Зат есім.
Сабақтың
тақырыбы: Зат есім. 3 «а» сыныбы.
Сабақтың
мақсаты:1). Зат есім туралы білімдерін
тиянақтау,пысықтау.
2). Сөздік қорын,тіл байлығын
жетілдіру,ойлау қабілетін арттыру.
3).Сауатты да көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі: ашық сабақ.
Типі:білімді тиянақтау.
Әдісі:Талдау,жинақтау,топпен жұмыс,түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың
барысы: 1.Ұйымдастыру
бөлімі:
2.Қызығушылығын ояту.
Ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
3.
Өткенді пысықтау: «Ой қозғау».
Жұмбақ шешу:
Білесіңдер Кім?Не?
сұрағын,
Сөйлемде ой иесі боламын.
Не істеді? Сұрағымен,
Көркейемін,толамын.
(Зат есім).
-Қай
сөз табы? Зат
есім.
«Қызықты кесте» толтыру. Әр оқушыға таратылып
беріледі. Зат есімдерді түрлеріне қарай топтау,ажырату.
4.Оқулықпен жұмыс.
«Көркем жазу».
Мақал.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсізге дүние кәріп.
5.Жаттығулар кезеңі:
13 – жаттығу.Мағынаны тану.
Мәтінді оқу,мәтінді пайдаланып кестені тиісті
сөздермен толықтыру, әр оқушы тексереді.
Қызықты кесте:
Зат
есім
|
Жалқы
есім |
Жалпы
есім |
Жекеше
|
Көпше |
Дәптер |
|
+ |
|
|
Алматы |
+ |
|
|
|
Қаздар |
|
+ |
|
+ |
Ойыншық |
|
|
+ |
|
Тайбурыл |
+ |
|
|
|
Қозылар |
|
+ |
|
+ |
Гүлнәр |
+ |
|
|
|
Демалыс тренингі:
«Кім?»
сұрағына жауап берілетін сөздер айтылса, 2 рет шапалақтау.
«Не?»
сұрағына жауап берілетін сөздер айтылса, 1 рет шапалақтау.
14-жаттығу. Ауызша. Жаңылтпашты оқу,жатқа айту.
Ара,ара,
аралар,
Орманның бойын аралар.
Гүлдерден сорып бал алар,
Бал тәтті ғой балалар.
(Зат есімдерді
ажырату,сұрақтар қойып,көпше түрдегі зат есімдердің жасалу жолын айту).
I қатар.
II
қатар.
Жекеше түрдегі зат есімдерді
топтау. Көпше түрдегі зат есімдерді топтау.
Ара, бал. Аралар,
балалар.
15-жаттығу.Көптік жалғауының тиістісін қойып жазу.Көпше түрдегі зат
есімдердің астын сызу,сұрақ қойып табу.
«Өз
орнын тап».
Мәтінмен жұмыс.
Ауданда
суретші (-лар,-лер,-тар)
жарысы өтті. Бала (-лар,-дар,-лер) сурет салуды жақсы
үйренген. Жеңімпаздарға сыйлық (-тер,-тар,-дер) тапсырылды.
Кімдер? Нелер?
6.Суретпен жұмыс.Суреттен зат
есімдерді тауып,көпше түрге айналдыру.Жалқы есімдерді тап.
Тексер:
қарбыз-қарбыздар, кесе-кеселер, пышақ-пышақтар, орындық-орындықтар.
Жалқы есім. Айдос,Әлия.
Қорыту:
Не білдім? Білдім? Білгім келеді?
Бағалау.
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.-деп, сабаққа
ерекше қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үй тапсырмасын беру.
Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қалалық
№2 орта мектебінің
Бастауыш сынып
мұғалімі: Абдуллина Айнұр
Қылышбекқызы
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.