Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мектепке немен барасың? (б/ж) №5
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мектеп туралы алған
білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма
жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету,
төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау
қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін
дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту
арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: бақылау сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық
кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың
барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды
түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа
бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты
қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті
қалыптастыру:
1. «Киімдерге қатысты
тыйымдар» мәтінімен танысу;
2. «Киімді күту»
тақырыбына байланысты өз білетіндерін ортаға салу;
3. Жазылым-
3-тапсырманы жазбаша орындау. Мысалы: Тақия – моншақ, асыл
тастармен безендіріледі. Тақияны бір түсті матадан
дөңгелек төбелі етіп тігеді. Т.б.
4. «Тымақ» мәтінін 2-
тапсырманы оқу, жазбаша сұрақтар дайындау.
Үлгі: Ол қандай бас
киім? Оны айырбастайды ма? Қазақта тымақпен байланысты қандай дәстүр бар? Т.б.
IV. Жаңа сабақты
бекіту. «Киім күту» постерін дайындау
V. Сабақты қорыту:
-Қасиетті бас киім
саналатын не?
-Аяқ киімге қатысты
қандай тыйым бар?
-Тонды қалай күтуге
болады?
-Бас киімді қалай
күту керек? Т.б.
VI. Үй тапсырмасын
беру: мәтінді әңгімелеу (111-бет 4- тапсырма)
VII. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.