Сценарий «Бір ел – бір халық –бір тағдыр»
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20- жылдық мерекесіне арналған сыныптан тыс іс- шара
Мақсаты:
а. Білімділік: Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
туралы мәлімет беру, оның адам өміріндегі маңызын оқушылардың санасына жеткізу.
ә. Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті
сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін
көтеруге ат салысуға шақыру.
б. Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға
деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты
нығайту.
Камила :
Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады
/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады./
Мұғалім:
-Қайырлы күн! Құрметті
ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Ассамблеясының
20 –жылдық мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз. Барша
қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам.
-Құттықтау сөзді мектеп
директоры Дынникова Л.В. береміз.
Бүгінгі
мереке тақырыбына арналған 11 а - сынып оқушысы Макеева Ольганың
дайындаған жобасын назарларыңызға
ұсынамыз.
Макеева Ольга:
Еліміздің Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992
жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында
айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.
-
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете
отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және
рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және
бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық
келісімді қамтамасыз ету.
-
Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік
органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі
нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының
негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы
Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
-
Қазақстанда 140 ұлт
өкілдері тұрып жатыр. Ұлы қазақ даласында
өзге ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүруде.
-
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына
топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Осы орайда 1995 жылы
құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны ерекше. Бүгінде бұл аталған
достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық-мәдени орталықтардың басын
қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс
жасауда.
-
Камила:
-
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, татар, ұйғырлар.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр
Ольга:
-
Назарларыңыңызға «Дарьюшка» би
тобының «Нежность» биін ұсынамыз.
- Қазақ вокал тобы «Ақ шағаланы» ортаға
шақырамыз.
-
"Ақ
шағала” әжелер тобы 2001 жылы шілде айында құрылды. Құрамында 12 адам. Барлық
мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Репертуарында көптеген халық әндері
орындалуда.
-
2001
жылы біздің Дарьинск ауылындағы Мәдениет
үйінде ұлттық-мәдени орталықтар құрылды
- Орыс халқының ұлттық-мәдени орталығы
«Сударушка» .
-
Жетекшісі
Жиганова Т.В. Бұл мәдени орталық 1998
жылы үйірме ретінде жұмыс істеді. Бұл үйірмені ұйымдастырушы және жетекшісі
болған
-
Вербицкая
Л.П. Қазір орыс диаспорын Дарьинск ауылы бойынша 2870/ екі мың сегіз жүз
жетпіс/ адаммнан тұрады, яғни 50/ пайыз/% құрайды.
-
Ал енді
орыс халқының ұлттық- мәдени орталығы «Сударушканы» ортаға
шақырамыз.
Камила:
-
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ольга:
Белорус
халқының ұлттық-мәдени орталық «Сябры» 2001 жылы құрылды. Жетекшісі
Старцева П. А. Дарьинск ауылында бұл ұлт өкілдерінің алпыстан астамы тұрады.
-
Енді
«Сябры» мәдени орталығын қарсы алайық.
Камила
-
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізден жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса-жаса тыныштық.
Ольга:
-
-Келесі сөзді украин халқының ұлттық- мәдени орталығы
«Червонарутаға» береміз. Жетекшісі Гарбуз Г. Ф..
Камила:
-
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады
Ольга:
-
Сахнаға татар
халқының ұлттық- мәдени орталығы «Мариямды» шақырамыз. Ұлттық- мәдени орталығы
өзінің атын осы орталықтың ең үлкен қатысушы және әншісі Заулкарнаева Мариям
апаның құрметіне атады. Жетекшісі Самарцева Р.Х.
Камила:
-
Қазақ
жері кең, байтақ
Қазақ жұрты мейманда
Қазақстан -ел ортақ
Барлық жанға мекендес
Қазақстан -Отаным
"Өз елім" деп атады.
Оны өкілі әр ұлттың.
Мұнда бірге тұрады
Орыс, неміс, татарлар
Мұнда тапқан тұрағын.
Ұйғыр, кәріс, балқарлар
Бір шаңырақ астында
Достық болған тірегі
Үлкен-кіші, жастың да
Бар мақсаты, тілегі.
Ольга:
- Біздің ауылымызда өнер көрсеткен ұлт өкілдірінен басқа да жеткілікті. Олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
- Қазір армян ұлтының атынан 3 сынып оқушысы Мкоян Инганы ортаға шақырамыз.
-
Кәріс
ұлтының атынан 8сынып оқушысы Ан Софьяны сахнаға шақырамыз.
- Неміс халқының атынан 6 сынып оқушысы Штейнгельберг Артемді ортаға шақырамыз.
-
Сахнаға
«Дарьюшка» би «Жігіттер» тобын шақырамыз
Мұғалім:
-
- Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан
өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек.
Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана
ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз
-
Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ
астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып,
қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. /
«Атамекен» әні орындалады/
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.