"Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалдық ойын
14.05.2015
10809
0
Амиржанова Бахытгуль Кенесовна
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру. Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру.
Жүргізуші: / Аружан/
Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым! Бүгінгі 3-4 сынып оқушыларына арналып өтетін «Не? Қайда? Қашан? » атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Ал, қанекей, келіндер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынның қатысушыларын қошеметпен ортаға шақырайық! Бүгінгі ойынға 8 ойыншы қатысады.
№1 _______________________________________
№2 _______________________________________ _
№3 _________________________________________
№4 _________________________________________
№5 _________________________________________ №6_________________________________________
№7 _________________________________________
№8_________________________________________
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1._________________________________________________________________
2.______________________________________________________________________
3.______________________________________________________________________
Жүргізуші: Ойыншылар сәт сапар!
І кезең «Бәйге»
Шарты: Мен жалпы барлықтарына сұрақтар оқимын.. Сіздер қол көтеріп, тез, жылдам, нақты жауап беру керексіздер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Сұрақтар:
-Туған елдей ел болмас, ...... туған жердей жер болмас.
-Ата көрген оқ жонар, ... ана көрген тон пішер.
-Жаңбырменен жер көгереді, ... батаменен ел көгереді.
-Кітап білім бұлағы, .... білім өмір шырағы.
-Ақыл азбайды.... білім тозбайды.
-Оқу инемен құдық.... қазғандай.
-Еңбек ширатады, ...өмір үйретеді.
-Еңбек етсең ерінбей, ... тояды қарнын тіленбей.
-Отан оттан да .... ыстық.
-Отан үшін отқа түс күймейсің, .... арың үшін алыссаң өлмейсің.
-Туған жердің күні де ыстық, ... түні де ыстық.
-Өнер ағып жатқан бұлақ, ... білім жанып жатқан шырақ.
-Аз сөз алтын ……көп сөз көмір.
- Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
- Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
- Қазақстан ғарышкерлерінін ата? (Т. Аубакиров, Т. Мұсабаев)
- Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
- 1 жылда қанша күн бар? (365 – 366 күн)
- Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
- Біздің мектеп директоры?
- Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
- Қазақстан туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
- Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)
- Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады?
- ҚР жер көлемі қанша? ( 2млн. 724 900 км2)
- Жерінің үлкендігі бойынша нешінші орында? (9 орында)
-Қазақ валютасы қашан қабылданды және қалай аталады? ( 1993 жыл, 15 қараша күні)
- Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)
-Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? (Қ. Рысқұлов, )
ІІ кезең «Тіл өнері»
Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 2 тілде айту керек: орысша және қазақша. 1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар – 10 ұпай.
1. Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық (қар)
2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз)
3. Суда қалқиды
Жылыда балқиды (мұз)
4. Қалқиып 2 құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян)
5. Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады (балық)
6. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су)
7. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға (піл)
8. Жеп көріп ем өзім мен
Жас шығарды көзімнен (пияз)
9. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды (ағаш)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық)
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады (есік)
12. Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (түлкі)
13. Желден желігеді
Судан шегінеді (от)
14. Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 4 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
ІІІ кезең «Ғажайып төртеу»
Біздің сайысымызда 4 негізгі пән әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Қалған 4 ойыншымен ойынымызды жалғастырамыз. Мына қатардағы 4 пәннен сұрақ нөмірін таңдаймыз. Әр оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.
Қазақ тілі 10 20 30 40
Математика 10 20 30 40
Дүние тану 10 20 30 40
Ана тілі 10 20 30 40
Қазақ тілі
10-ұяшық: Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
20-ұяшық: Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
30-ұяшық: Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
40-ұяшық: Мәтін дегеніміз не? ( Мағына жағынан өзара байланысты екі не оданда көп сөйлемнен құралады)
Математика
10-ұяшық: Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
20-ұяшық: Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам барды? ( 3)
30-ұяшық Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
40-ұяшық: Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі)
Дүние тану
10-ұяшық: Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан? /Египет/
20-ұяшық: Арал көліне құятын өзендер? /Әмудария, Сырдария/
30-ұяшық: Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/1 бөлігі су)
40-ұяшық: Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі
10-ұяшық: Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай Алтынсарин )
20-ұяшық: Отан, туған жер туралы 3 мақалды айт.
30-ұяшық: «Азаттық жолында» Зейін Шашкиннің әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Тоқаш Бокин)
40-ұяшық: Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
ІV бөлім «Жолайрық»
Ойыншы кестедегі жасырылған кез келген сөзді табуға құқылы. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай және әр ойыншы бір сөзді табуы керек. Ойын нәтижесі бойынша аз ұпай жинаған 2 ойыншымен қоштасамыз.
Шарты: оңнан да, солдан да оқысаң бірдей оқылатын сөздерді табу қажет. Жауаптары: қазақ, қалақ, кесек, надан, керек, қырық, қызық.
Қ..... қ
Қ..... қ
К..... к
Н..... н
К.... к
Қ.... қ
Қ.... қ
Кідіріс/ пауза/
Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.
Шаршының қабырғасы 5см ауданын тап. /25 см²/
Құрманғазы шәкірті кім? (Дина Нүрпейісқызы)
Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? /карта/
1 жұмыртқа 3 мин піссе, 5 жұмыртқа қанша уақытта піседі? /3 мин/
6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек? /5/
Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі? /баяндауыш/
V кезең «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.
1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)
2. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
3. «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме құйып жібергендей болды.»
(«Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов)
4. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.»
( «Көксерек» М.Әуезов)
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, келесі кезеңге көшеміз.
VI кезең «Жорға»
Соңғы кезеңде әр ойыншыға жеке 20 сұрақ қойылады соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішінде.
1. Қыс айларын ата? (желтоқсан, қантар, ақпан)
2. Қазақ алфавитінде неше әріп? (42 )
3. 250 х 0? ( 0)
4. Күй атасы кім? ( Құрманғазы)
5. Суретші ата? (Қастеев)
6. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
7. 6 х 9 = (54)
8. 4 түлікті ата? (түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкі малдары)
9. ҚР - да неше облыс бар? ( 14)
10. Ұлы Отан соғысы қай жалдары болды? ( 1941-1945)
11. Біздің ауданымыздың әкімі кім? (Владимр Сергеевич Дудов)
12. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
13. Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздары? ( М.Маметова, А. Молдагулова)
14. Зиянды заттарды ата? (шылым, алкоголь, есіртке)
15. Қазақстандағы көмір өндіретін ең ірі қала? ( Қарағанды қаласы)
16. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
17. Қазақстан туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
18. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)
19. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
20. Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т. Аубакиров, Т. Мұсабаев)
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар осымен біздің «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытта осындай сайыстардан қалмай қатысып жүріңіздер. Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер!
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.