Информатика 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Паскаль программалау тілінде
программа құруға үйрету. Сызықтық, тармақталған, қайталану командаларды қолдана
отырып, алгоритмнің график түрінде (блок-схема) жазуға, алгоритм тілде программалауға үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың өз
бетінше дербес компьютерде жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту, пәнге
қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа,
іскерлікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: жинақтау, бекіту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық, жеке жұмыс,
көрсете-түсіндіру
Пәнаралық байланыс: математика, тарих
Сабақта
пайдаланылатын көрнекі құралдар: ДК, интерактивті
тақта, флипчарттар, тесттік құрылғы, тірек схемалар, электрондық оқулық,
Паскаль бағдарламасы
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты
топтарға бөлу (Алгоритм, Оператор, Блок-схема)
II.
Өтілген сабақтарды қайталау
1) Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз
қайдан шықты?
2) Алгоритм өрнектеу, жазу тәсілдері?
3) Транслятор дегеніміз не?
4) Компьютер есеп шығару неше кезеңнен тұрады?
5) Сызықты, тармақталу, циклдік алгоритм дегеніміз не?
6) Паскаль тілінде және алгоритмдік тілдерде қандай шамалар пайдаланылады?
7) Мәліметтердің типтері қалай
сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
8) Оператор дегеніміз не, олар
қандай топтарға жіктеледі?
9) Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері
қандай?
ІІІ.Тапсырмалармен
жұмыс (топтарға беріледі)
№1 .Ұзындығы а-ға тең, в-ға тең тік төртбұрыштың ауданын
есептейтін программа құрыңыз.
№2 Есеп. Табандары а және в болатын, үлкен қабырғасына іргелес
бұрышы х-қа тең теңбүйірлі трапецияның ауданын табу программасын жаз.
№3 Есеп. Арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жаз.
1) y=6x2+3x-1
2) a=|b|-2c
3) d=(5a-b2+c)/3
4) y=sin2x-cosx
5) y=e7xsinx+1/2
6) z=1+x/(2sinx-1)
ІV. Диктант. Берілген бағдарлама мәтінін оқушылармен бірге жазып шығу.
Шардың радиусы берілген, шардың
көлемін табу бағдарламасын жазу керек
V. Деңгейлік есептер шығару.
n-ге дейінгі
натурал сандардың қосындысын есептеп,
y-тің мәнін тап
№1. 1 + 2 + 3 + . . . + n y = n(n + 1)/2
program e_5;
var s:real;i,n:integer;
begin
writeln;
write ('engiz
n');
read (n);
s:=0;
for i:=1 to 2*n-1 Do
if (i mod 2)=1
then s:=s+i;
writeln('kosindinin
mani=',s,' y=',n*(n+1)/2);
end.
№2
2 + 4 + 6 +. . . + 2n y
= n(n + 1)
program e_6;
var s:real;i,n:integer;
begin
writeln;
write ('engiz n');
read (n);
s:=0;
for i:=1 to 2*n Do
if (i mod 2)=0
then s:= s + i;
writeln ('kosindinin
mani=',s,' y=',n*(n+1));
end.
VI. Сабақты қорытындылау. Тестпен жұмыс (Activote тесттік құрылғысын пайдалану)
VII. Оқушыларды бағалау. Топ жеңімпаздарын анықтау
VIII. Үйге тапсырма беру, 101 беттегі №2 есеп
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.