыз
Бір бақшаға барамыз
3б:Сусынымыз қанады
Өнер білім нәрінен
Әлемдегі баланың
Дос болайық бәрімен
4б:Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос бауыр
Болмасын еш тосқауыл
Ән « Мамыр келді»
Тәрб: Балалар, біз
бүгін мерекемізді көңілді өткізу үшін серуенге көктемгі далаға шығайық.Кім
бізге жол көрсетеді екен?
Музыкамен Мамыр-ай келеді:
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін
Шуақ төгіп әлемге
Қуатын күннің әкелем
Табиғаттың төсіне
Тіршілігін әперем.
Тәрбиеші:Амансың
ба,Ару Мамыр-ай!Ұлан байтақ еліме қош келдің!Мамыр-ай,біз көктемгі орманға
саяхатқа барайық деп едік,сен
бізге жол көрсетесің бе?
Мамыр-ай:Әрине,көрсетемін.
(музыкамен «жыланша»жүріп,содан кейін шеңберге тұрады.)
Тәрбиеші:Міне,орманға
да келіп қалдық.Көктемгі орман қандай керемет! Осындай керемет көріністерге
арнап тақпақтарымызды
айтайық:
1б: Әрі сұлу, әрі игі
Келші, мамыр шуақты
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты
2б:Кәне, мамыр, даламның
Гүлі болып шыға ғой
Сені көрген адамның
Құлпырмауы кінә ғой
3б: көгілдір аспан да
Көк зеңгір тастар да
Құлпырып жайнайды
Мамыр гүлін ашқанда
4б: Балабақша базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Шаттығы бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Ән «Қанша бала»
Тәрб: Балалар, қараңдаршы мен әдемі орамал тауып алдым, онымен ойын ойнайықшы
5 ойын «Орамал алу»
(отыруға бару)
Мамыр-ай:Балалар,қане,жұмбақтар
тыңдаңыздар:
1.Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы,балалар,
Ол қандай құс болады? (тоқылдақ)
2.Итпен бірге таласып
Табаққа қонып қоймайды
Білесің бе,айта ғой,
Танисың ба – (торғайды)
3.Шарлап келіп даланы
Үйіме ұя салады. (қарлығаш)
4.Өзінің атын төпеп
Шақырады – (көкек)
Тәрбиеші:Ой!Міне,көкектің
өзі де ұшып келе жатыр!
Көкек:Мен
көкекпін,көкекпін,
Бұтаққа қонамын
Қулана қараймын
Жасыңды санаймын.
Тәрбиеші:Көкек,біздер
сен туралы ән білеміз.
Ән: «Көкек»
Тәрбиеші:Балалар,көктемде құстар қайтып ұшып келгеннен соң,олар өздеріне тұратын
ұялар іздейді.Біреулері – үй шатырдың астына
ұя салады,басқалары – теректердің басына ұя
салады.Балалар,құстардың дауысы естіледі,тағы да құстар ұшып келе жатыр.
(Құстар ұшып келеді,төрге тұрады)
Тәрбиеші:Сіз қандай құссыздар?Өздеріңіз туралы не айтасыз?
1.Мен көңілді бұл-бұлмын
Көктемде ұшып келемін
Жаздай концерт беремін.
2.Мен сауысқан,сауысқан,
Талдан талға ауысқан
Ұшып келдім алыстан.
3б: Шыр,шыр еткен торғайды
Қорғамасаң болмайды
Кіп-кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
4б:Қонып алып талға
Қарқылдайды қарға, қар,қар,қар
5б: Ұя жасап тақтайдан
Талға апарып байлаймын
Сол ұяны талдағы
Қараторғай мекендеп
Күні бойы сайрады
Жайлы пәтер екен деп.
6б: Мен қарлығаш, қарлығаш
Қызыл тамақ, түйме бас.
Тәрбиеші:Балалар,қане,көрейікші,құстар қалай ұяларға таласады екен.
Ойын «Ұя алу»
(5 обруч, музыкамен ұшады, музыка біткенде обручқа
отырады, кімге жетпесе сол ойыннан шығады, солай бір неше рет ойналады,
бір обручқа кемиді- ойын сайын)
Тәрб: Жарайсыңдар, балалар! Қутықтауымызды әрі қарай жалғастырайық.
1б: Шашымды да тарадым
Айнаға да қарадым
Ерте тұрдым ұйқымнан
Мен бақшаға барамын
2б:Қуыршақты аламын
Қол дорбаға саламын
Беске толам жуырда
Мен ересек боламын
3б: Бала бақшам байлығым
Күліп ойнап қайтамын
Ән саламын би билеп
Тақпақты да айтамын
Мамыр – ай:балалар,менің себетімде орыс халқының ұлттық
аспабы балалайка бар.Келіңдер,онымен ойын ойнайық.
(Балалар екеуден екі қолдарынан ұстап тұрады да,ән айтады:
« Гори,гори ясно,
Чтобы не погасло,
Глянь на небо,птички летят,
Колокольчики звенят.»Әнді айтып болғаннан соң арт
жақта тұрған жұп,екеуі екі жақтан балаларды айналып шығып, алда тұрған
баладан балалайкасын тез алады.Ойын 5-6 рет
қайталанады)
Тәрбиеші:Мамыр-ай,ойының өте қызық екен.Біздің қыздар саған арнап өзбек биін
әзірлеп қойды.Қабыл ал.
Өзбек биі (Андижан полькасы)
Тәрб:Мамыр-ай,сенің себетіңде тағы не бар?
Мамыр-ай:Менің
себетімде сізге әзірлеп қойған базарлығым бар.
(үлестіреді)
Тәрбиеші:Рахмет.Балалар,ертеңгілігімізді
«Әр қашан» әнімен аяқтайық.
Ән «Әр қашан»
Балалар музыкамен шығып кетеді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.