Қазақ тілі 6 сынып. Сақтың тақырыбы: Мен оқушымын. Мекен үстеуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2.Сөздікпен танысу
3. Диалогті досыңмне оқу
4.Жазылымы
Қыс – жылдың .... .... .... 1.ұнайды
Мен қыс мезгілін өте жақсы ...... 2. Туған күнім болады
Қыста әсем қаламыз Астанада .... ... 3. Шанамен, конькимен сырғанаймыз
Қарағай мен қайың ақ кимешек ..... 4. Ең тамаша мезгілі
5.«Мен оқушымын» тақырыбына шағын шығарма жазу
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
Мекен үстеуі – қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. Сұрағы: Қайда? Қалай қарай? Қайдан?
Мысалы: ілгері, осында, төмен, бері
Сөйлемдер құрастыру
V. Сабақты қорыту: А)Төмендегі сөйлемдерден үстеуді тауып, астын сызып шығыңдар:
Ол артқа жылжи берді.
Сыртта жүрме!
Мұнда күте тұршы.
Бері келіңдер
Мен осында отырмын, ол анда отыр.
Құстар төмен ұшып кетті.
Ә) Тест парақшаларын тарату
21 вариант
Үстеу
1.Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын ... дейміз.
а. сын есім
ә. есімдік
б. үстеу
2. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай? қашан? қайда?
б. қашан? қай? нелер?
3. Артық сөзді табыңдар:
а. ертегі
ә. ертең
б. ерте
4. Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді жазыңдар:
Аңшылар ... түлкі әкелді.
а. кенет
ә. төмен
б. бүгін
5. Дұрыс жауабын табыңдар:
Әсел қашан келді?
а. дереу
ә. кеше
б. тез
6. Артық сөзді табыңдар:
а. асықпай
ә. бірден
б. таулы
7. Үстеуді көрсетіңдер:
а. туралы, сол
ә. жас, кәрі
б. зорға, әрең
8. Жауабын көрсетіндер:
Сабақты қалай оқиды?
а. асықпай
ә. ертең
б. кешқұрым
9. Үстеуді көрсетіңдер:
а. сыбырла
ә. қараңғы
б. күндіз
10. Артық сөзді табыңдар:
а. тез оқиды
ә. ерте оянады
ф
б. кешке келеді
VI. Үй тапсырмасын беру: 108-бет
VII. Бағалау. Рефлексия
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.