«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы 8 сынып
Аңдатпа
Осы курс 8-9 сынып оқушылары үшін құрастырылған. Ерекшелігі: оқу-танымдық
және тәрбиелік бағыты. Құрастырған кезде мен жұмысымдағы бақылауды басшылыққа
алдым: оқушылардың қазақ халқының өнері, тұрмысы мен салты жайында білімдері
аз. Сондықтан дәл осы тақырыптарға сағаттардың көбін бөлдім. Күтілетін нәтиже:
оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына
қызығушылығын арттыру.
Кілтті
сөздер: факультативтік курс, мақсат, міндеттер, оқу-танымдық, тәрбие.
Аннотация
Данный курс составлен для учащихся 8-9 классов. Особенностью курса является его учебно-познавательная и
воспитательная направленность. При его составлении я руководствовалась тем, что
наблюдала на практике: учащиеся имеют скудные знания относительно культуры,
быта и обычаев казахского народа. И поэтому основное количество часов отведено
именно этим темам. Ожидаемый результат: расширение кругозора учащихся,
повышение интереса к урокам казахского языка и литературы.
Ключевые слова: факультативный курс, цели, задачи,
учебно-познавательный, воспитание.
МАЗМҰНЫ:
- Түсінік хат
- Курстың мақсаты
- Курстың міндеттері
- Сабақты өткізу түрлері
- Оқыту әдістері
- Тақырыптық жоспар
- Пайдаланылған әдебиет
- Курстың электрондық сүйемелдеуі
ТҮСІНІК ХАТ
«Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні
маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкіртттерінің не біліп, не істейтіні одан да
маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осысымен бағаланады».
Цицерон
«Бәрін
білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсы 8-9 сынып оқушыларына
арналған. Осы курстың бағыты-оқу-танымдық, тақырыптар әр түрлі салаларды
қамтиды: салт-дәстүрлер, өнер, қазақ дастарқаны, т.б. Мысалы, «Тіл-ұлттың
игілігі» тақырыпты атап кетсек, «ҚР Тілдер туралы Заңы» бойынша мәліметтер
беріледі. Өкінішке орай, кейбір оқушылар осы заң нешінші жылы қабылданғанын
білмейді. Сондықтан мәтіндердің көбінде оқушылар білуге тиіс мәліметтер
кіргізілген.
Курстың
ерекшелігі алынған мәтіндердің оқу-танымдық және тәрбиелік бағытында. Әл-Фараби
былай деп айтқан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне
апат әкеледі».
Сонымен
қатар әдебиеттен де кино түрінде сабақтар кіргізілген. Жоғары сыныптарда
бағдарлама бойынша көлемді шығармаларды өтеміз. Сондықтан мұғалімнің жұмысын
жеңілдету мақсатында 4 фильмді енгіздім.
Кейбір
тақырыптарға «Артық болмас білгенің...» бөлімі беріледі.
Әр тақырыптан
кейін бекіту жаттығулар беріледі және оқушылардың білімдерін анықтау мақсатында
тоқсандық бақылау өткізіледі.
Жылдық сағат
саны-34, аптасына 1 сағат.
Курсты оқытудың мақсаты:
елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін
ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік,
дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін,
ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең
ойлайтын дара тұлғаны қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы мәтіндерінің
маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру,
шығармашылық қиялын дамыту.
Сабақ типтері:
- Жаңа білім беру сабағы
- Оқу киносы, бейнефильм, телебағдарлама пайдалануымен сабақ
- Практикалық сабақ
- БШД тексеру, бағалау және түзету сабағы
- Аралас сабақтар
- Қорытынды, білімді сынау сабақтары
Сабақ формалары:
- Сабақ-ойын
- Сабақ-сынақ
- Шығармашылық сабағы
- Сабақ-дәріс
Оқыту әдістері:
1.Сөз әдістері:
-дәріс
-әңгіме
-түсіндіру
-әңгімелесу
-кітаппен жұмыс
2. Көрнекілік әдістері
3. Бақылау әдістері
4. Зерттеу әдістері
5. Эвристикалық әдістер
р/б № |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Өткізу күні |
1-2 |
Тіл-ұлттың игілігі |
2 |
|
3 |
Ұлы адамдардың дана сөздері |
1 |
|
4 |
Дүние жүзіндегі қазақтар |
1 |
|
5-6 |
Шежіре-қастерлі қазынамыз.
Жеті ата. Мен жеті атамды білемін бе? |
2 |
|
7-8 |
Кино өнеріне саяхат. «Қыз
Жібек» фильмі |
2 |
|
9 |
Киелі сандар |
1 |
|
10-11 |
Балаға ат қою |
2 |
|
12 |
Туған-туысқандардың есімдері
нені білдіреді? |
1 |
|
13 |
Қонақ күту |
1 |
|
14-15 |
Қазақ дастарқаны |
2 |
|
16 |
Шай түрлері |
1 |
|
17 |
Ұлттық тағамдарды дайындауға
үйренейік |
1 |
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.