Биология пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші турының тапсырмалары. 9 сынып.
Биология пәнінен
Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші турының тапсырмалары. 2010 жыл.
9 сынып.
I бөлім. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін
тест тапсырмалары ұсынылады. (әр дұрыс тест тапсырмасы үшін 1 балл).
1. Шартсыз
рефлекстер – бұл:
а) шартсыз қоздырғыш пен шартты қоздырғыштың
үйлесімінде пайда болатын рефлекстер;
б) ұрпаққа
ата-анадан берілетін және өмір бойына сақталатын туа біткен рефлекстер;
в) аяқ астынан, қажеттіліксіз пайда
болатын және жоғары нерв қызметінің дамуымен жоғалатын рефлекстер;
г) туа біткен механизмдермен
байланысы жоқ және ол үшін қажетті шарттармен көрінетін ағза реакциялары.
2. Адамның қолы мен
құстың қанаты құрылы бойынша ұқсас болып келеді. Бұл түсіндіріледі:
а ) құстар сүтқоректілерден пайда болған;
б) құстар мен сүтқоректілердің ата-бабасы бір;
в) сүтқоректілер тіршілік ету
ортасына нашар бейімделген;
г) құстар мен сүтқоректілер ұшуға
жақсы бейімделген.
3. Орамжапырақтың
жемісі:
а ) құрғақ бір
тұқымды;
б ) шырынды көп
тұқымды;
в ) құрғақ көп тұқымды;
г ) шырынды бір
тұқымды.
4. Өсімдіктің
репродуктивті мүшесі:
а ) бүршектің
тұқымды қабыршағы;
б ) жапырақ;
в ) тамыр;
г ) гүл.
5. Жұпаргүлдің гүл
шоғыры:
а) шоқ; б) шатырша; в
) сіпсебас; г )
масақ.
6. ДНК
үшін келесі үзінді дұрыс емес:
а)
А – Т, Г – Ц;
б) Г – Т,
Т – А;
в)
Т – А, А –Т;
г) Г –
Ц, Ц – Г.
7. Өсімдіктердің
құрушы ткані:
а) қабық; б
) тығын; в) камбий; г
) ұлпа.
8. Өсімдіктерде суды
... өткізеді:
а) қабық қылшықтары;
б) елек тәріздес трубкалар; в)
тамырлар; г ) ағаш
қылшықтары.
9. Лалагүл
тұқымдастарына жатады:
а ) жолжелкен; б)
інжіргүл; в ) салат; г ) жүгері .
10. Бастапқы лизосомалар
... пайда болады:
а ) цитозола; б ) ядро; в)
Гольджи аппаратында; г) эндоплазматикалық
торда.
11. Қос мекенділердің
миы .... себебінен басқа мүшелерге қарағанда оттегімен жақсы қамтамасыз етіледі:
а )
ми тканіндегі ферменттердің арқасында қаннан оттегі
белсенді сорылады;
б ) миға жүрек қарыншасынан бастау алатын қан тамырлары барады,
в )
миға баратын қан ерекше капиллярлық жүйеге тап болады,
г ) ми тамырларының қабырғалары қан айналымының жылдамдығын арттырады, бұл өз алдына
оттегінің миға тиімді жетуіне көмектеседі.
12. Бақбақтың
гүлшоғырының гүлі қандай:
а ) тілшік тәрізді;
б ) жалған тілшік тәрізді;
в ) трукалы;
г ) шұңқыр тәріздес.
13. Омыртқалы
жануарлардың эфолюциясы үрдісінде қан айналым жүйесінің күрделенуінің дұрыс
бірізділігі:
а) құрбақа
– қоян – қолтырауын – акула;
б) акула – көлбақа – қолтырауын – қоян;
в) акула – қолтырауын
– қоян – көлбақа;
г) қолтырауын– ит – акула – құрбақа.
14. Дәнді
өсіәмдіктердің өсуі ... меристемасының көмегімен қамтамасыз етіледі:
а) қабырғалы, б) ендірмелі,
в) үстіңгі, г) үстіңгі және ендірмелі.
15.
Біржарнақтыларға ақарағанда, қос жарнақтыларға тән:
а) жағымсыз жағдайлардан сақтайтын жемістің болуы,
б) қарапайым гүлсерігі бар немесе гүлсерігі жоқ үш мүшелі типтердің болуы,
в) тұқымдардың тұқым ұрықтарынан екі есе тұқымдануы мен дамуы,
г) жемістер мен тұқымдардың түрлі таралу амалдары.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.