Оқушылардың биология бойынша Республикалық пәндік олимпиадасының 1 кезеңі - 2011 жыл Олимпиада тапсырмалары - 8 сынып
Оқушылардың биология бойынша Республикалық пәндік
олимпиадасының 1 кезеңі
- 2011 жыл
Олимпиада тапсырмалары - 8 сынып
Тапсырма 1
Тест тапсырмалары бір жауап
нұсқасымен ( макс. 32 ұпай – әр дұрыс жауапқа 1 ұпай).
1. Қозғалыссыз аталық
жыныстық клеткалар – спермиялар ... бар:
а) көп
клеткалы балдырларда б) мүктерде в) қырыққұлақтарда
г) гүлді
өсімдіктерде в) қырықбуындарда г) сушырмауықтарда
2. Регенерация – жануардың
... қабілеті:
а) жыныстық жолмен көбею
б) зақымданған немесе
жоғалған дене бөліктерін қалпына келтіру
в) бүршіктену
г) қоршаған
ортаның әсеріне жауап беру
3. Мимикрия –
бұл:
а) белсенді
қорғаныс құралы
б) «қарулы»
қорғаныс күштері бар түрлерге еліктеу
в) үркіту
үшін бояу
г) дарақтың
қоршаған фонмен ұқсастығын қамтамасыз ететін бояу
4. Бентос –
бұл
... тіршілік ететін тірі ағзалар тобы
а) су
қоймасының түбінде б) су қабатында в) су бетінде
г) басқа ағзаларда
5. Қарапайым амеба ...
көмегімен қозғалады
а) талшықтар б) реактивті
қозғалыс в) жалған аяқшалар г) кірпікшелер
6. Ішекқуыстылардың күйдіргіш клеткалары ...
қызметін атқарады
а) ас қорыту
б) олжаны өлтіріп, ағзаны
қорғау
в) қозуды қабылдайды
г) қоректің қорытылмаған қалдықтарын бөледі
7. Сүліктер ... құрттарына
жатады
а) дөңгелек б) жалпақ в) тікенді
г) қарын кірпікті
8. Олигохета – бұл ... құрт
а) көпқылтанды б) дөңгелек
в) азқылтанды г) жалпақ
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.