«АЛТЫН КҮЗ» мерекесі
Балалар залға кіріп келеді, оларды ширманың артында КҮЗ
қуыршағы күтіп тұрады.
Күз қуыршағы:- Балалар қане қарайықшы біздің зал қандай тамаша, қандай әдемі, қандай
керемет. Бізде бүгін мереке. Мен барлықтарыңызды КҮЗ мерекесімен құттықтаймын. –Ал
сендер күз туралы ән білесіңдер ме?
1)
Балалар: «Күз келді» әні.
Күз келді, күз келді,
Жапырақтар түсті.
Күз келді, күз келді
Жапырақтар түсті.
2)
1. Алақай, алақай!
Шаттанады балақай.
Береке – салтты күз,
Мереке – алтын күз!
2. Күзгі шақта
Біздің бақта,
Түрлі түсті,
Жеміс пісті.
3. Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
4. Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге піседі.
Тәрбиеші: - Балалар
сендер қалай керемет ән шырқадыңдар, сол үшін мен сендерге күз жапырақтарын
сыйлаймын.
3)
Балалар « күзгі
жапырақтармен би билейді».
Тәрбиеші: - Ал енді балалар біз
қолымыздағы гүлдерді мына вазаға саламыз.
Күз
қуыршағы:-Балалар сендер жақсы билейсіңБалалар сендер жақсы билейсіңдер,
жақсы ән айтасыңдар, сендерге көп рахмет.
Тәрбиеші: - Ал енді балалар
«Бауырсақ» ертегісін тамашалайық. Әже бауырсақ пісіреді. Бауырсақ суысын деп
оны терезенің алдына суытуға қояды. Бауырсақ терезенің алдында тұрып-тұрып,
секіріп қашып кетеді. Қашып келе жатқанда қоянға кезігеді.
Қоян: - Бауырсақ, бауырсақ
мен сені жеймін?
Күз қуыршағы:- Жеме бауырсақты қоян, балалар саған ән айтып береді.
4)
«Қарбыз» әні.
Қарбыз,
қарбыз, қарбыздар,
Қарбыз жейік
ал қыздар,
Қарбыз жейік
ал ұлдар,
Балдай тәтті
қарбыздар.
Тәрбиеші: Бауырсақ әрі қарай домалап кетті, домалап келе жатып
бауырсақ аюға кездеседі.
5)
5.Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты
жапырап!
Бақтың іші
алаша
Аунар ма еді
жатып ап!
6. Алтын,
сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан
жапыырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
7.Санай бер,
Қарай бер.
Бояуы жүз,
Келді күз.
Аю: - Бауырсақ, бауырсақ
мен сені жеймін?
Күз қуыршағы:- Жеме бауырсақты аю, біз саған билеп берейік.
6)
«Чок-чок каблучок»
биі.
Тәрбиеші: Бауырсақ әрі қарай домалап кетеді, енді ол қасқырға
кезедседі.
Қасқыр: - Бауырсақ, бауырсақ
мен сені жеймін?
Тәрбиеші: Балалар қане біз қасқырға ән айтып берейікші
7)
«Бақа» әні.
Бақа, бақа,
бақ-бақ,
Басың неге
жалпақ.
Бақа, бақа,
бақ-бақ,
Басың неге
жалпақ.
Тәрбиеші: Балалар күзде не жауады?
Балалар: Жаңбыр
Тәрбиеші: ендеше біз «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнайық. Балалар біз
қасқырды қуантқан үшін ол бауырсақты жемейді.
8)
«Күн мен жаңбыр»
ойыны
Бауырсақ әрі
қарай домалайды.Домалап келе жатып ол енді түлкіге кездеседі.
9)
8.Қандай қызық күз
деген,
Бәрін шебер
істеген.
Бақша,бауды,
даланы да
Бояған сары
түспен!
9. Алтын
күз. Қыркүйек.
Жер
қара, күн жылы.
Жарқын күз,
алтын бақ!
Жайнайды бұл
күні.
10. Сап-сары ала теректер,
Сап – сары ала атырап.
Сәл тербесе
самал жел,
Түсіп жатыр
жапырақ!
Тәрбиеші: Балалар биз енді «Түлкі мен қоян» ойынын ойнайықшы.
10) «Түлкі мен қоян» ойыны.
Тәрбиеші: Балалар түлкі бауырсақты жемеген үшін балаларға бауырсақ
өз алғысын білідіреді, ал Күз қуыршағы болса, балаларға алма сыйлайды. Ал
балалар біз енді Күз қуыршағына рахмет айтамыз. Алмаларды алып топтап жейміз.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.