Қазақстан қалалары
27.03.2016
4710
785
Усабаева Гульнар Таскалиевна
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары. 8 сынып.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: дидактикалық материал, қосымша материалдар.
Сабақ жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, видеоролик.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: Жаңа сабақ, дәстүрлі емес сабақ.
Байланысы: жағрапия пәнімен байланыстыру.
Сабақ әдісі: АҚТ, жұппен жұмыс, баяндау,СТО стратегиясының элементтері, сұрақ-жауап, эссе, ПОПС-формула, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
" Көңіл-күймен алмасу".
-Сәлеметсіз бе, балалар! Сендерде бүгін көңіл-күйлерің қандай?
Парталарда "Көңіл-күйлердің сөздігі".
Оқушылар сөз тізімде көңіл-күйлерін суреттейтін сын есімдерді тауып, өздерінің қалауларын түсіндіреді.
-Менде бүгін жайлы көңіл-күй.Мен қиыншылықтардан қорықпаймын, қате жіберемін деп қорықпаймын, жұмысымды тыныш жасағым келеді.
-Менің көңіл-күйім көтеріңкі. Мен қазақ тілі сабағын өте ұнатамын, біз әрқашан қызықты тапсырмаларды жасаймыз.
-Ал мен өзімнің көңіл-күйіме жайдары деп ат қойдым. Қазір менің сүйікті сабағымның басталуына өте қуаныштымын.
- Менің көңіл-күйім қуанышты. Мен жұмыс жасауды жақсы көремін.
- Менің көңіл-күйім бақытты. Достарыммен кездескеніме мәз болдым.
- Менің көңіл-күйім жайнақы. Бүгінгі сабақтан мен көп жақсылық күтемін.
- Менің көңіл-күйім сергек. Қызықты жаттығуларға кіріскім келеді.
Мұғалім: Балалар! Сендердің көңілді көздеріңді көруге мен өте қуаныштымын. Сендер сабаққа дайынсыңдар,көріп тұрмын. Менде бүгін қуанышты және жұмбақты көңіл-күй, өйткені біздің сабағымыз бізге бүгін көп сыр дайындады. Сәттілік пен табыс тілеймін!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушылар презентация жасады. Презентацияларын қорғау.
«Қазақстанның ірі қалалары» және «Қостанай қаласы».
2. 2 оқушы «Астана» өлеңін жатқа оқиды.
- Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мәтінмен жұмыс. Интерактивтік тақтадағы мәтін.
Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте – Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.
2. Мәтінді оқу, аудару, диалог құрастыру.
3. «Бір сөйлеммен». «Қазақстан қалалары» видеороликты қарап, 1-2минуттың ішінде қалалардың атауларын дәптерлерге жазып, бір сөйлеммен суреттеу. Мысалы, Алматы- мәдениет пен өнердің орталығы. Астана- бас қала. Қызылорда- күріш отаны. т.б.
4. Балалар ПОПС-формула бойынша Қазақстан қалалары туралы өз ойларын айтады.
ПОПС-формула
• Менің ойымша,...
• Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...
• Оны мен мына фактілермен, мысалдармен
дәлелдей аламын …
• Осыған байланысты мен мынадай қорытынды
шешімге келдім ...
5. Оқушылар берілген ой бойынша 100 сөзден тұратын эссе жазады.
6. Тестілеу. 3 мин. Тестілеу интерактивтік сұрау жүйесі бойынша «Activote» сымсыз пульттарымен өткізіледі.
7. Сабақтың соңы. Рефлексия. Көңіл-күй ағашы. Интерактивтік тақтада ағаштың суреті жасалған. Ағаштың жанында қызыл және көк алмалар. Оқушылар сабақтың аяғында өз көңіл-күйін белгілейді. Қызыл алма- жақсы, көк алма- жаман.
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма: «Менің сүйікті қалам» шағын шығарма жазу.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.