Қазақ тілі 4 сынып. Тақырыбы: «Достардың күн тәртібі»
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділігі – балалардың бос уақытын үнемді пайдалануға білімін
шыңдаймыз.
2.
Тәрбиелік – оқушыны досын
сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға,сабырлыққа, мәдениеттілікке
тәрбиелеу
3.
Дамытушылық – оқушының
ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып
сөйлеуге дағдыландыру т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың
пәнаралық байланысы: Орыс
тілі, дүниетану
Сабаққа
қажет көрнекі құралдар: Интерактивті
тақта, презентация, деңгейлеп бағалау таңбашалары т.б.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер
ме, балалар? Қазір қай сабақ? Қазақ тілі сабағы. Қолдарымызды ұстап, шеңбер жасап, мына өлең жолдарымен
сабағымызды бастайық:
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап
Сабақты енді бастаймыз.
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге
қандай тапсырма берілді?
-
4
тапсырманы жатқа айту. (5 мин.)
-
«Уақыт» модулі бойынша өткен сабақтарды
тиянақтай отырып достарыңның білімін өздерің тексеріңдер. Мысалы: Бір жылда
неше ай бар? т.б.
-
Бір
жылда 12 ай бар.
-
Бүгін
қай күн, балалар?
-
Күн
ретін дәптерлеріңе жазайық.
-
Енді
демалып алайық.
Сергіту жаттығуы:
Қоян,
қоян тұршы,
Бетіңді
жушы
Айнаға
қарашы.
Шашыңды
тарашы
Киіміңді
киші
Мектебіңе
қарай жүрші
Орныңа
отыршы
Сабағыңды
оқышы!
ІІІ.Жаңа білім беру
-
Балалар,
осы қоян бүгін бізге жалғыз өзі келмепті өзінің досын алып келіпті. Қане
қоянның досымен танысайық.
-
Бүгін
сабақта осы екі достың күн тәртібімен таныс боламыз. Қане мұқият суретке
қарайық. Қонжық пен қоян не істеді? (Оқушылар слайдтағы суреттерге қарап жауап
берді, оқыды)
Мұғалім 3 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
-
2
деңгей тапсырмасы сурет бойынща әңгіме құрау.
– 3 тапсырмада реттік сан есімдердің жұрнақтарын еске
түсіре отырып дәптерлерімізге сан есімге – ыншы, - інші, -ншы, -нші жұрнақтарын
жалғай отырып жазайық.
Мұғалім 2 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
-
Оқушылар
тақтадағы керекті сөздерді пайдалана отырып, Қоян мен ая сияқты сендер де достарыңмен
өткізетін күн тәртіптеріңнің ретін айтыңдар.
-
Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Жұмбақ.
Тық – тық ұрып,
Шегесін қадап,
Мезгілді саған,
Айтады санап.
(сағат)
-
Ал
балалар «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік. Тақтадағы берілген уақыттың бірін
таңдап 1 сөз тіркесі немесе 1 сөйлем құрастырыңдар.
Мұғалім 1 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
-
Енді
арамыздан көшбасшыны таңдайық. Тақтадағы кестеге бағаларды жазайын.
(Құттықтадық)
Қорытынды:
-
Ал, балалар қоян мен аюды неге достар деп айтады?
-
Өйткені олар бірге ойнайды, бірге сабаққа барады тату
жүреді т.б.
Бізде аю мен қоян сияқты достарымызбен бірге уақытымызды қызықты
өткізейік, қамқор болайық.
Балалар, біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады олар
бір- бірімен тату дос. Осы достығымыз жалғаса берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.
Үй тапсырмасы:
75 бет, 4 тапсырманы жаттау
Сау болыңдар!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.