Биология 6-7 сынып. Тақырыбы: «Мерекелі берері мол Алтын күз!»
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттың ерекше маусымы-күз туралы білімдерін тереңдетіп,дүниетанымдарын арттыру.
Дамытушылық: Мәдени іс-шараларда белсенділік танытып,көпшілік алдында өз өнерлерін көрсете білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастырып,әсемдікке,әдемілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын –сайыс.
Көрнекіліктер: Күз тақырыбына шығарылған газеттер,арнайы слайдтар,шарлар,гүлдер.
Сабақтың барысы: 1. «Сәлем сөздің анасы» ойыншылардың өзін-өзі таныстыруы
2. «Ақыл көркі білімде» биологиялық викторина
3. «Жеткізер өнер мұратқа» ойыншының өнері
4. «Кім жылдам» ептілік сайысы
5. «Шебер қолдар» сайысы
6. «Күз сыйы» салаттар сайысы
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер! «Мерекелі берері мол Алтын күз!» сайысына қош келдіңіздер!
Баршаңызға бір сәлем! Иә сонымен қаламызды алтын нұрға бөлеп,күз мерекесі де келіп жетті. Күзбен ілесе келген қуанышты күнде бүгін біздің мектептің ақылына көркі,сөзіне ісі сай бойжеткендері өз өнерлерін көрсетуге асығуда.
2-жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгінхалқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып шымылдығын ашады.
(Ортаға «Күзгі бақта» әнімен Төлегенова Айсары шығады)
1-жүргізуші: Аққудың қанатымен ілескен күз,
Гәккудің әуенімен үндескен күз
Қыздардың күлкісімен жаңғырған күз,
Қамбаны ақ бидайға толтырған күз!
2-жүргізуші: Аққу қаздар әндеткен ақжарқын күз,
Тырналар қош айтысқан аяулы күз.
Жігіттерге дем берген тілекші күз,
Қысқа азық жинатқан еңбекші күз!
1-жүргізуші: Өнер білім,өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Аруларды әділдікпен бағалайтын,
Айтайын әділ қазы алқаларын.
1. Гүлсім Жумагазиевна биология пәнінің мұғалімі
2. Алмагуль Қызырбековна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
3. ГульнурЖанболатовна тарих пәнінің мұғалімі
2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлалаған халқым менің
Қыздарды қошеметпен қарсы алайық.
( қыздар ортаға шығады)
1-жүргізуші: Мінезі ашық,жарқын,жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
Мақпалдай келді міне білімді қыз,
Аспаннан шашылғандай күннің нұры.
2-жүргізуші: Сыныптастар арасында ардақты,
Мінезі бар байыпты да салмақты.
Шақырайық ортаға Әдеміні,
Көрсетсін деп бар өнерін жан-жақты
1-жүргізуші: Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Көрсетеді өнерін тебіренткен.
Жібек атты аруым шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген.
2-жүргізуші: Келбетіне бойы сай,
Ақылына ісі сай
Ақбаян атты бір қыз бар
Достыққа адал сүйкімді.
1-жүргізуші: Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Таныстыршы көпшілікке өзіңді.
( қыздар кезекпен өздерін таныстырады)
2-жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап,сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын- дей келе келесі сайысымыз
«Ақыл көркі білімде» деп аталады. Бұл сайыста биология пәні бойынша және жалпы қоршаған орта табиғаты туралы сұрақтар мен жұмбақтар қойылады.
1-жүргізуші:
1- жұмбақ: Тамыры жерге көмілген,
Жапырағы желек төгілген.
Бағыңа жылда егілген,
Палауға қосып жедің де,
Атын оның дедің не? (сәбіз)
2-сұрақ: Тірі ағзаларды зерттейтін ғылым қалай аталады? (биология)
3-сұрақ: Қандай құстардың аттарын қыздарға қояды?
2-жүргізуші:
1-жұмбақ: Жап-жасыл бояу боянып,
Күнмен бірге оянып
Қыздырынып жатқаны
Жүздеген тонға оранып
Жапырақ өскен аямай
Атын қойма таба алмай (орамжапырақ)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.