Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы:Астана қаласы
Мұғалім:
Мукашова М.Қ.
Сынып: 6
Мақсаты:
Білімділік: Отанымыздың бас
қаласы Астана
туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңадан бой көтерген әсем ғимараттар туралы
түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың Астана
қаласына деген қызығушылығын
арттыра
отырып, ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Астанаға деген таңдану мен
мақтаныш сезімдерін туғыза отырып,
Отанын
сүюге баулу.
Көрнекілігі: Астана суреттері, «Бәйтерек»,
«Ханшатыр» суреттері, сызбалар, карта, хронологиялық кесте, интерактивті
тақта /слайд-шоу/
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау
технологиясының элементтері.
Пәнаралық
байланыс: музыка, информатика, тарих, география, сурет.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
-Бүгін нешесе?
-Аптаның қай күні?
-Қазір қай
сабақ?
-Қазақ тілі нешінші сабақ?
-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз?
-Жылдың қай
мезгілі?
-Қыс айларын ата?
-Қыс мерекелерін ата?( Президент күні, Тәуелсіздік
күні, Жаңа жыл)
-Бүгін ауа-райы
қандай?
-Бүгін ауа-райы жақсы, себебі күн жылы.
Ә) Шаттық шеңбері: - Орнымыздан тұрамыз, шаттық
шеңберін құрамыз.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру «Сауал-бізден,
жауап-сізден»
-Сыйлықтар
қандай болады? (Сыйлықтар әртүрлі болады: гүл, кітап,ойыншық т.б)
-Досыңа туған
күніне қандай сыйлық сыйлайсың?(Мен
досыма ...... сыйлаймын)
-Туған күн иесіне
не сыйлайды?(Туған күн иесіне сыйлық сыйлайды)
-Сенің туған
күнің қашан?(Менің туған күнім .........)
-Биыл туған
күніңді қайда өткіздің?(Мен туған күнімді дәмханада өткіздім)
-Сенің туған
күніңе кімдер келді?( Менің туған күніме туыстарым, достарым келді)
-Қонақтар жақсы
тілектер арқылы адамға не сыйлайды?(Жақсы көңіл-күй сыйлайды)
ІІІ.Жаңа тақырып (Қызығушылықты
ояту)
1.Сабақтың
мақсатымен таныстыру
«Бәйтерек»,
«Ханшатыр» қиылған қимадан, оқушылар өз топтарын табады
-Сонымен балалар өз топтарынды таптындар. Яғни осы «Бәйтерек», «Ханшатыр»
қайда орналасқан екен?
-Дұрыс айтасыңдар, Астанада. Олай
болса, бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді
көрсететін еліміздің бас қаласы, астанасы, жастардың,
болашақтың қаласы «Астана қаласы»
туралы болмақ.
-Астана туралы не білеміз?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.