Тақырыбы: Аа дыбысы және әрпі
25.03.2016
2651
686
Кушкенова Алия Тезеекбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Аа дыбысы және әрпі» Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Өткен тақырыпты еске түсіре отырып,а дыбысы және әрпімен таныстыру.Балаларға а дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп,сол сөздерді қатыстырып,сөйлем құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру,ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.Жазуға қолдарын жаттықтыру. Оқу іс-әркетінің көрнекілігі: а дыбысының баспа түрі,ребустар,текшелер. Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,көрнекілік,сұрақ-жауап. Оқу іс-әркектінің барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Балалар сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді тілейік. Шаттық шеңбері: -Аспанымыз ашық болсын! -Шаңырағымыз биік болсын! -Еліміз тыныш болсын! Тілектерің қабыл болсын!
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Қай ай? -Аптаның қай күні? ІІ.Өткен сабақты қайталау -Балалар,біз өткен оқу іс-әркетіндегі дыбыс туралы не білетінімізді еске түсіріп көрейікші. -Дыбыс дегеніміз не? –Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? -Ал,әріп дегеніміз не? –Әріп дегеніміз дыбыстарды таңбалау. -Әріпті көреміз,жазамыз,оқи аламыз. ІІІ.Жаңа сабақ –Ал,балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жаңада бар ,ескіде жоқ, Танада бар ешкіде жоқ. Жауабы:(А дыбысы)
-Мынау ненің суреті? -Алма деген қай дыбыстан басталып тұр? -А дыбысы дауысты дыбыс па,дауыссыз дыбыс па? -Неліктен дауысты дыбыс? -Ал,осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады?
Аа дыбысының баспа түрін көрсетіп таныстыру. Аа дыбысын ауада жазып көрсетіп таныстыру.
«Кім жылдам ?»дидактикалық ойыны.А дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.Аа дыбысы кездсетін сөздерді алақанмен шапалақ ұру арқылы буынға бөлгізу.
Сергіту сәті:Алма баққа барамыз, Алма теріп аламыз. Ең үлкенін алманың Анамызға сыйлаймыз.
Дәптермен жұмыс жүргізу Сурет бойынша дыбыстық талдау жасату (аю,ата,бала)Аа дыбысының үлкен және кіші әріп таңбасын жазып үйренеді. а)Суретті ребус
Шешуі: (Айгүл).Сөзге дыбыстық талдау жасау. б)Асқабақ,алмұрт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,а дыбысының орнын айтқызу.
ІҮ.Қорытындылау -Балалар,біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? -А а дыбысы қандай дыбыс екен?

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.