Мектепалды даярлық тобы. Тақырыбы: «Алтын күз» ертеңгілік
Мақсаты:
1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру.
2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:«Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер.
Жүргізуші:
- Саламатсыздар
ма құрметті шақырулы қонақтар, ата-аналар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» атты
ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз! Ертеңгілігімізді бастамас бұрын
халқымыз неліктен күзді «Алтын күз» дейді.Соған тоқтала кетейік.
Марлен
- Күз маусымының
алғашқы айы-қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа
толады.
Ерасыл
-Күз маусымының екінші айы-қазан. Бұл ай-жиын –таеін
аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін
қуаныштайтын мереке айы.
Әділет
- Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе
дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай
сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.
Жүргізуші
Балалар
жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз?
Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық!
Күз
Мен күзбін. Өте
еркемін. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағымды түйе қаламын.
Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп
жіберемін.
Әйтсе де, менің жомарттығым мен ақ көңілділігімді бәрі де
ұнатады.
Жүргізуші
Балалар күз
мезгілі сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?
Ендеше күзге арнаған өлең, тақпақтарымызды айталық.
Айнара:
Күз де келді, күз келді
Құстар мекен іздеді.
Күз де келді, күз келді
Қондырмайды түзге елді.
Күз де келді, күз келді.
Керек оқу бізге енді.
Нурдаулет
Қыркүйек келіп, күз келіп
Шопан көшті күздеуге
Мектепке бет түзедік
Гүл құшақтап біздер де.
Сара
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ,
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Саят
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын тау.
Гүлназ
Астық жеміс жиылды
Алдық өнім сыйыңды
Ардақты куз, мың алғыс
Қамбамызға құйылды
Мансұр
Алтын, сары,
қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Айкөркем
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
Дильназ
Күздің сыйын
алайық
Қызығына қарайық
Күзге арнап бәріміз
Әнімізді салайық.
Ән: Жау-жау жаңбыр.
Ойын: Алма теру
Көкөністер
мен жемістер айтысы.
Ж-ші:
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер мен жемістер жиыла қалып дауласты.
Көкөністер
мен жеістер.
Жиналып
қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ
Кішкене
түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Қырыққабат
Мақтанғаннан не
пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Сәбіз
Кім бар сәбіз
шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қияр
Дәмім тілді
үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген?
Шалқан
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауыпкөр менен дарханды.
Өрік
Өрікпін мен,
өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін.
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Пияз
Боламын мен
дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Шие
Шиемін мен, шиемін
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Картоп
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар!
Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер мен жемістер:
Жиналып
қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Ж-ші: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер!
Би: «Күзгі жапырақтар».
Ж-ші: Балалар күз ханшайымы сендерге жұмбақтар әкелген екен,
шешуін тауып көремізбе?
Жұмбақтар:
1.Іші-жұмсақ,сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті.
(Қарбыз)
2.Дөп- дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.
(Алма)
3.Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көп киім
Жаңбыр жауса өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(Қырыққабат)
Күз:Рахмет балалар,
Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Бір айға нәр бір демім
Өздеріңмен біргемін.
Ж-ші: Балалар күз ханшайымын шығарып салайық
Би:« Көбелектер».
Ән: «Әрқашаш күн сөнбесін».
Ж-ші:Осымен Алтын күз мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп
рахмет!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.