«Жай бөлшектер»
5-сыныпта
математика сабағы: «Жай бөлшектер»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың сандар туралы ұғымын кеңейту,
өмірмен байланыстыра отырып бөлшек садарды ұғындыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық
қабілетін дамыту
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақты меңгерту
Көрнекілігі:
Электронды
оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың
барысы: 1.Ұйымдастыру
бөлімі
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Жаңа сабақты бекіту
4. Қорытынды
5. Үйге тапсырма беру
І.
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабақ бастауға
бейімдеп, сабаққа дайындаймын. Онан соң жаңа тарауды
бастағалы отырғанымызды және оның бірінші
тақырыбы «Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және
жазу» екенін айтып, бүгін осы тақырыпты өтетінімізді айтамын.
ІІ.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа сабақты электронды
оқулық арқылы түсіндіремін.
а) Жай бөлшек ұғымын енгізу.
Дөңгелекті тең 4 бөлікке
бөлейік. Тең бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір
үлес – дөңгелекті өзара тең 4 бөлікке
бөлгендегі 1 бөлігі. Жазылуы дөңгелектің -і; -дің оқылуы: «төрттен бір». Демек, 1:4
дегеніміз ; ,
мұндағы – сызықша – бөлшек сызығы.
1-бөлшектің алымы, 4- бөлшектің бөлімі.
1-сурет
Бөлшек сызығының астындағы
сан неше тең бөлікке
бөлінгенін көрсетеді, сондықтан оны бөлшектің
бөлімі деп атайды, бөлшек сызығының үстіндегі сан ол бөліктердің нешеуі
алынғанын көрсетеді сондықтан оны бөлшектің алымы
деп атайды.
Бұдан соң интерактивті тақтадан
электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындатамын.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
а)
Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар орындату
1-тапсырма
бөліндіні
бөлшек түрінде жазу.
m : n = ;
Бөлінгіш бөлшектің алымына
жазылады да, бөлгіш бөлшектің бөліміне жазылады. Электронды оқулықтағы 3
тапсырманы орындатамын.
-
жетіден бір; - он бірден сегіз; -он
алтыдан бес;
- жеті
жүз жетпіс бірден жүз тоғыз
2-тапсырма.
Оқулықпен жұмыс
№ 360
Боялған бөліктерді бөлшек түрінде жаз.
№ 361
Боялған бөліктерді бөлшек түрінде жаз.
№ 362
Боялған бөлшектер жай бөлшекпен
дұрыс көрсетілген бе?
№ 364
Бөлшек түрінде жазыңдар:
1) ; 2) ; 3) .
№ 365
Бөлшектердің әрқайсысын
бөлінді түрінде жазыңдар:
1) ; 2) ; 3) .
№ 405.
Дәптерге қабырғасы
оның: 1) жартысын ( ) ;
2) ширегін ()
бояңдар.
№ 407.
1) Бөлшек түрінде жазыңдар:
; ; ; .
; ; ; .
№ 408.
Өлшем бірліктері арасындағы байланысты
пайдаланып, х-тің орнын үлестермен мәндерін
қойыңдар:
Білім теңіз тәрізді
тұңғиық, жұмбағы көп түбіне
жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз
түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет
етсе, білім де дәл солай. Неғұрлым тереңдеп
сүңгіген сайын ғылым қызығына бойлай
бересің. Әр оқушыны осындай ғылым теңізінде
жүзгізіп, білімнің асыл тастарын тергізетін кеме «Мектеп» болып
табылады дей келіп 3-қатардың құрастырған
гүл шоғын бүгінгі сабаққа жақсы қатысқанымыз
үшін алған сыйлығымыз дей отырып, сабаққа
жақсы қатысқан оқушыларды бағалап,
сабағымды аяқтаймын.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.