Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері 11 - сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері
Шығарма (жазба жұмысы) әдеттегіше төмендегідей бес түрлі талап
тұрғысынан бағаланады.
- Шығарманың
мазмұны, ой тереңдігі – 10 балл.
- Оқушының
әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 балл
- Шығарманың
жазылу стилі – 10 балл
- Емле –
10 балл
- Тыныс
белгілері, пунктуация – 10 балл
Жазбаша турдан (шығармадан) оқушы 50 баллға дейін жинай алады.
Екінші ауызша турда оқушы екі сұраққа жауап береді және сөйлем талдайды.
Бірінші және екінші сұрақтар 10 балдық
жүйемен бағаланады. Cөйлем талдауға – 10
балл беріледі. Бұл кезеңде оқушы барлығы – 30 бал жинай алады.
Ескерту: Оқушы екінші турдың сұрақтарына нақты жауаптар мен мысалдарын
жазып өткізуі керек. Теориялық ұғымдарды кім зерттегені, зерттеудің аты, оқулық
беті көрсетілсін.
Аудандық олимпиадада оқушы ең көп
дегенде 80 балл жинай алады. Олимпиаданың келесі турына оқушылар жинаған балына
қарай іріктеленіп алынады.
Қазақ тілі мен әдебиеті
( Қазақ мектептері үшін)
11- сынып
Шығарма тақырыптары:
- Қазақ әдебиетінің бәйтерегі
(М.Мағауиннің туғанына 70 жыл).
- Ж.Аймауытовтың өмір жолы, әдеби
мұрасы туралы толғаныс.
- Менің сүйікті кейіпкерім.
- «Қазақ елі, бір ауыз сөзім
саған...» (М.Жұмабаевтың шығармашылығы).
- Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы
Ана бейнесі.
- Мен сүйген мамандық.
(Шығармаға – 50 ұпай)
1- билет
1.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ зиялыларының көсемі.Өлең құрылысы.
2.Шылау, оның түрлері. Қызметі.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау
жаса.
Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған қазақ
ұлтының жас егеменді мемлекеті, Қазақстанның бүкіл халқы мен экономикасы жаңаша
жағдайда тұр.
2- билет
2.Етіс, оның жасалу жолдары.
3.
Сөздердің байланысу түрлеріне талдау жасаңыз.
Таңертеңнен бері күнге қақталып әбден қаталаған Нартай бетіне май түскен
сап – сары, салқын қымызды демалмастан басына бір – ақ көтерді.
3- билет
1.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының көркемдік ерекшеліктері.
2.Жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілері.
3.Сын есімді сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Аяқ
астында қобырап жатқан сары, саржағал, көк ала жапырақтар саудырламайды, бойын
дым алған.
4- билет
1. «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұны.
2.Терминдер,кәсіби сөздер. Ұқсас жақтары мен айырмашылықтары
3.Морфологиялық талдау жаса.
Әйтеке
би – Тұран мемлекетінің негізін қалаған Әмір – Темірдің жеті
кеңесшісінің бірі.
5- билет
1.Ыбырай ізімен (С.Көбеевтің шығармашылығы).
2.Сабақты етістік пен салт етістік.
3.Сөзге лексикалық талдау жаса.
Жазықтылар айыбын тартады.
6- билет
1.Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі..
2.Тіл білімі және оның салалары.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Әңгімені
басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
7-билет
1.С.Сейфуллин – лирик ақын.
2. Шешендік сөзге қойылатын талаптар.
3.Сөз тіркесіне талдау жаса.
Қазақ жақсысы орыс етегінен
жем жегенді зор өнер көрді.
8-билет
1.Ж. Аймауытовтың өмір
өткелдері.Теңеу, эпитет, құбылту.
2.Қыстырма сөз және оның тыныс
белгісі.
3.Морфологиялық талдау жаса.
Тал бесігім қорғаныш болып маған,
Жатсам керек, сірә да, қорықпағам. (М.Мақатаев)
9-билет
1. Қ.Аманжоловтың майдан
жырларының тақырыптары мен көркемдік сипаты.
2. Фонетика қандай сала?
3. Сөзжасам бойынша талдау жаса
...Таяу жаңа мыңжылдықтың алдында және бір қыс түсті.
10-билет
1.Махамбет поэзиясының
ерекшеліктері.Ассонанс,
аллитерация.
2.Үстеу оның түрлері
3. Сөйлемге синтаксистік
талдау жаса
Біздің қонысымыз мына тұста болатын
да ,ал әлгі аталас ағайындарымыз сәл берірек
жайлайтын.(Ж.Аймауытов)
11-билет
1.Тарихи жырлар, шешендік
сөздер
2. Етістіктің ерекшеліктері..
3.Мына сөйлемге толық
синтаксистік талдау жаса
Құлазыған баланы жұбаныш, қуаныш
еткісі келе ме, әлде жоқ іздеген көңілдің көп
далбасасының бірі ме, әйтеуір, бұл сұрақ Шәкенге ауыр тиді.(Ғ.Мұстафин)
12-билет.
1. І. Есенберлиннің
шығармашылық жолы.Тарихи роман туралы ұғым.
2. Сан есім, оның түрлері.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау
жаса.
Ең ұлы қазына – жақсы кітапхана
(В.Белинский)
13-билет
1. «Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң
тілімен.
Жылағанда жүрегім – күн
тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн
түрілген».
Авторы кім?
Шығармашылығы.
2. Ықпал, оның түрлері..
3.Морфологиялық талдау жса.
Дуылдаған той басталып, кешегідей талай тостар айтылып, тамақ ішіліп, енді ойын- сауық пен биге кезек келгенде, тәтті ұйқы қысып
манаурай бастады. (С.Мұратбеков)
14-билет
1. С.Мәуленов өлеңдеріне
сипаттама.
2.Сатылы көп бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлем.
3. Сөйлемге синтаксистік
талдау жаса.
Қонақ жігіттерге Мақыш мал алғызып,
сол үйдің қойшы жігітіне сойғызып,
өзі жігіттермен әрбір жайды
әңгімелесіп отырды.(М.Ә.)
15-билет.
1.Көп қырлы талант иесі –
М.Мақатаев.Тарихи поэма дегеніміз не?
2. Пунктуация.
3.Сөз тіркесіне талдау жаса.
Өте бір түтеген боран соғып кетпесе, жылқы баласы қандай ызғарлы суықта да
желге қарсы қарап қар тебеді.(С.Мұқанов)
(Билеттің әр сұрағы 10 ұпай,
сонда барлығы 30 ұпай)
Барлығы 80 ұпай
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.