Психология 5-11 класс. Дидактический материал.
Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл- күйіңіз қалай? Шаршап отырган жоқсыз ба? Мен сіздермен қазір психологиялық
тренинг жүргіземін.
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл –күйін
көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, дене бұлшық
еттерінің шаршағандығын басу.
Міндеті :
1. Бір –біріне деген құнттылық, сергектік,
адамгершілік қатынасын қалыптастыру.
2. Психологиялық қолдау көрсету.
3. Өзінің педагогикалық қызметінде
интерактивті форманы қолдануға дайындық .
I.Жаттығу. Бой
жазу:
Уақыты: ( 5-мин. )
Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол " қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл
бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу
болып табылады.
Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз,
көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл
алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар... Аспанда күн шуағын шашып тұр
және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ... Оның
шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ
және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының
бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз,
сіздің ренішіңіз және
мазасыздануыңыздың бәрі ериді, оның бәрі
тазартылған жарықпен толтырылады.
Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге
айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің
денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз,
сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.
Талдау:
Қалай
тренинг ұнадыма?
Қандай әсер алдыныз?
Әр қайсысы өз ойын білдіреді.
II. Жаттығу:
«Джунглидегі жаңбыр»
Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою,
босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыты: 10 минут
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз
деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте
керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа
қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған
адамның арқасына қолынызбен жеңіл
қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады)
Құйын басталады (күшті айналыс
қозғалыстарын жасаңдар) .Содан
кейін жәй жаңбыр сіркірейді (
көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен
алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз).
Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.
Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.
Талдау:
Мұндай
массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
Өз сезімдеріңізбен көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.
III.жаттығу түрі: Ситуациялық сұрақ .
Уақыты 10 минут :
« Ситуациядан шығу»
Мақсаты:
логикалық ойлау арқылы кез келген жағдайдан шыға білу.
Нұсқау: Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек.
Қалғандары бақылаушылар болады.
Ойынның мәні : үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ
олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау
ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.
Талдау:
Ситуациядан шығу оңай болдыма?
Сен осы кездесуді қалай түсіндірер едің?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.