Сценарий "Төрлет Жаңа Жыл!"
26.02.2015
6619
0
Нурмуханбетова Айжан Аскербаевна
Жаршы дауысы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Келіңіздер, көріңіздер!
Жаңа жылдық мереке басталады.
Аяз Ата, Ақшақар мерекенің бас қонағы!
Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме қымбатты үлкендер, сәлеметсіңдер ме менің кішкентай да сүйкімді достарым! Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Мен Атам Аяздан бұрын сіздерді құттықтап, мерекеге дайындық жайында білейін деп келдім. Қалай мерекеге дайынсыңдар ма?
Залдан балалар: Иә, дайынбыз!
С: Онда не отырыс бастайық?!
Ж.К: Ха-ха, Әй өңшең кір қожалақ тентектер,
Қасқыр, түлкі, қоян, қызыл телпектер.
Неге? Неге? Өзің ғана тойлайсың
Шақырып меніде, неге орын сайлап қоймайсың?
Кім? Мына сендер ме, мереке куаныш жасайтын. Жо-жоқ жасатпаймын, болмайды мереке. Тұра тұр бәлем, Ақшақарды сиқырлап етермін әлі келеке. Ха-ха-ха!
(кетіп калады.) (Бұл кезде сахнаға бишілермен Қарақшы Джек шығады.)
Қ. Дж: Салем достар! Мұнда мереке болады деп еді ешкім көрінбейді ғой. Әлде мен ерте келдім бе?
(осы кезде сахнаға көңілсіз Ақшақар мен коян шығады)
Қ. Дж: Әй! Сәлем достар неге көңілсізсіңдер!
қоян: (Қағазын ашып)
Тыңдаңыздар, тьыңдаңыздар!
Соңынан естімедік деп, дау қылмаңыздар!
Ақшақардың көңіл-күйі нашарлап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғандықтан мереке болмайды, барлықтарыңыз өз мекендеріңізбен тұрақтарыңыз үйлеріңізге қайтыңыздар!
Қ. Дж: Әй, әй достым тоқта – тоқта, не болып қалды дұрыстап түсіндірші.
С : Сен мені дос дейтін өзің кімсің?
Қ. Дж: қалай кім? Мен теңіз қарақшысы Джекпін!
К. А: Қарақшы? Қарақшы болсаң маған қайтіп дос боласың? Не болды, не болды? Не болушы еді, Ақшақар ханым ауырып қалды. Көңіл-күйі жоқ, не сөйлемейді, не күлмейді, не жүрмейді, болды, бітті, менде біттім. Кеттік. (Ақшақарды итереді, бірақ Қ. Дж. тоқтатады)
Қ. Дж: Тоқта, тоқта достым
С : Ей, не болды?
Қ. Дж: Енді былай? Оны, мынаны емдеуге болмай ма?
С : Жоқ болмайды, бұл сиқырланып қалған
Қ. Дж: Е, е! Сол-ақ па? Мен онда оны емдей аламын ғой!
С : Қа-а-лай?
Қ.Дж: Енді былай! Бәріміз бірге ойнасақ, қалай қарайсыңдар!
С : Ол қандай ойын, не теңіз қарақшылары да ойнай алады ма? Қане, көрелік баста ойыныңды
Қ.Дж: Әрине, мына балақайлар бірге ойнасын жарай ма?
С : Ал баста ойыныңды. Не істеу керек?
Қ.Дж: Кемеге отырып саяхатқа шығамыз!
С : Саяхат! Бұл керемет қой жарайсың, егер саяхатқа кемеменшығатын болсаң мен ол ойыныңды білемін. Сондықтан рұқсат етсең кемені мен жүргізейінші.
Қ.Дж: Келістім жүргіз
С : Ал, теңізшілер дайынсыңдар ма?
Зал: Иә, дайынбыз!
С : Қазір үлкен кемемен ашық теңізге шығамыз
Қане, желкен көтеретін, кемеде тазалық жасайтын қолдарымыз дайын ба? (қолын шапалақтайды)
Зал: Дайынбыз! (қолдарын шапалақтайды)
К. А: Кемеде нық адамдар жасауға аяқтарымыз дайын ба?
Зал: Дайын! (аяқтарын тарсылдатады)
С : Онда нық басып кемеге көтерілеміз.
Кемеге тазалық жүргіземіз, енді желкенді көтереміз, толық жылдамдықпен алға!
Қ. Дж: Қалай жазылды ма?
С : (барып Ақшақарға қарайды) Жо-жоқ, әлі жазылған жоқ. Енді не істейміз?
Қ.Дж: Онда мен оған жақсы ән тарту етейін, мүмкін сонда жазылатын шығар
С : Қане, ол қандай ән?
Қ.Дж: Мінеки, қабыл алыңдар!
Ән «Шырша әні»
С : Рахмет, балақай әнді тамаша айтады екенсің, бірақ Ақшақардың көңілі әлі көтерілмеді
(Осы кезде музыка. Көңілді бимен сахнаға Буратино шығады. )
Б: Сәлем, достар! Ой-хой сендерді қалай сағындым!
Ой, Неге көңілсізсіз! Оу, Ақшақар сен неге күлмейсің?
К.А: Мәселе сонда. Аяқ астынан Ақшақар ханым ауырып қалды ма, білмеймін әйтеуір көңіл-күйі жоқ. Не күлмейді, не сөйлемейді, не жүрмейді, не билемейді.
Б: Ой-ой-ой, ол болмаған екен. Ал, мына балақайлар көмектескен жоқ па?
К.А: Жоқ, бәрімізде қолдан келгенше көмектесіп жатырмыз. Бірақ ол әлі көңілсіз. Біз биде биледік, ойында ойнадық, . Бірақ болар емес. Енді өзің бір амалын ойластырып көрсең қайтеді?
Б: Әрине, менде көмектесіп көрейін.
Зал: Иә, солай!
Ойын : Көтеріңкі көңіл-күй. Күлкі.
К.Ай: Ал, біз қалай күлеміз, қане, біз қалай күлеміз. Бәріміз бірге тамашалап күлейік.
Зал: (Жаппай күледі, Ақшақар да оларға қосылады)
С: Алақай, бәрекелді! Ақшақар ханымның көңіл-күйі өзіне оралды. Енді мерекені тамашалап өткіземіз. Алақай, алақай!
(Ақша қар есін жинайды)
Ал,балалар,балалар,
Құлақ қойып тыңдаңдар.
Мектептің үлкен залында
Жасыл шырша жанында
Жаңа жылды қарсы алып,
Би билейік ән салып
Қане балалар Шыршаны айналып көңілді өлеңдер айтайық.
С:ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы жоқ қой.Ол кім?
Балалар: АЯЗ АТА
С.әрине АЯЗ атаны шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, (3 рет)
АЯЗ АТА:
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
С: Қош келдіңіз АЯЗ АТА. Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз ата:Әрине барлық сыйлық мына сандықтың ішінде!Ақшақар Сандықтың кілті қайда?
Ақшақар:Білмеймін?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
С: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт .
С: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз-Ата:ал енді балалар шырша биін билейік.
Аяз-Ата:Ал балалар маған дайындаған қандай өнердерің бар,көрсетіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.
Аяз ата сөзі: Ал балалар, балалар
Біз бармаған қала бар
Асқар тау бар, дала бар
Ата бала апа бар
Соларға тез жетейік
Рұқсат болса кетейік
сау болыңдар балалар.
Ақшақар.
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ,балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын
Балалар: Сау болыңыздар!
С: Құрметті қонақтар, балалар! 2010-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.