Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 7-8 сынып.
08.01.2015
31445
3660
Кульжабекова Айгуль Булатовна
Жүргізушілер: Нарбек Бексултан Ибрагим Акжан
Жылқы; Успанов Дархан
Ақшақар: Толеуханова Гулхан
Аяз Ата: Жакенов Д.Б.
Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ешкі жылды
Ұзатып салып Жылқыны.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2015 Ешкі жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
1 Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не нәрсе?
Балалар: Шырша!
2Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп еді!
1 Жүргізуші: Достар, біздің шыршамыз алыстан тоңып келді. Ал енді әдемі киініп осы мерекеде бізді құантып тұр. Шыршаға бір әдемі ән арнайық.
«Шырша жыры» - хоровод
2 Жүргізуші: Достар, өткен жылы қандай жыл болған? (Жылқы жылы) Жылқы жылын қандай жетістіктермен аяқталып жатырсыңдар? (Балалар жауап береді)
1 Жүргізуші: Жарайсыңдар, достарым! Ал енді, Жылқы жылы біздің мерекемізге қоштасуға келді.
Жылқы келеді
Жылқы;Мен жылқымын.Сендерді келе жатқан жылдарыңмен құттықтаймын.Келе жатқан Ешкі жылы сендерге құт-береке,табыс әкелсін.
2 Жүргізуші: Осы кетіп бара жатқан Жылқыға бір би арнайық.
Би – "Вальс" 8 сынып
1 жүргізуші: Жарайсыңдар! Қандай жақсы би.Енді бір ойын ойнайық.Сахнаға 4 ұлды,4 қызды шақырамыз.Енді ұлдар рубашканы киеді,ал қыздар қолғапты киіп,рубашканың түймесін ағытады.Кім ең 1-ші түймені ағытса,солар жеңді.
2 жүргізуші: Жарайсыңдар!!! Біз мерекеге жиналдық. Қазір ән салып, би билейміз.
1 Жүргізуші: Бекбулатова Асем "Жаңа жыл" әнімен, Қошеметпен қарсы алаңыздар!
2 Жүргізуші: Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
(Би биленеді.) – Бостанбаева Эльмира
1-2 Жүргізуші: Аяз атамен Ақшақарды шақырайық: Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар
Ақшақар Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Қой жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.) – 8"б" сыныптың қыздары "Флэшмоб"
Аяз ата: Ойбай, Жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар? Ақшақар маған көмектеседі. (Би, тақпақ айтылады.)
Ақшақар: Аяз ата, ал мен конкурсты өткізгім келеді.
(Ақшақар конкурс өткізеді )
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)
1 жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Жылқы жылы әне алыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық. Қош айтысып қалайық!
2 жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған
Жылқы жылын шығарып салайық.
Жылқы: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Ешкіге беремін.
(Сахнаға Қой шығады.)
Қой: Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпын ба?
Мен солай асықтым, солай жүгірдім.
Кешігем деп қатты қорықтым.
Жылқы: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Жылқы жылы, Қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
Аяз Ата: Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.