Жарық дисперсиясы
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың дисперсиясы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
а) Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру
ә) Мәтін мазмұнын меңгере отырып,түстердің табиғатын, сыну көрсеткішінің түске
тәуелділігін білу
б) Ньютонның негізгі тәжірибесін оқып, дисперсия ұғымын талдап, мағынасын ашу
2.
Дамытушылық:
а) Әр түрлі тапсырмалар бере отырып,
қызығушылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
ә) Өз бетінше жұмыс істей білуге, қорытынды жасай білуге
қалыптастыру
3. Тәрбиелік:
а) Іздене білуге, өздерін бағалай
білуге үйрету
б) Нақыл сөздер арқылы талғампаздыққа, тәрбиелілікке баулу
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау (СТО)
Көрнекілік: таратпа, интерактивті
тақта арқылы слайдтар, нақыл сөздер, сызба, тапсырмалар
Сабақ
барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 4 топқа бөлу,сабаққа
назарын аудару
ІІ. Өткенге шолу.
1.«Қысқа – нұсқа» ойыны.
1. Қандай тарауды өтіп жатырмыз
?
2. Нені білдік ?
Өткен тақырыптарға қысқаша нақты жауап айтып, жарысайық (топ мүшесі сан
таңдайды: 1,2,3,4.Берілген тақырып бойынша қысқаша айтып шығады
Тақырыптар: 1.Электромагниттік
тербелістер
(қайталау) 2. Электромагниттік толқындар
3. Р И К У Р Г
4. Р әрпінен басталатын физикалық терминдер
2. Кім
шапшаң? Формулаларды аяқтауға тапсырма беріледі.(қайталау)
1.Формуланы аяқта.
2.Өзіңді бағала.
3.
«Теңдігін тап» ойыны (бір шаманың әр түрлі формулаларын атау)
4. «Адасқан
орындар» ойыны. (тарау бойынша формулалардың орнын табу)
Жауабы: 4 ↔ 1
5. «Қайсысы
артық» ойыны (тарауға қатысы жоқ формуланы атау)
III.
«Мағынаны ажырату» Жұмбақ
Жаңбыр жуды
жерімді
Көкте өрмек
керілді (кемпірқосақ)
Кемпірқосақ қалай пайда болады? Ерекшелігі неде?
Бүгінгі өтетін жаңа сабақ тақырыбы: Жарықтың
дисперсиясы
Мақсаты: Жарықтың дисперсиясы дегеніміз не,
жарықтың табиғаты қандай екендігін біліп аласыңдар.
Мәтінді оқып шығып, мына сұрақтарға жауап
беріңдер.
1.Сыну көрсеткіші неге тәуелді?
2.Ньютон оны қандай тәжірибе арқылы көрсетті ?
Енді әр топқа тапсырма беріледі;
«А» тобына «Бейнесін таны». Сызба арқылы Ньютон
тәжірибесін түсіндіріп береді.(экранда)
«Ә» тобы «Есте сақта» тапсырмасы бойынша түстер ретін,
аз сынатынын, көп сынатыны қай түс
екенін түсіндіреді.
«Б» тобы 7 саны қазақ танымында
киелі деген символдық мағынаға ие:
7 қазына - байлық көзі, құт береке дегенді
білдіреді.
7 санына байланысты
мақал немесе басқа не айта аласыңдар?
1. 7 рет өлшеп, бір рет кес.
2. 7 күн, 7 ата, 7 қазына, 7 түс ( 7 спектр)...
«В» тобы «Суретшілер
көзімен». Тақтада қандай бояулар
жетпейді?
·
Өнер алды - ... тіл
·
... түсі бар, тағамдардың асылы, қуат берер күші
бар.
·
Сабыр түбі - ...
алтын
·
... жер – жанның
тынысы.
·
... түсі бар, тас
балқытар күші бар
·
... лағым көгенде
жатып семіреді.
·
Тасты кесіп, күресіп,терең жайып тамырын ... шөптер тұр
өсіп.
Жауабы: қызыл, қызғылт сары,
сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін
IV. Ой
толғаныс: Абай түске байланысты ең жақсы қасиет дарытатын
3 түрлі жемістің бірі ақ – ақыл, сары – байлық,
қызыл – көрік, шырай деген екен.
1. Ақ жарық неге призма арқылы өткенде жіктеледі?
2. Әр түс үшін сыну көрсеткіші неге әр түрлі?
3. Дисперсия дегеніміз не?
4 Бостықта
әр түрлі жарық жылдамдықтары қалай ?
V. Үйге §44 ( түске байланысты мақал-мәтел, жұмбақ жазып келу)
VІ. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.