Қазақ тілі 11 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы(географиялық орны, қалалары, рәміздері, заңдары) 55-б. Сөйлем мүшелері
Қабылова Айжан Сағатбекқызы
Өскемен қаласы
«Бриг» жеке меншік бизнес мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстаз- қадірлі де, жауапты мамандықтардың бірі. Әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, қиялына қанат бітірген ұстаз ғана оқушының жадында қалады. Сондықтан да әр мұғалімнің басты міндеті қызықты да, мазмұнды сабақ өткізу. Сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдерді, технологияларды қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыратынын білеміз. 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсыратындықтан, мен әр сабақты жеңіл, қызықты да мазмұнды қылып өткізуге, тесттерде кездесетін сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Мен сіздердің назарларыңызға бір сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның
қоғамдық – саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік
меңгерту, мәтінді пысықтау.ҰБТ-ге дайындық жүргізу;
2.
Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс
талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.Өз
беттерімен жұмыс жасауға үйрету;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге баулу;
Сабақтың
түрі: аралас сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс
Пән аралық
байланыс: тарих
Сабақтың
көрнекілігі: мәтін, сызбалар, таблицалар, тапсырмалар
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!
-Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін нешесі?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Бүгін ауа-райы
қандай?
Жаңа сабақтың мақсатымен
таныстыру
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау
1 – тапсырма .Синоним, антонимдер, мақал- мәтелдерді сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /тыңдалым, ой қорыту/
Бүгін біз сабақта Қазақстанның саяси жүйесі, Заңдары, Рәміздері, қалалары,
географиялық орны туралы сөйлесеміз
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс(сөздерді
естеріне түсіріп, қайталау) : қазына, адам, өмір, құқұқ, бостандық,билік
біртұтас, мемлекет, тәуелсіз, жер көлемі, шаршы, шақырым, астана, Орынбор,
Қызылорда, Алматы, солтүстік, оңтүстік, шығыс, шектеседі, ұлт, ұлыс өкілдері,
батыс, ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, заң, қыркүйек, шілде, қабылданды, тұңғыш,
бөлім, бап, нышандар, ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір, күн, қыран,
бейбітшілік, белгі, тыныштық, байлық, еркіндік, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын
Қазақстан
Мемлекетіміздің
ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республикамызда
мемлекеттік билік біртұтас. Қазақстан мемлекеті- демократиялық, тәуелсіз
мемлекет. Қазақстанның жер көлемі 2,7 шаршы шақырым. Қазір елдің астанасы - Астана қаласы.Астанаға дейін Орынбор,
Қызылорда, Алматы қалалары астана болды. Астана 1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап
астана болды.Қазақстан бес мемлекетпен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде
Түрікменстан , Өзбекстан және
Қырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың
өкiлдерi тұрады. Елімізде 14 облыс бар. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15
қарашада енгiзiлген.Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына
жатады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды.ҚР «Тілдер туралы
Заңы» 1989 жылы 22 кыркүйекте, екінші
рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.
1993 жылы 28
қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Ал, 1995
жылғы 30 тамызда жаңа Конституция
қабылданды. Қонституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін
нышандар: ту, елтаңба, әнұран.1992 жылы 4 маусымда Қ.Р мемлекеттік туы қабылданды.Мемлекеттік тудың авторы –
Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту- көгілдір түсті. Туда ою, күн, қыран
бейнеленген. Көгілдір түс- бейбітшіліктің белгісі. Алтын күн тыныштық пен
байлықты бейнелейді. Қыран құс- еркіндіктің бейнесі. Ал, Қазақстан
Республикасының Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов.
Елтаңбада шаңырақ, уықтар, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар.
Елтаңбаның түсі- алтын және көгілдір түсті.
2006 жылы 7
қаңтарда Қ.Р жаңа мемлекеттік Әнұраны қабылданды.Әнұранның авторлары: Жұмекен
Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев.
ІҮ. Жаттығулар
3. тапсырма (фонетиканы, үндестік заңын қайталау мақсатында дұрыс
жауабын табу)
1 нұсқа
(астын сыз)
Тек жуан
сөзді анықтаңыз
билік,
мемлекет, тәуелсіз, шаршы, солтүстік
Қазақ тіліне
ғана тән дыбыстары бар сөзді анықтаңыз
Қазына, адам,
мемлекет, астана, алтын
Ұяң
дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз
ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір
Тек ашық
буынды сөзді табыңыз
ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, жазу, алтын
Үндестік
заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз
тұңғыш,
бөлім, әнұран, тамыз,пырақ
2 нұсқа
Тек жіңішке
сөзді анықтаңыз
бап, нышандар, тамыз, көгілдір , шығыс
Қазақ тіліне
тән дыбыстары жоқ сөзді анықтаңыз
ұлттық, мемлекеттік, ту, елтаңба, әнұран
Қатаң
дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді белгілеңіз
әнұран, күн,
қыран, бейбітшілік, белгі
Тұйық буынды
сөзді табыңыз
байлық,
пырақ, жұлдыз, жазу, алтын
Үндестік
заңына бағынатын сөзді табыңыз
қыркүйек, елтаңба, әнұран,тыныштық,оңтүстік
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.