Биология пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші турының тапсырмалары. 2010 жыл.
8 сынып.
I бөлім. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады. (әр дұрыс тест тапсырмасы үшін 1 балл).
Сібір күйдіргісінің қоздырғыштары– формасы бойынша ... болып табылатын бактериялар:
а) кокктар;
б) вибриондар;
в) спириллдер;
г) бациллалар. +
Тізімде беріген саңырауқұлақтардың ағаш өсімдіктерімен симбиозында ... болады:
а) қастауыш;
б) опенок;
в) ағаш саңырауқұлағы;
г) шыбынжұт. +
Қаңдай балдырлардың жасушаларында қабатты ядролар жоқ:
а) жасыл;
б) қызыл;
в) қоңыр;
г) көк-жасыл. +
Саңырауқұлақтардың жасушаларында жоқ:
а) вакуолдер;
б) митохондриялар;
в) пластидтер; +
г) рибосомалар.
Гүлді өсімдіктердің көбісі ... жатады:
а) қос жарнақты өсімдіктерге; +
б) бір жарнақты өсімдіктерге;
в) гүлі жоқ;
г) ткані жоқ.
Адам түсті орамжапырақтың қандай органдарымен қоректенеді:
а) үстіңгі бүршігін;
б) қалын шалқан секілді сабағын;
в) түрі өзгерген гүл шоғырын; +
г) қабырлағалырнда орналасқан бүршектер.
Масақтардың гүл шоғыры бар:
а) меруертгүл;
б) жұпаргүл;
в) қарабидай;
г) жолжелкен. +
Тамырлық түйнектер – бұл қатты қалыңдалған:
а) бағыныңқы тамырлар; +
б) тамыр талшықтары;
в) бас тамырлар;
г) ауа түйнектері.
Жеміс шоғыры болады:
а) алмұртта;
б) ананаста; +
в) бананда;
г) айвада.
Тамыр ұрпақты өсімдіктерге жатады:
а) итшомырт тәріздес бүрген;
б) дала қалуені;
в) көктерек;
г) аталғандардың барлығы. +
Жұпар иісті ваниль – орхидея тұқымдас көпжылдық лиана. Оның ... кондитерлік өндірісте қолданады:
а) сабақтарын;
б) сабағы мен жапырағын;
в) гүл шоғыры;
г) жемістерін. +
Ұнтақ жармасын неден жасайды:
а) бидай; +
б) тары;
в) сұлы
г) арпа
Жалаңаш тұқымдас немесе қапталған тұқымдас өсімдіктердің жалпы сипаты қандай:
а) споралардан дамуы;
б) гүлдің болуы;
в) тұқымнан дамуы; +
г) спорофиттің редукциясы.
Паразиттік тіршілік салтын сақтанатын қарапайымдылар:
а) тамыр аяқтылар;
б) қыл аяқты;
в) солнечниктер;
г) споровиктер. +
Цеце масасы адамда ... тудыратын трипанозомның тасымалдаушысы болып табылады:
а) ұйқы ауруын; +
б) шығыс күйдіргісін;
в) малярияны;
г) кокцидиозды.
Губканы зерттеу онда берік, біраз нәзік кремний қаңқасының бар екенін анықтады. Бұл губка не болып табылады:
а) таяз суда тіршілік етуші;
б) терең суда тіршілік етуші; +
в) жер бетінде тіршілік етуші;
г) судың қайту-кету зонасының тіршілік етушілері.
Құстардың түсті көру спектрі:
а) адамның түсті көру спектіріндей;
б) спектрдің инфрақызыл бөлігіне жылжыған;
в) спектрдің ультракүлгін бөлігіне жылжыған; +
г) адамның түсті көруіне қарағанда кең.
Аскаридамен қалдырылған жұмыртқалардың личинкалардың дамуы қашан болады:
а) 37оС температурасында, СО2 жоғары концентрациясында, екі аптаның ішінде;
б) 20-30оС температурасында, СО2 жоғары концентрациясында, екі аптаның ішінде;
в) 37оС температурасында, О2 жоғары концентрациясында, екі аптаның ішінде;
г) 20-30оС температурасында, О2 жоғары концентрациясында, екі аптаның ішінде. +
Дөңгелек құрттардан қарағанда тікенекті құрттардың ... пайда болады:
а) ас қорыту жүйесі;
б) бөліп шығару жүйесі;
в) қан айналым жүйесі; +
г) нерв жүйесі.
Құрт – құмырсқалардың қабаты ... арқа жағында болады:
а) төс пен іштің;
б) төстің; +
в) бас төсі мен ішінің;
г) бас төсінің.
Жұмысшы аралар болып табылады:
а) жұмыртқа салып, ұрпағын күтуді бастаған аналық;
б) жыныс бездері дамымаған аналықтар; +
в) бір жылдан кейін жұмыртқа салуға қабілетті жас аналықтар;
г) ұрпақ әкелу жұмыртқасынан пайда болған аталықтар.
Галапагосс аралдарында тұратын теңіз игуаналары ... жатады:
а) балықтарға;
б)қос мекенділерге; +
в) бауырмен жорғалаушыларға;
г) жыландарға.
Нанду түйеқұстарының қайсысы жұмыртқаны басып, балапандарды күтеді:
а) аналық қана;
б) аталық қана; +
в) екеуі де кезек-кезек;
г) жұмыртқалар ұясына тасталған құстар.
Қан айналым жүйесінің күрделенуі келесі жануарлардың қатарында хордалылардың эволюциясына әкеледі:
а) құрбақа – қоян – қолтырауын – акула;
б) акула – көлбақа – қолтыруын –қоян; +
в) акула – қолтырауын – көлбақа – қоян;
г) қолтырауын – акула – құрбақа – ит.
Әлем мұхитының мекендеушілерінің көп түрлілігі байқалады:
а) маржан рифтерінде; +
б) тропиктерде ашық теңізде;
в) поляр жанындағы аймақтарда;
г) терең сулы ойпаттарда.
II бөлім. Бірнеше жауап нұсқалары бар тапсырмалар. Жауаптар матрицасына дұрыс жауапқа сай келетін әріпті (әріптерді) қойыңыз.
(8 балл)
Мысалы: 1 – а,в,г..
1. Төменде берілгендердің қайсысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген:
а) қарапайым сарғалдақ, б) торлы питон, в) қарақал,
г) арқар, д) мамыр інжіргүлі, е) тоған көлбақасы.
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.