Педагогика 4-5 сынып. Тақырыбы: «Сұлу есімдер әлемі»
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Мақсаты:
-есімінің сырын білуге деген қызығушылықты арттыру;
-бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;
-аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу;
-есімінің сырын білу арқылы өзін-өзі тануға жол ашу.
Мұғалім:
Әр баланың есімі өзгелерден ерекше екенін,неге басқа қыздардың, мысалы екі Айдана, екі
Наргиз есімдері бірдей, ал Сәуленікі өзгеше? Бала дүниеге келгенде туыстары оған атты
қалай таңдайды? Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Осы сияқты
көптеген сұрақтардың жауабын бүгін біз табуға тырысамыз.
1 оқышы:Бала-адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби
дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім
таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат
қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып,
он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің
адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін
зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді
неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе
түседі.
2 оқышы:Қай кезде болса да Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен
Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота,
Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты есімдер кездесетін. Бұл, бiрiншiден,
халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының
дамығандығының белгiсi болса керек.
3 оқышы:Қазiргi кезде мағынасы да, дыбыстық тiркесiмi де түсiнiксiз есiмдер етек алып
барады. Әсiресе Альфия, Алина, Анелия, Аида, Анара, Динара, Гуля, Гүлзия, Гүлзира, Света, Сания, Гүльмира, Гүлвира, Гүлзада, Эльмира, Элеонора, Замира, Мария, София, Клара, Лаура, Жания, Жанна, Лиза, Мая, Зоя немесе Артур, Ануар, Арслан, Руслан, Эрнс, Тимур, Мадьяр, Илья т.б. деген сияқты еуропаланып кеткен есiмдер көптеп кездеседi.
4 оқышы:Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп
отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей,
Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл
үрдіс біршама өзгерген. Балалардың есімдерін былай деп көрсетеді:
1. Ерасыл
2. Әлихан
3. Санжар
4. Нұрислам
5. Нұрасыл
6. Мирас
7. Артем
8. Арсен
9. Диас
10. Әмір
11. Ислам
12. Әділет
13. Әли
14. Руслан
15. Азамат
16. Алдияр
Қыздарға:
1. Айзере
2. Айару
3. Інжу
4. Кәусар
5. Айша
6. Аружан
7. Әмина
8. Аяулым
9. Іңкәр
10. Сезім
11. Мадина
12. Дария
13. Диана
14. Аяла
15. Нұрай
16. Жанерке
17. Аяжан
18. Алина
19. Сабина
Жиі қойылатын есімдердің сыры:
АЙЖАН-қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
АЖАР-көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.
АЙГҮЛ-қазақтың сөзі ай-тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.
АЙЖАН-қазақтың сөзі ай+иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
АЙМАН-қазақ тілінен-белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен-ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер-Айманай, Аймангүл.
АЙНҰР-қазақ тілінен алынған ай+араб тілінен алынған нур-жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.
АЙСҰЛУ-екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
АЙЫМГҮЛ-менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМЖАН-айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМША-ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.
АҚАЙША-аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.
АҚМАРАЛ-бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.
АҚЛИМА-араб тілінен алынған ғәклыя - ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.
АЛМА-қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер-Алмагүл, Алмақан, Алмажан.
АЛТЫН-кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады-Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.
АЛУА-араб тілінен алынған халва-тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі-Қалуан.
АМАН-сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
АНАР-иран тілінен-қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .-Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.
АРДАҚ-құрмет, қадір.
АСИЯ-иран тілінен-қайырымды, мейірімді (әйел).
ӘДИЯ-араб тілінен алынған хадия-сый, сыйлық, тарту.
ӘЗИЗА-араб тілінен-ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.
ӘЗИМА-араб тілінен-ұлы, мәртебелі әйел.
ӘИГЕРІМ-әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.
ӘЛИМА-араб тілінен алынған ғалима-өқымысты, ғалым әйел.
ӘЛИЯ-араб тілінен алынған-құны, бағасы артық, биік, жоғары; қымбатты, сүйікті; мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері-Ғалия, Қалия, Әлиша.
ӘЛФИЯ-араб тілінен-мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.
ДАМИРА-жаңа есім-«да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».
ДАНА-иран тілінен-білгір, данышпан.
ДАНАГҮЛ-иран тілінен-гүлдей құлпырған дана, данышпан,ақылды деген мәнде қойылған. ДАРИҒА-иран тілінен-шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім.
ДӘЛИЛА-араб тілінен-белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.
ДӘМЕЛІ-үмітті, үміткер.
ДИЛЬНАЗ-парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз-еркелік, кежірлік.
ДИНАРА-араб тілінен-алтын тиын, ақша.
ЖАМАЛ-араб тілінен-сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.
ЖАНАР-көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.
ЖАНАРГҮЛ-қазақ және иран тілдерінен алынған-гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.
ЖАНАТ-ең асыл, көркем, керемет, рахат.
ЖАННА-көне еврей тілінен келген-кептер, көгершін.
ЖАНСАЯ-иран және тәжік тілдерінен алынған джон-жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.
ЗАРИНА-иран сөзінен зар-золото-зарина-алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.
ЗӘМЗЕГҮЛ-араб тілінен алынған земзем-мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.
ЗӘУРЕ-араб тілінен-жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері-Зура, Зухра.
ЗЕМФИРА-грузин тілінен сапфир-асыл тастың бір түрі.
ЗҮЛФИЯ-араб тілінен-бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.
ИНДИРА-үнді тілінен алынған-ай.
1 оқышы:Айт.Мейрам атаулының бәрін арабша «ғийд» деп атайды. Қазақ тілінде оразадан кейінгі және құрбан шалатын кездегі 3 күндік мерекені «айт» дейді. Осы екі мейрамда өмір есігін ашқан сәбилерге жеке тұрып та, біріккен сөздің құрамында келіп те айт деген есімдер қойылған. Айтмұқамбет есімі де арабтың ғийд-айт деген сөзі мен пайғамбарымыздың атынан біріккен. Ақ «Ақ» сөзі-бүкіл түркі тілдеріне ортақ төл сөзіміз. «Ақ» сөзі» мен парсының «б ө-б ә к» сөзінің бірігуі арқылы А қ+бөпе есімі жасалған. «Ақ» пен «кенже» сөзі бірігіп Ақкенже есімі жасалған. Екі сыңары да-өзіміздің төл сөздеріміз.
Ай.-«Ай»-түркі халықтарына ортақ сөз. Есімдер«ай»сөзімен байланысты қазақта Айгүл, Айза-да, Аймангүл секілді аттарды көптеп келтіре беруге болады. Ай+гүл-Айдың аясындағы гүл.
Ай+зада есімнің беретін мағынасы: айдан туған, айдан жаралған. Аймангүл есіміне байланысты мағынасы: ғашық+гүл. Бақыт.- Бақыт, Бахтияр есімдерінің беретін мағынасы: бақыт жар болсын, бақ жаныңда жүрсін. Болат.- «Ең мықты» деген ұғымдағы білдіреді.
Гүл.-«Гүл» сөзі көптеген қызымыздың есімдерінің жасалуына ұйытқы болып тұр. «Шешек, бәйшешек» деген сөздеге ұқсайды. Мәкен- есімі таза қазақ есімі екен. Бала тұрмай жүрген үйде өмірге келген сәбиге «мә, кел» дегенді негізге алып қойса керек.
Орынбасар.- Алдыңғы баланы жоғалтқан жағдайда қойылатын есім.
2 оқышы:Адам есіміне тағдыры жасырылған ба? Ойшылдардың есебінше, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыс-тырып тұрған құпия байланыс бар. Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады. «Адам есімінде оның тағдыры жасырылған» деген пікірді растау үшін оқымыстылар зерттей келіп, көптеген қорытындыға келген. Соның бірі, мәселен, Қайрат есімді ерлердің көбіне денсаулықтары мықты, белсенді және алаяқтыққа біртабан жақын болса, Рашид есімді жігіттер әр қадамын ұсақ-түйегіне дейін ойластырып, есеппен басатын, қулау, әйелқұмар болып келеді екен. Әділ есімді жігіттер табиғатынан сақ, достыққа адал, тез сүйіп қалған-мен қыдырымпаздыққа жоқ болса, Мұхтарлар алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, іскерлік қасиеті мол, кез келген тығырықтан шыға алатын жандар болып келеді екен. Серік есімді жігіттер бақытты болып туса, Қуаныштар-өз беттерімен өмір сүруден қатты қорқатын, өмірдің бәрі мәңгілік қуаныш, күлкі, той болса екен деп тұратындар.
3.оқушы:Ал Мақпал есімді қыздардың бойындаартистік қасиет басым,энергиясы мол, толықтыққа бейім болып келетіні дәлелденген. Рас та шығар, бұл бағалау біз білетін әнші Мақпал Жүнісоваға біршама дәл келетін сияқты. Ал Гүлнәр есімді қыздардың құлағы сақ, қимылы ширақ. Гүлбанулар болса-пысық, жігерлі. Сондай-ақ адам есіміндегі әрбір әріптің өзіндік құпия мән-мағынасы бар. Оны төменнен оқуыңызға болады.
4 оқышы:Есімдегі әріптердің мән-мағынасы.А-Ә-күш, билік, салтанат; Б-биік сезімге бейімділік, тұрақтылық; В-тұрақсыздық, жүйеліліктің жоқтығы; Г-құпиялылық, болмашыға мән берушілік, тиянақтылық; Д-көпшілдік, ақжарқындық, кінәмшілдік; Е-өмір сүруге бей-імділік, сөзге құмарлық; Ж-өзіне деген сенімсіздік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік;
З-материалдық тұрғыдан қанағаттанбаушылық, жоғары сезімталдық; И-нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбітшіл; К-Қ-төзімділік, күйгелектік; Л-әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәр-сені ойлап табушылық; М-қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік; Н-шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, алғыр ой; О-ерекше сезімталдық, құпия толғаныс;
П-қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы түріне мән беру; Р-өзіне де-ген сенімділік, үнемі шиыршық ату; С-билікке құмартушылық, кінәмшілдік; Т-идеал іздеу-шілік, сезімтал шығармашылық тұлға; У-жараланғыш, үркектік, интуиция; Ф- жұмсақ-тық; Х-заңға бағынғыштық, сезімнің екіұдайлығы; Ш-қызғаншақтық, әзілқойлық; Ы-іспен көрінушілік;
Я-өз орнын бағалай білушілік, зиялылық, шығармашылық бейімділік.
Сондай-ақ есімдері түрлі әріптен басталатын ерлі-зайыптылар, бір әріптен басталатын жұбайларға қарағанда бақытты өмір сүреді делінеді.
1 оқышы: өз есіміңіздің қай планетамен, оның мінезіңіз бен тағдырыңызға
байланысты екендігі:
1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл.
2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.
3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист.
4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.
5. Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық.
6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш.
7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ.
8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады.
9. Марс: қайратты қызба, басынан сөз асырмайды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне
сенеді.
2 оқышы:Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соғанбайланысты болады»,-деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі. Ырымдап ат қою-қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою -бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. 3 оқышы:Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр. Негізінен, қазақ халқын-да балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар: 1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен. 4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен,Жүрсін, Тоқтар,Тұрсын,Тұрсынкүл т.б. 5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою.Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай. 6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай,Найзабек,Садақбай,Шоқпарбай т.б. 7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек,Махамбет,Сәбит,Сәкен,Сырым,Төлеби,Ыбырай. 8. Ерекше көзге түскенбелгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай,Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет. Иса, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша. 10.Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Шолпан,Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шынар т.б. 11.Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек. 12.Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мұрат, Мақсат. 13.Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай. Бота, Ботагөз,Қойшыбай, Сандуғаш т.б. 15.Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлту, Ұлжан,Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, т.б. 4 оқышы:Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп-Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп-Абай,батыр болсын деп-Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп- Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бұл да елбасымыздай дана, ақылды болсын деген ырым. Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті. ойлаймын. Өйткені әр адамға өзіне қатысты нәрселердің барлығы қуаныш әкелуі қажет . Сонда ғана алдыңа қойған мақсатыңа жету жеңіл болады. |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.