Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді
меңгерту, оларды тілдік қатынаста пайдалану; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінен
өткенді қайталау. Көптік
жалғаулардың сөздерге үндестік заңын сақтай отырып жалғанатыны туралы айтьш,
жаттықтыру. Қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу
тілін дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Белсенді сөздік қорды пай-даланып өзара сөйлесе
алу дағдысын калыптастыру.
3.Тәрбиелік: қазақ өнерін, мәдениетін білуге
талаптандыру, құрметтеуге шақыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, тыңдап түсіну,
ойландыру, көрнекілік, жаттығу, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: төл дыбыстар, суреттер, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен
амандасу.
2. Кезекшімен
сөйлесіп, сыныпты түгендеу.
3. Сабаққа
дайындау (оқу құралдарының түгелдігін тексеру).
II.Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.
- Киіз үй неше бөлшектен тұрады?
- Олар қандай?
- Киіз үй неше қанатты болады?
- Киіз үйдің негізгі бөлшегі не?
- Әке шаңырағының иесі кім?
Киіз үй, оның
бөлшектері туралы мазмұндау.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
IV. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
2. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Жазылым.
1. Мұғалім жаңа
сөздермен таныстырады.
2. Оқушылар
хормен және жекелей қайталайды.
3. Жаңа сөздерді
сөздік дәптерлеріне жазып алады.
4. Мағынасы қиын
сөздердің, сөз тіркестерін мұғалім жеке түсіндіреді.
5. Жаңа сөздерден
сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырылады.
Жаңа сөздер: ұлттық киімдер – национальная одежда,
ерекшелектері – особенности, оюланып тігіледі – шьются с узорами, тон – тулуп,
ішік – шуба, тақия – тюбетейка.
3. Мәтінмен жұмыс.Тыңдалым. Оқылым. Айтылым.
*1-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқы.
1.Мұғалім мәтінді
мәнерлеп оқиды, оқушылар тыңдайды.
2.Жақсы оқитын
оқушы мәнерлеп оқиды.
3. Әр сөйлем жеке
оқылып, оқушылармен бірге аударылады.
4. Мәтін бойынша
сұрақтар қойылады, жауаптар беріледі.
Ұлттық
киімдер.
Әр халықтың ұлттық киімдері болады. Олар
ұлттық ерекшеліктерді халықтың
мәдениетін көрсетеді.
Қазақ
халқының ұлттық киімдері оюланып тігіледі. Әр оюдың өз
мағынасы болады.
Ер
адамдардың ұлттық киімдері: қалпақ, тымақ,
жейде, шалбар, бешпент, шапан,
шекпен, ішек, тон.
Әйел
адамдардың ұлттық киімдері: тақия, сәукеле, кимешек, көйлек, қамзол,
көкірекше, шапан.
Сұрақтар:
1. Ұлттық киімдер нені
көрсетеді?
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
қалай тігіледі?
3. Ерлердің ұлттық киімдері қандай?
4. Әйелдердің ұлттық киімдері қандай?
4. Сергіту сәті.
5. Дәптермен жұмыс.2 – жаттығу. Сөйлемдерді аяқта.
6. Тіл дамыту. Тыңдалым. Оқылым. 4-жаттығу. Сөз
тіркестерін құрастыр.
V. Сабақты бекіту кезеңі. Сөйлесім.
- Ұлттық киімдер нені
көрсетеді?
- Қазақ халқының ұлттық киімдері
қалай тігіледі?
- Ерлердің ұлттық киімдері қандай?
- Әйелдердің ұлттық киімдері қандай?
- Сабақта не істедік?
- Не білдік?
VI. Үйге тапсырма беру.
1. Сөздікті
жаттау.
2.Презентация
жасау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.