Бастауышым – балбұлағым.
24.08.2016
1940
551
Елжасова Балдырган Аргыновна
Бастауышым – балбұлағым.
Сабақтың мақсаттары:Білімнің сары жолы мектептен басталатын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Ұстаздарын құрметтеп, бағалай білуге тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, гүлдер, жазылған сөздер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата – аналар,ұстаздар,оқушылар!
Сіздер 4- сынып оқушылары дайындаған бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдары нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп –кішкентай бүлдіршіндер еді.
Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр. «Бастауышым-балбұлағым» деп ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.
1 – бастаушы:
Ағайын, жұрт ардақты армысыңдар,
Бәріңізде есен – сау болыңыздар.
Көрермен куа болып бастауышқа,
Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.
2 – бастаушы:
Мектеп,мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Хормен:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
3 – оқушы:
Аяулы менің мектебім,
Өзіңде өткен көктемім.
Өзіңнен алар әлі де,
Арманым асқақ көп менің.
4 – оқушы:
Алғашқы басқан өткелім,
Білімді сарқып төккенің.
Сусындап сенен нәр алсам,
Аяулы менің мектебім.
Ән: «Бөбектерім»
5 – оқушы:
Қош міне келдіңіз, сабақтастар,
Шығатын шың, қол бұлғайды биік асқар.
4 жыл оқып, өрелі білім алдық,
Кез келді, міне, ілгері қадам тастар.
6 – оқушы:
Қимай тұрмын, білім алған мектебім,
Өзіңде өткен жастық шағым, көктемім.
Үмітпенен әкеп еді анамыз,
Азамат боп тұрмыз міне көп – көрім.
7 – оқушы:
Тұрмыз міне, бастауышпен қоштасып,
Жетіліп ек бәріміз қол ұстасып.
Іс ілгері толығып, біліміміз,
Теріс басып жүрмейікші шоқ басып.
8 – оқушы:
Ұрпағымыз қазақтың,
Бермейміз елдің намысын.
Күткен үміт біздерден,
Баба аруағы қолдасын!
Хормен:
Ана сүтін ақтаймыз,
Қиындықтан қашпаймыз.
Жақсы оқып әрқашан,
Білімді бірге шыңдаймыз!
Ән: «Анашым»
9 – оқушы:
Ақылдың кені маздаған,
Барлығын бағып барлаған.
Шәкіртін ойлар күні – түні,
Ұстаздай, сірә бар ма адам?!
10 – оқушы:
Жаралған ғажайып адамдық,
Мейірін балаға төгетін.
Ұстаздық – киелі мамандық,
Біліммен тәрбие беретін.
Бастаушы:
«Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.
Ән: «Мұғалім ол біздің»
11 – оқушы:
Әр баланың жүрегіне гүл еккен,
Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.
Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз – ау,
Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.
12 – оқушы:
Біліміңді бағалар,
Аяулы ұстаз даналар.
Сіздерге бізден мың алғыс,
Келешек бізбен жаңалар.
13 – оқушы:
Мың алғыс бәріңізге үлес қосқан,
Қараңғыда оқушы көзін ашқан,
Тілеуі кемедегі бір дегендей,
Баршаңызға берсін дейміз, ашық аспан.
Бәрі:
Зор үміт күткен біздерден,
Келешек ұлан ұрпақпыз.
Ұстаздан алған біліммен,
Шыңдарға биік шықпақпыз.
Ән: «Біз бақытты балдырған»
14 – оқушы:
Мына біздей бірге жүрген құрдастар,
Алдыменен әуелетіп жыр тастар.
Оқулықтар қатарына сөз бердің,
Білімдерін шертіп өтсін сырластар.
Ана тілі:
Ағайын, құлақ сал, мен – Ана тілімін,
Шәкірттің «А» деген алғашқы үнімін.
Ал, енді қоштасам, балдырған өзіңмен,
Шыңдалсын, ал енді әдебиеттен білімің.
Әдебиет:
Білімді шәкірттерге сенген едім,
Толықсып әуеніңе тербелемін.
Келешекте сен менен дәріс ал деп,
Араңа «Әдебиет» боп мен келемін.
15 – оқушы:
Мынау өмір арнасымен ағады,
Білімді жан әркез жолын табады.
Сіздерменен бастауыштар қоштасып,
Көгершіндей самғап қанат қағады.
Ән: «Атамекен»
Бастаушы:
Ақыл айтса салмақты,
Ашуы да бар қатты.
Алайда ол басқадан,
Абыройлы ардақты –
Сенің сынып жетекшің.
«Вальс»
1 – бастаушы:
Міне, сендер бастауыш буынды аяқтап, орта буынға қадам басқалы тұрсыңдар. Алдарыңда көптеген белестер күтіп тұр.
2 – бастаушы:
Әрқашан татулықтың, бірліктің, бейбітшіліктің, көтеріңкі көніл күйдің, балғын балалық шақтың белгісі болған түрлі – түсті шарларға арманымызды жалғап, көк әлемге ұшырайық.
Хор: «Армандастар»
Ата – аналарға сөз беріледі.
Сабақтың мақсаттары:Білімнің сары жолы мектептен басталатын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Ұстаздарын құрметтеп, бағалай білуге тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, гүлдер, жазылған сөздер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата – аналар,ұстаздар,оқушылар!
Сіздер 4- сынып оқушылары дайындаған бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдары нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп –кішкентай бүлдіршіндер еді.
Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр. «Бастауышым-балбұлағым» деп ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.
1 – бастаушы:
Ағайын, жұрт ардақты армысыңдар,
Бәріңізде есен – сау болыңыздар.
Көрермен куа болып бастауышқа,
Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.
2 – бастаушы:
Мектеп,мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Хормен:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
3 – оқушы:
Аяулы менің мектебім,
Өзіңде өткен көктемім.
Өзіңнен алар әлі де,
Арманым асқақ көп менің.
4 – оқушы:
Алғашқы басқан өткелім,
Білімді сарқып төккенің.
Сусындап сенен нәр алсам,
Аяулы менің мектебім.
Ән: «Бөбектерім»
5 – оқушы:
Қош міне келдіңіз, сабақтастар,
Шығатын шың, қол бұлғайды биік асқар.
4 жыл оқып, өрелі білім алдық,
Кез келді, міне, ілгері қадам тастар.
6 – оқушы:
Қимай тұрмын, білім алған мектебім,
Өзіңде өткен жастық шағым, көктемім.
Үмітпенен әкеп еді анамыз,
Азамат боп тұрмыз міне көп – көрім.
7 – оқушы:
Тұрмыз міне, бастауышпен қоштасып,
Жетіліп ек бәріміз қол ұстасып.
Іс ілгері толығып, біліміміз,
Теріс басып жүрмейікші шоқ басып.
8 – оқушы:
Ұрпағымыз қазақтың,
Бермейміз елдің намысын.
Күткен үміт біздерден,
Баба аруағы қолдасын!
Хормен:
Ана сүтін ақтаймыз,
Қиындықтан қашпаймыз.
Жақсы оқып әрқашан,
Білімді бірге шыңдаймыз!
Ән: «Анашым»
9 – оқушы:
Ақылдың кені маздаған,
Барлығын бағып барлаған.
Шәкіртін ойлар күні – түні,
Ұстаздай, сірә бар ма адам?!
10 – оқушы:
Жаралған ғажайып адамдық,
Мейірін балаға төгетін.
Ұстаздық – киелі мамандық,
Біліммен тәрбие беретін.
Бастаушы:
«Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.
Ән: «Мұғалім ол біздің»
11 – оқушы:
Әр баланың жүрегіне гүл еккен,
Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.
Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз – ау,
Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.
12 – оқушы:
Біліміңді бағалар,
Аяулы ұстаз даналар.
Сіздерге бізден мың алғыс,
Келешек бізбен жаңалар.
13 – оқушы:
Мың алғыс бәріңізге үлес қосқан,
Қараңғыда оқушы көзін ашқан,
Тілеуі кемедегі бір дегендей,
Баршаңызға берсін дейміз, ашық аспан.
Бәрі:
Зор үміт күткен біздерден,
Келешек ұлан ұрпақпыз.
Ұстаздан алған біліммен,
Шыңдарға биік шықпақпыз.
Ән: «Біз бақытты балдырған»
14 – оқушы:
Мына біздей бірге жүрген құрдастар,
Алдыменен әуелетіп жыр тастар.
Оқулықтар қатарына сөз бердің,
Білімдерін шертіп өтсін сырластар.
Ана тілі:
Ағайын, құлақ сал, мен – Ана тілімін,
Шәкірттің «А» деген алғашқы үнімін.
Ал, енді қоштасам, балдырған өзіңмен,
Шыңдалсын, ал енді әдебиеттен білімің.
Әдебиет:
Білімді шәкірттерге сенген едім,
Толықсып әуеніңе тербелемін.
Келешекте сен менен дәріс ал деп,
Араңа «Әдебиет» боп мен келемін.
15 – оқушы:
Мынау өмір арнасымен ағады,
Білімді жан әркез жолын табады.
Сіздерменен бастауыштар қоштасып,
Көгершіндей самғап қанат қағады.
Ән: «Атамекен»
Бастаушы:
Ақыл айтса салмақты,
Ашуы да бар қатты.
Алайда ол басқадан,
Абыройлы ардақты –
Сенің сынып жетекшің.
«Вальс»
1 – бастаушы:
Міне, сендер бастауыш буынды аяқтап, орта буынға қадам басқалы тұрсыңдар. Алдарыңда көптеген белестер күтіп тұр.
2 – бастаушы:
Әрқашан татулықтың, бірліктің, бейбітшіліктің, көтеріңкі көніл күйдің, балғын балалық шақтың белгісі болған түрлі – түсті шарларға арманымызды жалғап, көк әлемге ұшырайық.
Хор: «Армандастар»
Ата – аналарға сөз беріледі.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.