Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері 9 - сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері
Шығарма (жазба жұмысы) әдеттегіше төмендегідей бес түрлі талап
тұрғысынан бағаланады.
- Шығарманың
мазмұны, ой тереңдігі – 10 балл.
- Оқушының
әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 балл
- Шығарманың
жазылу стилі – 10 балл
- Емле –
10 балл
- Тыныс
белгілері, пунктуация – 10 балл
Жазбаша турдан (шығармадан) оқушы 50 баллға дейін жинай алады.
Екінші ауызша турда оқушы екі сұраққа жауап береді және сөйлем талдайды.
Бірінші және екінші сұрақтар 10 балдық
жүйемен бағаланады. Ал сөйлем талдауға – 10 балл беріледі. Бұл кезеңде оқушы
барлығы – 30 бал жинай алады.
Ескерту: Оқушы екінші турдың сұрақтарына нақты жауаптар мен мысалдарын
жазып өткізуі керек. Теориялық ұғымдарды кім зерттегені, зерттеудің аты, оқулық
беті көрсетілсін.
Аудандық олимпиадада оқушы ең көп
дегенде 80 балл жинай алады. Олимпиаданың келесі турына оқушылар жинаған балына
қарай іріктеленіп алынады.
Қазақ тілі мен әдебиеті
( Қазақ мектептері үшін)
9 - сынып
Шығарма тақырыптары:
1. «Падишадан кем емес ер Төлеген келбеті» ( «Қыз Жібек» жырындағы Төлеген
бейнесі).
2. «Төле би, ер Қазыбек, тілді
Әйтеке,
Асқар тау – Қазығұрттай білімді
еді...» (шешендік өнер туралы).
3. Туған тілім - тірлігімнің айғағы.....
1. Бұқар жыраудың өмір, замана жайлы толғаулары.
2.Адамзат тудырған алып тұлға (Абайдың туғанына 165 жыл толуына).
3. Ел ордасы – Астана..
(Шығарма 50 ұпайға бағаланады)
1-билет
1.Ауыз әдебиетінің түрлері.
2.Септеулік шылаулар.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау
жаса.
Қара көк тұңғиық аспан күнбатысқа
тақаған жерінде қызыл торғындай толқынданып, кейбір жерінде қызулы өрттің
жалынындай жайнайды.
2- билет
1.«Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» жырының көркемдік ерекшеліктері.
2.Толымды және толымсыз сөйлем.
3. Морфологиялық талдау жаса.
Күз жаңбыр көп болғандықтан, жер
қатты көктеп, салқын ауада көкке мамырлап тойған
мал біреу қасына келіп құрықпен жасқамаса, орнынан қозғалмайды.
3- билет
1.Махамбет өлеңдерінің
құрылымы мен ерекшеліктері.Нақты мысалдар арқылы талдап көрсет. Философиялық
лирика туралы.
2. Осы шақтың жасалу жолдары,
түрлері.
3.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Қабырғаның бойына келген соң,
Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп,
егін егуге кірісті.
(«Қыпшақ
Сейітқұл» әңгімесінен )
4- билет
1. Шешендік сөздердің жанрлық
ерекшелігі.
2.Сөздердің байланысу түрлері.
3. Морфологиялық талдау жаса.
Дүрия даланы дүркіретіп, қара –
құрым боп жайылып жатқан қалың
жылқыны көргенде Ақназардың жүрегі
өрекпіп, тайша тулады.
5- билет
1.Жыраулар поэзиясының проблематикалық
негіздері және көтерген мәселелері.Терме ұғымы туралы.
2.Тұрлаусыз мүшелер..
3.Синтаксистік талдау жаса.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды. (Абай).
6-билет
1. Сұлтанмахмұттың өмірі мен ақындық жолы. Сыншыл реализм.
2. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі.
3.Фонетикалық талдау жаса.
Бала қоңырқай сопақша күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті.
(Х.Есенжанов)
7-билет
1. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі әнші бейнесі. Теңеу.
2. Келер шақ, оның түрлері..
3. Сөз тіркесіне талдау жаса
Әңгімені
басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіре көрейін.
8-билет.
1.І. Есенберлиннің өмір жолы, шығармашылық жолы. Поэма туралы ұғым.
2.Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері.
3. Морфологиялық талдау жаса
Жалтыр мұзда
ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап
келе жатқан тәрізді. (Ә.С.)
9-билет
1.Мұқағалидың қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
2.Аралас құрмалас сөйлем. Тыныс белгілері.
3. Синтаксистік талдау жаса
Жастар білім жағынан артық бола тұра,
тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен. (С.М.)
10-билет
1. Мағжан поэзиясының сыршылдығы, суреттілігі. Пейзаж.
2.Көсемшенің сөйлемдегі орны.
3. Лексикалық талдау жаса.
Жемтігін көрген қаршығадай лыпылдап отырған
отырған Бәкібай әлгіден көз алар
емес.
(Билеттің әр сұрағы 10
ұпай, сонда барлығы 30 ұпай)
Барлығы 80 ұпай
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.