Тәрбие сағаты 2 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отан қорғаушылар туралы,олардың еңбектері туралы кеңнен түсіндіру.
Сабақтың түрі: Плакаттар,шарлар,суреттер.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ардақты ұстаздар,ағалар,қымбатты
сыныптастар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр
құйып,7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті.Осынау айтулы мерекенің
қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,абзал ағаларымызға деген ыстық сезім,алғыс
пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің мәні көңілдің жыры,әр отбасының
алтын қазығы.Ендеше бүгінгі мерекелік
концертіміз өздеріңе арналады.
2-жүргізуші:
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Құрметті ағалар,ұстаздар және сыныптастар!Сіздерді
7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Қайратты
мақсатты болыңыздар.Еңбекте табыс тілейміз.
1-жүргізуші:
Мектеп –кеме,ес білімің ескегің
Әнге толсын,күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас.
Қол соғады барша
көрермендерің-деп әкелердің құрметіне
Жангазиева Айдананың орындауында
«Жан әке» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Бүгінгі мерекеге байланысты оқушылардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Мың бұралып билеген
Бишіні кім сүймеген
Күміс көмей бишілерге
Кімдер басын имеген-дей отырып
келесі кезекті 3-сыныптың ұл қыздарының орындауында «Моряк биі» қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ел-халқына шат шадыман күлкі мен тыныш өмір
сыйлауда әскеріміздің атқарып жатұан қызметтері ұшан –теңіз.Армиямыздың айбынын
асқақтататын сардарлар мен сарбаздарызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
2-жүргізуші: Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды
қорғап,қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашан мақтан тұтамыз.Еліміздің
өркендеуі жолында атқарып жатқан ағаларымыз қаншама.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ-нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп-ағаларымыздың құрметтеріне Наурызбаева Жаңылсынның орындауында «Жан аға» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ер
азаматтардың орны қашанда бөлек.Олардың күш-жігеріне ақыл-парасатына бүкіл әлем
бағынған,бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны,елдің тұтқасы» деп
ерекше ардақтаған.Ал ақын Мұхтар Шахановтың:
«Жердің аман тұрғандығы
Сол намысқой ағалардың арқасы»
2-жүргізуші: Немесе
Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе семірмейтін.
Ер мінезін қадірлейтін
Ағалардың даңқы артсын!-деп жырға қосқан. Ән «Ұландар»
Амангелді Жұмаштың орындауында қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Арыстан келбетті,жолбарыс жүректі,қырандай
қырағы,намысқой,ер мінезді ағаларымызға жігерлеріңіз мұқалмасын,асқақ шыңдарды
бағындырып,қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!-деп сіздердің құрметтеріңізге
«Сарбаздар» биін қол соғып қарсы алайық.
2-жүргізуші: Қымбатты біздің ұстаздар! Ғылым иесі
ғалым,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан
жұмысшы да,егін салған диқан да,бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған,сондықтан
ұлағатты ұстаздар сіздерге құрметпен бас
иеміз.
1-жүргізуші:Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы-деп Симбаев Ақылбектің орындауында «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Баршаңызды келе жатқан 9-мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған
берік,бірлік нәтижесінде келді.Ер жігіттің құл болмай,ару қыздың күң атанбай,халықтың бірлікте өмір сүруі нақ
солардың арқасында!
Ендеше аспанымыз
ашық,еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын деген тілекпен би «Радуга» қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Бұл мереке әр кезде де батылдық пен
ерліктің,қаһармандық пен елдіктің нышаны.Отанға деген сүйіспеншілік пен
адалдықтың өлшемі,ал құрметті ағалар,сыныптастар! Егемен еліміздің
тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Ән
«Жаса Қазақстан» Симбаев Ақылбектің
орындауында қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрындай шапағаты
Орта да биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғып қарсы алайық-дей отырып
«Назлы гүлім» Мұратқызы Мөлдірдің орындауында қошаметпен қарсы алайық.
1-жүргізуші: Мамырдың мамыржай күндеріңмен,майда желімен
келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге хор
«Көк тудың желбірегені» қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар ағалар сыныптастар.Бүгінгі
мерекелерің құтты болсын.Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын,бітер дәулеттің көл
көсірлігін,келер ырыстың ысырап болмауын,жүрек гүлінің мәңгі
солмауын,шаңырақтарыңа шаттық орнауын,Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
2-жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен кешіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!
Кайбуллаева Таниза Сайлауовна №11 орта мектебі мұнайлы
ауданы маңғыстау селосы бастауыш сынып мұғалімі 2 санат
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.