Информатика «§ 11 Файлдар, бумалар және жарлықтар» 5 сынып
Сабақтың мақсаты : Windows негізгі нысандарының
анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық
құруды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: «Файл», «бума», «жарлық», «бумалар
иерархиясы» анықтамаларын, файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін,
бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс : Windows нысандарына, олардың
типтеріне анықтама беруді, нысандарға атау беруді, бума мен жарлық жасауды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
ОЖ дегеніміз не ? Ол қандай функцияларды орындайды ?
Windows ОЖ интерфейсінің негізгі нысандарын және
басқарушы элементтерін атаңдар.
Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атаңдар.
Тапсырмалар тақтасында не орналасқан ?
Терезені басқарудың қандай элементтерін білесіңдер ?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютердегі
барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп
аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі
нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файл –
байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.
Бумалар. Windows – та бума құрылымының иерархиялық
ұстанымын түсчіндіру.
Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер
бойынша ұсыныстар құрастыруға болады:
Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан
туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы
бағдаршасымен ерекшеленеді.
Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын
көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан
сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.
Ойындар бумасының үлгісі
Ойындар бумасының жарлығы
Буманы
құру
Жаңа бума құру қиын емес.
Өздерің таңдаған жерде Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума
(Новая папака) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады.
Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана
қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен
басқа бумаларды орналастыруыңа болады.
Көзге арналған жаттығулар жасау
1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн
ашып,жайбарақат ұстап,
1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет
қайталау қажет
2.1-4-ке дейiн санай
отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға
дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.
3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.
Жарлық құру
Құжаттар бумасын ашыңдар. Кез келген файлдың үстінде контекстік мәзір
шақырыңдар. Жарлық құру бұйрықтарын табыңдар.
Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде
Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде
жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты Құжаттар бумасындағы файлға
құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық Құжаттар бумасында орналасады.
Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне
орналастыруға арналған бұйрық: Отправить Рабочий стол( Создать ярлык ). Жұмыс
үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.
Нысандардың атын алмастыру
Нысанның
атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать
бұйрығын таңдау керек.
Бірден
бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармаңдар.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.
VІІІ Үйге тапсырма
§ 11 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.