Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері
Сабақтың тақырыбы |
Одағайдың түрлері |
Сабақтың мақсаты |
1. Білімділік: Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету,
әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. |
|
2. Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын
арттыру |
|
3. Тәрбиелік: Жан- жақтылыққа баулу , пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ. |
Қолданылатын әдістер |
Сұрақ-жауап, тілдік талдау, түсіндіру,
іздендіру, ой-қорыту, қорытындылау,иллюстративті |
Қолданылатын көрнекіліктер |
Интерактивті тақта, оқулық, дидактикалық материалдар,кесте сызбалар |
Сабақтың барысы: |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Үй тапсырмасын тексеру. «Біліміңді байқап көр» |
Алдымен алған білімдерінді анықтап алайық. І. Сұрақ-жауап «Біліміңді
байқап көр» 1. Одағай сөздер дегеніміз не? 2. Одағай сөздер қандай көңіл- күйді білдіреді? 3. Нені шақыру үшін қолданылады? 4.Не себепті одағай сөйлемде оқшау
айтылады? 5. Одағайдың лексикалық (негізгі)мағынасы бар ма? 6. Одағай сөйлем мүшесі бола ала ма? ІІ. 315- жаттығу бойынша оқушылар сөйлемдерін оқиды, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтады. Мұғалім қорытады |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.