«Тесттер әлемі» бастауыш сыныпқа арналған әр пәнге арнайы ұсынылады.
«З сыныпқа арналған
тест жұмыстары»
Құрастырған:Красноармейка орта жалпы білім
беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі ; Орунбасарова Кульшара
Сагнаевна.
Кіріспе
Алдымызда отырған әр оқушы жеке тұлға. Сол әр оқушының қабілетін айыра біліп,
теориялық білім игеруін дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Ұстаз өз
жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге қол жеткізу
үшін мұғалім тиімді әдістерді таңдап ұсынады.
Қазіргідей көркем әдебиетті аз оқитын, уақытының көбін басқа ермекке жұмсайтын
оқушылардың шығармашылық, теориялық қабілетін қалай танып білуге болады:
Қандай жұмыстар жүргізу қажет және жұмыс түрлерін қалай бастау керек? Мұндай
сұрақтар әр ұстазды толғандырары анық.
Оқушылардың
бойында пәнге деген қызығушылық, бейімділігінің қалай екенін анықтайтын тест
жұмыстарын ұсынған мақсатым осы.
Оқылған шығармаларға оқушылар өз ойларын бірінші ауызша, кейде жазбаша
білдіреді. Жазбаша жұмыстың тиімді бір әдісі осы тест жұмыстары болып табылады.
Оқулықта ең бастысы, жеке шығармашылық тұлға қалыптастыру, оқушылардың танымдық
ізденісі, дербес белсенділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Оқулықта тапсырмалар білім берудің мемлекеттік стандартын негізге ала отырып
құрылды. Тест кітабы мұғалімге әдістемелік көмек құралы болып табылады.Тест жұмысының
ұтымды жетістігі барлық оқушылар қатыса алады. Нені білем? Нені білуім керек?
деген ой береді. Ал тапсырмалар оқушылардың қабілеті, қызығушылығы, білім
деңгейлеріне сай берілді. Шығармашылық сипаттағы оқушылардың танымдық
белсенділігі, ізденімпаздығын арттыратын тапсырмалар. Тест тапсырмалары 3
сыныптың төрт негізгі пәндеріне сай құрылды: әдебиеттік оқу, қазақ тілі,
дүниетану, математика.
Әр пәннен 50
тапсырмадан, ІІ нұсқадан берілді.
Мазмұны
1.Қазақ
тілі.............................................................
2.Әдебиеттік
оқу..................................................
3.Математика.......................................................
4.Дүниетану...........................................................
.Бірінші сабақ тың тақырыбы
Ж.Жабаевтың . «Алатау» өлеңінен қима сурет
бойынша топтастырып,негізгі ой
елегіне енуге баланы
қызығушылығын
а) ағып жатыр
ә) ағады
б) бара бер
14. Күрделі етістік қайсы?
а) бақылап тұр
ә) отырды
б) ұшыпты
15. Негізгі етістік қайсы?
а) шегеле
ә) жаз
б) тазала
16. Болымды етістікті тап.
а) бар
ә) барма
б) айтпа
17. Етістік дегеніміз не?
а) заттың қимылын білдіреді
ә) заттың атын білдіреді
б) заттың санын білдіреді
18. Сан есімді тап.
а) әдепті
ә) бес
б) анар
19. Негізгі сын есім қайсы?
а) жақсы
ә) әдепті
б) таудай
20. Сан есімді тап.
а)он бес
ә) әкелді
б) егіз
21. Сын есімнің сұрақтары?
а) Кім? Не?
ә) Қандай? Қай?
б) Не істеді? Қайтті?
22. Есептік сан есім деген не?
а) заттың реттік саны
ә) заттың топтау реті
б) заттың нақты саны
23. Қатені тап.
а) төртінші
ә) алтіншы
б) бесеу
24. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) вагон
ә) вакон
б) Ваган
25. Мәтінді тап.
а) Бұлт, ыдырап.
ә) Аспаннан нөсерлеп жаңбыр
жауды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.