Психология. Тақырыбы: «Құм қаласына саяхат»
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту.
Қажетті құралдар: Құм қаласын жасауға
арналған қорап, әр түрлі ойыншықтар,
түрлі-түсті құмдар, қол сүрткіш, бетті жабуға орамал, қылқалам, ПВА желімі.
Әдістер: Жылулық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру,
ойын, мадақтау, түрлі-түсті құммен сурет
салу.
Іс-әрекет кезеңі |
Психологтың
іс-әрекеті |
Балалардың
іс-әрекеті |
Мотивациялық
қозғалыс |
Жайлап музыка ойнап тұрады. Балалар топқа кіреді.
Артынан сиқыршы кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сиқыршымын. Сендерді
көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сендермен бірге бір алыс сыйқырлы бір қалаға
саяхатқа барғым келеді. Бармастан бұрын шеңберге тұрып, бір-бірімізге деген
күннің жылы шуағындай жылы лебізімізді білдірейік. Рахмет, сендерге балалар. |
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне деген жылы
лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Балалар , сендер менімен бірге сыйқырлы қалаға баратын
болдыңдар ма? Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Оған тек ұшып қана бара
аламыз. Олай болса кілемшеге отырып, көзімізді сыйқырлы орамалмен жауып, 3-ке
дейін санап, терең дем алып, дем шығарамыз. Енді орамалымызды түсіреміз.
Міне, бәріміз құм қаласындамыз. Қанеки бәріміз бірге жақындап тұрайық.
Балалар сендер құм қаласынан не көріп тұрсыңдар? Бұл жерден құм басқан жалғыз
үйді ғана көріп тұрмыз иә? Қазір сендер ең ақылды, ізденімпаз бала
боласыңдар. Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: құмды ыдыстан
шашуға, адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге
болмайды. Құммен ойнап болған соң
қолды жақсылып ылғалды қол сүрткішпен сүртіп немесе қолды жуу қажет.
Осы ережелерді орындаймыз ба? 1.
Балалар құмды
алақандарыңмен ұстаңдаршы. Қатты ма? Жұмсақ па? 2.
Құрғақ құм ба,
сулы құм ба? 3.
Балалар
қолдарыңмен құмды уыстап алыңдар да, ақырындап тырс-тырс деп жаңбырша
жаудырыңдаршы. Балалар сендер білесіңдер ме, бұл қалада құм аспаннан
осылай жаңбырша жауып, қала құмның астында қалған. Олай болса балалар құмның астында қалған жолдарды, ағаштарды,
аң-құстарды т.б. іздеп тауып, қайтадан «Құм қаласын» жасайық. Жасап болып жатқанда топқа қолында бір табақ құмы бар
ата келеді. Ата: Уа балаларым амансыңдар ма? -
Сәлеметсіз бе,
ата? Ата: Мен алыс жолды шарлап, өздеріңдей ақылды,
ізденімпаз балаларды таппай шаршап келемін. -
Қанеки ата біздің
кілемшемізге отырып дем алыңыз. Балаларымыз да сізбен бірге отырсын. Ата: Балалар мен осы құм қаласының тұрғынымын. Елім мен
жерім құмның астында қалғаннан кейін, туған жерімді, үйімді қимай, жерімнің
топырағынан өзіме салып алып, өздеріңдей балаларды маған көмектессе екен деп
іздеп шығып едім. Рахмет, сендерге балалар! Менің туған жерімді, үйімді
қайта жасап қалпына келтіргендеріңе. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап,
гүлдендіретін сендерсіңдер. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер. Менің сендерге
беретін сыйлығым жоқ болып тұр. Бар сыйлығым мынау табақтағы құмым ғана. Соны
сендерге ұсынайын. Рахмет, ата сізге. Балалар олай болса, атамыздың табақтағы құмын пайдаға
асыра отырып, мен сендермен «Құмда не тығылған?» ойынын ойнап жіберейін. Ойынның шарты: Табақта толтырылып салынған құм, ішінде
геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып, қолын
құмға салып, құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сипап қандай дене
екенін айтады. Және көзін ашып қандай түс екенін айтады. Балалар сендерге атамыздың сыйлаған құмымен ойын
ойнаған сендерге ұнады ма? Дұрыс балалар, енді біз атамызға сыйлық жасап берейік.
Мен сендерге боялмаған күннің бейнесін ұсынамын. Соны сары түсті құммен бояймыз.
Бұрын бұндай құмды көрдіңдер ме? Қазір осындай түрлі-түсті құмдарды дайындайтын арнайы
өндіріс орындары бар екен. Олай болса балалар күнімізді бояуды бастайық. Бояп болдық па? Шаршадыңдар ма? Шаршасаңдар бояуымыз
кепкенше, «Психогимнастикалық жаттығу» жасап жіберейік. (Жайлап музыка ойнап
тұрады). 1.
Бірнеше рет
иықтарымызды көтеріп түсіреміз, одан соң қатып қалған иықтарымызды
«қысымынан» айырылу үшін оларды айналдыра қозғаймыз. 2.
Жоғары қараймыз,
«аспанға жеткізердей» қолымызды созамыз – бірінші бір қолымызбен, содан соң
екінші қолымызбен, содан соң екі қолымызбен. 3.
Аз уақытқа
отырамыз, көзімізді жұмып бірнеше рет дем аламыз. 4.
Орнымыздан
тұрамыз. Басымызды сипалап және саусақтарымыздың басымен оның барлық
ұңқыр-шұңқырларын уқалаймыз. 5.
Қолымызбен жағымызды
қысамыз. Оны саусақтары-мыздың басымен уқалаймыз. Шаршағанымыз басылды ма? Енді сыйлығымызды атамызға сый-лайық. Ата:Рахмет, сендерге балаларым. Мен сендерге ақ батамды
берейін. Жаз келіп көңілдерің жай болсын, Көргендерің шаттық той болсын! Абзал достарың көп болсын, Берген батам сол болсын! Әмин. Қанеки, балалар атамызбен қоштасайық. Енді кілемшемізге отырып, сиқырлы орамалымызбен
бетімізді жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарып тобымызға
қайта оралайық. Бетіміздегі орамалымызды ашайық. Міне балалар тобымызға да
келдік. |
Балалар келіседі.
Балалар таң қалады.
Балалардың жауаптары.
Орындаймыз.
Балалардың жауаптары
Балалар құмның астында жатқан жолдарды, ағаштарды,
аң-құстарды іздеп тауып «Құм қаласын» жасайды.
Балалар аталарының айтқанын тыңдап отырады.
Балалар ойынның шартын тыңдайды. Кезекпен табақтағы құмға қолын салып, ішіндегі
геометриялық денелерді сылап сипап
тауып, көзін ашып түсін айтады.
Балалардың жауаптары
Балалардың жауаптары
Балалар күнді сары түсті құммен бояйды. Балалардың жауаптары
Балалар қимылмен психогимнастика жасайды.
Балалар қолдарын жайып атасының ақ батасын алады.
Балалар қоштасады.
Кілемшеге отырып, беттерін орамалдарымен жауып, 3-ке
дейін санап, терең дем алып, дем шығарады. |
Рефлексифті-түзетушілік |
Қане балалар, шеңберге тұрып, сабағымызды қортындылап
жіберейік. Бүгін біз қайда бардық? Онда біз не істедік? Кімді көрдік? Ол сендерге не айтты? Қандай сыйлық берді? Сендер оған қандай сыйлық жасадыңдар? Рахмет, сендерге балалар! Бүгінгі сабақ сендерге ұнады
ма? Барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар! Келесі кездескенше. |
Балалар шеңберге тұрады.
Балалардың жауаптары. |
Күтететін нәтиеже:
Нені біледі: Құм қаласының басқа қаладан
ерекше екендігін біледі.
Игереді: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуді. Құмды қолға ұстаған соң
қолды ауызға салуға болмайтындығын, жеуге болмайтындығын, шашуға болмайтындығын
игереді.
Меңгереді: Құмның да түрлі түсті түрлері
бар екендігін және оны суретті бояуға пайдалануға болатындығын меңгереді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.