Интеллектуальная игра "Тапқыр болсан ,тауып көр" 3 класс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, білімділікке, тапқырлыққа баулу.Ой -өрісін ,ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың
барысы: І.Ұйымдастыру
Кіріспе сөз : Құрметті ұстаздар, оқушылар
! Бүгін сыныпта «Тапқыр болсаң тауып көр» атты сайысымыз болады. Сайысқа
қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
І кезең «Көкпар» бұл
ойынның шарты 10 сұрақ беріледі,сол сұрақтарға қол көтеріп тез жауап беру керек
. Дұрыс жауап берген топқа 1 ұпайдан беріледі.
1.Тұңғыш «әліппе» оқулығын
жазған кім?(Ахмет Байтұрсынұлы)
2.Алып бала кім туралы әңгімеленген ? (Қажымұқан)
3.Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?(Ыбырай
Алтынсарин)
4.»Ғылым таппай мақтанба»-кімнің өлені?(Абай
Құнанбаев)
5.Қазақ ханы кім? ( Абылай хан )
6.Атақты қазақ күйшісі кім? ( Құрманғазы )
7.Алфавитте қанша дыбыс қанша әріп бар? ( 40 дыбыс,42 әріп )
8.Мәтіннің қандай түрлері болады? ( Әңгімелеу(не істеді?)Сипаттау(қандай?)Пайымдау?(неліктен) )
9.Абай Құнанбаеватың шын аты кім? (Ибраһим )
10.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң,ұяң,үнді)
II кезең.Тіл-өнер сайысы.
Бұл ойында мақалдардың жалғасын табу керек.Егерде дұрыс жауап бере алмаса
ұпай саны есептелмейді.Бұл ойында да 10 мақал беріледі.
1.Адалдан зиян жоқ,арамда .......жоқ (иман)
2.Ата-баланың …… (қорғаны)
3.Көппен көрген-…… (ұлы той)
4.Дос сыртыңнан мақтар,дұшпан ......мақтар (көзіне)
5.Досы жоқ адам,.....жоқ тағам (тұзы)
6.Жақсы адам-елдің ырысы,жақсы ....-жанның тынысы (жер)
7.Шешен сөз бастар,батыр....бастар (қол)
8.Ақыл-тозбайтын тон,.....-таусылмайтын кен (білім)
9.Білекті бірді жығады …… (білімді мыңды жығады)
10.Өнер алды …… (қызыл тіл)
III кезең.Жұмбақтың шешуін табу.
Бұл ойынның шарты жұмбақтың шешуін тауып екі тілде жауап береді.Қазақша
және орыс тілінде.Екі тілде жауап берсе 1ұпай береміз.Қазақша жауап беріп
орысша жауап бере алмаса ұпай саны есептелмейді.
1.Ортасында шегесі ,
Жіп-жіңішке денесі ( қалам ,ручка)
2.Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Көшіріп жазып аламын. (тақта,доска)
3.Үш қазық,екі желі,тоғыз ноқта ,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл ,сөзге жүйрік болғанмен,
Не пайда үндемейді адам жоқта .(домбыра ,домбра)
4.Іште елу батыр,
Сыртқа шықса өліп жатыр. (шырпы ,спичка)
5.Тұмсығымен қозғалар
Соңында аппақ із қалар. (бор,мель)
6.Ұзын,ұзын,ұзын жол
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қала су,
Түбіне жеткен бар ма екен? (білім ,знание)
7.Іші –жұмсақ,сырты-қытты,
Еті-қызыл, сүті-тәтті. (қарбыз,арбуз)
8.Сөзі-дана,үні жоқ.
Сөйлемейді .тілі жоқ.
Қолына алсаң,шешен
Ақылы асқан көсем. (кітап, книга)
9.Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар .)қырыққабат, капуста)
10.Есек құлақты,
Мысық аяқты
Түйе ерінді
Ешкі құлақты (қоян, заяц)
ІҮ кезең «Полиглот»
Бұл ойынның шарты 7сұрақ беріледі қойылған сұраққа тез-тез жауап беруі
керек. Бұл ойында әртүрлі сұрақтар қойылады.
1.Бір өркешті түйе қалай аталады? (нар)
2.Жұмыртқа баспайтын құс ( көкек)
3.Ең үлкн уш таңбалы сан (999)
4.Бір сағатта қанша минут бар? (60мин)
5.Бір жылда неше ай бар (12)
6. Бір ғасырда неше жыл бар ? (100 жыл)
7.Қандай кенді қара алтын дейміз? (көмір)
VI кезең «Жорға»
Бұл ойында әр топтан бір оқушыны ортамыздан
шығарып.Енді екі оқушыға а және в вариантын таңдатамыз. 10
сұрақ беріледі.
А-варианты.
1.Құстар қалай көбейеді? (жұмыртқа салу арқылы)
2.Жеміс неден пайда болады? (гүлден)
3.Абай қай қалада дүниеге келген? (Семей)
4.Тоқтар Әубәкіров кім? (қазақ ғарышкері)
5.Сәрсенбіден кейін қандай күн? (Бейсенбі)
6.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
7.Қазақ үш биін ата? (Әйтеке
би,Қазыбе би,Төле би)
8.Қазақстан рәміздерін ата? (ту,елтаңба,әнұран)
9. Зат есімнің сұрақтары? (Кім?не?)
10.Екі қыз екі мағат теннис ойнаса әр қайсысы неше сағат
тенис ойнайды? (2 сағат)
В-варианты.
1.Абай атамыздың әкесінің аты кім? (Құанбай)
2.Қазақстан Республикасының ел ордасы. (Астана)
3.Мұхтар Әуезовтың қандай әңгімесін білесің? (Көксерек)
4.Менің атым Қожа кім жазды. (Бердібек Соқпақпаев)
5.Адамдар құстарға қарап нені ойлап тапты?(Тікұшақ)
6.Бауыржан Момышұлы кім?(Халық қаһарманы)
7.Сан есімнің сұрақтары? (қанаша? Неше? т.б.)
8.17+х=47 бұл не?(теңдеу)
9.Қазақтың аспаптарын ата? (домбыра,қабыз т.б. )
10.Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
Қорытынды.Бүгінгі «Тапқыр болсаң,тауып көр» атты сайысымыз аяқталды.Ендігі сөз қазылар алқасына береміз
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.