Внеклассная работа " Егеменді Қазақстанға 23 жыл"
«Шығыс Қазақстан облысының Сосна» туберкулезге қарсы балалар шипажайы» Шаруашылық Жүргізу Құқығындағы Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорыны жанындағы мектептін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Шаймарданова Жанархан Бокейхановна.
Ертеңгілік мақсаты: 1986ж. 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ
жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,
әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразалық қимылдары; демократия жолында құрбан
болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік беру, дүниені дүр
сілкіндірген оқиғаның қаһармандары Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С.
Мұхаметжанова сынды азаматтардың өнегелі өмірі
мен азаматтық ісін үлгі етіп,жастарға дәріптеу.
Тәрбиелік мақсаты:
Ата-бабамыз армандаған тәуелсіздіктің жолындағы қайғы қасіретті ,қиын
қыстау заманын оқушылар мен өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, Отан қорғаушылық
қасиетін дамыту, достық, ұйымшылдық,ауызбірлік қасиеттерін көрініс пен топ жұмыстары арқылы
санасына сіңіру.
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың өз ойларын, пікірін
ашық және тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білуі, адамдық борышын санасына
сіңіріп,түсінуі , жеке басының қасиетін құрметтеу, сөз бен істің бірлігіне
ұмтылу.
Көрнекіліктер: Желтоқсан қаһармандарының суреттері,қабырға газеттері, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Алғы сөз: Мен
қазақпын! Тарихы терең, қасіреті қатпарлы халқымды мақтан етемін! Әлденеше ғасыр бұрын
армандаған тәуелсіздік туы бізге сағындырып ғана емес зарықтырып тиді. Көнекөз тарихқа көз жіберсек
бабалар арманы, батырлар қанымен келген тәуелсіздік Алла сыйлаған ұлы бақыт.
Оның өлшемі де, бағасы да жоқ. Бұл 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз
көтерілістің бірі еді.
Желтоқсанның 17-18 жұлдызы.
Ол жетпіс жылғы қысан қағидаға тәп-тәуір болған санаға жас толқынның қасқайып қарсы тұрғаны.Ол бүгінгі ой,
іс-әрекет, сөз бостандығының бастауы.Тәуелсіздіктін түп тамыры Желтоқсан
оқиғасына тікелей байланысты екендігіне
ешкім дау айта қоймас.Қазіргі бұл күн қазақ үшін ұлы кун әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. Тәуелсіздіктің тұп тамыры
сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?
Мерекеге Тәжік-Ауған шекарасынын ардагерлері ҚазБат
жауынгерлері қонаққа келді. Сөз кезегін
Тәжік-Ауған шекарасынын ардагері Әділханов Саят Тлеубекұлына берілді.
Оқушыларға тілегін , ақылын білдірген соң
ҚазБат жауынгерлеріне арнап үнсіздік жарияланды.
Оқушылар түрлі-түсті қағаздар арқылы «Азаттық», «Алаш», «Желтоқсан» топтарына
бөлінді. «Алаш» тобының спикері Садвакасова
Аяулым, «Азаттық» тобының спикері Абжанова Аяужан, «Желтоқсан» тобының спикері
Леонидова Диляра сайланды. Үш топтың
мәліметтері тыңдалып сарапталды.Қорытындылай келе қазақ халқы «Тәуелсіздікті»үш
ғасырға жуық уақыт бойы армандаған бостандығы мен еркіндігі! Желтоқсан оқиғасы
ата-бабаларымыздың найзаның ұшы -мен білектін күшімен аңсаған Тәуелсіздікті
сыйлады.
Көрініс: «Қазақ
жастарының алаңға шығуы» (8-9 сынып оқушыларының қатысуымен сахнаға ержүректі
қыз ұлдар шыға бастайды. Шеруге шыққан жастарды милиция мен солдаттар сойылмен
соғып, қыздардың шаштарынан сүйреп, алаң қызыл қанға боялды.)
Келесі көріністер:
Қайраттың тұтқындалуы. Қайратқа өтірік жала жабылып, Семей түрмесіне нақақтан
қамалады. Қайраттың ақтық сөзі. Қазақ елінің 21-ші басшы зобалаңына ұшыраған,
21 жасқа келгенде, 21 сот алдында шырылдап, Семей түрмесінің 21 камерасында, 21
мамыр күні қапылыста дүниеден өтті. ( 8 сынып оқушысы Ажиханов Руслан Қайрат Рысқулбековтың рөлін
сомдады.)
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы
Рысқұлбековқа «Халық қаһарманы» атағы
беріліп, айрықша «Алтын Жұлдыз» белгісі тапсырылды. Сәбира, Ляззат,Ерболға «Ақтау
жөніндегі анықтама» қағаздары берілді.
Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша күрескен
қайсар азаматтарымыз Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымызда
көп еңбек етті.
Желтоқсан құрбандарына
арналған 1 мин үнсіздік жарияланды.
Қенес Одағының
ыдырауына байланысты көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін
жариялады. Солардың бірі болып Қазақстан да 1991 ж. 16 желтоқсанда өз
тәуелсіздігін жариялап, Конституциясын қабылдады.
ҚР Мемлекеттік
Әнұраны шырқалды.
Оқушылардың әдеби
монтажы.(Нұрланов Нұржан, Ниязбек Сұлтан, Ажиханов Руслан, Кабдиев Санияз,
Балтабекова Жансая, Жанатбекова Маржан ).
Осымен бүгін желтоқсан
оқиғасына арналған «Егеменді Қазақстанға 23 жыл» атты ертеңгілігімізді қортындылай келе,сөз
кезегін оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Аубакирова Айнагул Сайыновнаға
берілді.
Тәуелсіздігіміздің
тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп
тілейік!.
Ертеңгілікте
оқушылардың дайындаған патриоттық әндерімен қоса «Желтоқсан желі», «Нұр Отан»,
«Алға Қазақстан» әніне флешмоб биледі. Белсене қатысқан оқушылар «Алғыс
хаттармен» марапатталды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.