«Ана-өмір шырағы» (8 наурыз!)
09.12.2014
6500
1006
Раймкулова Слушаш Исатайқызы
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер,ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділік, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Барысы:
І.Кіріспе
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар,аналар, қыздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні келді Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінг і мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. (барлығы)
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Жыр болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымызқыздарымыздың құрметіне
ІІ.1а-сынып оқушыларының тақпақтары қабыл алыңыздар (Шұғыла,Сұлтан,Нуриля,Зарема,Айзада,Елдана)
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті
Қыздардың орындауындағы «Қамажай» биіне береміз.
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебіренетолғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді әжелердің құдіретті сезімдеріне арналған қыздардың орындауындағы «Әжетайым » әнін қабыл алыңыздар.
Аналар адамды бесігімен баулиды
Оқушылардың аналарға арналған жырлары Карима,Темирлан,Әли,Диана,Ильяс,Назгүл
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда ұл-қыздардың орындауында би «Анашым»
«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар.Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттіңқұт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздіәсем әнін қабыл алыңыздар.
ІІІ.Ән: «Ақ мамам », орындайтын сынып оқушыларыТіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда
1а-сынып оқушыларының өз аналарына жүректен шыққан тілектері қабыл алыңыздар
Өскесін анама сыйлайтын сыйлық
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен
Жырларын аналарға бағыштайды.
Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
1а-сынып оқушыларыны жыр шашуы(Елдана,Перизат,Альбина,Арайлым,Саят,Диана))
IV.Ойын: «Өз балаңды тап!(Өз баласын мұрнынан табады.)
Балалардың көзін байлап,аналарды қолынан табады.
«Сен білесің бе?» ойыны.
Ата-ана деген кім?
Отбасы мүшелерін ата?
Анаң бос уақытында не істейді?
Анаң қандай түсті ұнатады?
Анаң қандай тағамды ұнатады?
Анаң саған не берді?
Өскесін анаңды бағасың ба?
Жиренше шешеннің сұрақтары?
1.Дүниеде не тәтті?
2.Ал жұмсақта не жұмсақ?(Ананың алақаны)
Ведио шағын кино. «Ананың жылы алақаны»
Ана біздің-күніміз
Ананың біз-гүліміз
Арамызда әрдайым
Ұзақ өмір сүріңіз
«Кім шапшаң» ойыны:Аналарға арналған әртүрлі сұрақтар топтамасы.
V.Көрініс: «Көктем патшасы меноның анасы»
Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктіңқайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
VI.Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-өмір шырағы,» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!
• 3
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.