Жаңа жыл ертеңгілігі!
Залдың іші жаңа
жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген.Ортада ойыншықтар ілінген жап-жасыл
шырша.
Жүргізуші жылы әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,ата – аналар Жаңа жыл мерекесіне қош
келдіңіздер!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жүргізуші
жаңа жыл мерекемізді көңілді
әнмен бастайық.Балалардың орындауында ән: «Айнала ақша қар»
Петрушка:Қымбатты достар сендерді жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймын.
Жақсы келді жаңа жыл.
Асқар таумен тұлғалас
Біз осылай жылды енді
Қарсы алайық бәріміз.
Жүргізуші:Қош келдің Петрушка!Сенің біздің ертегілігімізге
келгеніне қуаныштымыз.
Петрушка:Мен сіздерге қызықты ертегі ала келдім.
Жүргізуші:Тоқтай тұр петрушка сен барлық қонақтарды
шақырдын ба?
Петрушка:Әрине,ертегі жаңа жыл туралы ғой.
Жүргізуші:Ал біздің балалардың орындауында тақпақ
тыңдайық.
Аружан
Даланың да қаланың
Думандатып от басын,
Тағы міне жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын!
Нұрбек
Жаңа жылды бар тілде
Жаңа жылға балайды
Жаңа жылға әркімде
Жақсы үмітпен қарайды
Асылжан
Бар баланы бір жасқа
Өсіріп кел, жаңа жыл!
Әжелердің әжімін
Азайтып кел,жаңа жыл
Т.Аяулым
Ақ көрпесін жамылып
Ұйықтап жатқан дала бұл
Балаларды сағынып
Келді міне жаңа жыл.
Жүргізуші:Петрушка біздің мерекемізге кімді шақыруға
ұмытып кеттік?
Петрушка:Мен ешкімді ұмытқан жоқпын.
Жүргі:Балалар,петрушка кімдерді шақыруға ұмытты?
Балалар:Аяз ата мен Ақшақарды.
Петрушка:Ой расында да, енді не істеймін?
Жүргі:Балалар қане бірге шақырайықшы Аяз ата,Аяз ата
Жүргізу:Бірақ ешкім келмей тұр ғой.Балалар мен
ойластырдым.Аяз атамен Ақшақар алыста,қысқы орманда ғой.Олар бізді
естімейді.Егер біз бірге өлеңді көңілдірек,қатты айтсақ онда олар естіп келуі
мүмкін.
Петрушка:Дұрыс айтасыз біздін балалар «Жаңа жыл» туралы
ән біледі ғой.
Жүг:Балалардын орындауында ән.
Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата:Амансындар ма қонақтар!
Ақшақар:Амансындар ма қонақтар!
Аяз ата:Сендердің әндерінді алыстан естіп немереммен
сендерге келіп қалдым.
Жүргі:Аяз ата сізге дайындаған тақпағымыз
бар,тамашалаңыздар
Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Аяз атадан
Көп сыйлық алдық
Жолдан келген алыс тым
Үскі қырау,қар ұшқын
Жолда бізбен жүздескен
Бұл атамен таныстым
Жаңа жылды қарсы алып
Барлық бала ән салып
Ақшақар жүр би билеп
Қол соғады барша жұрт
Сағынған аяз атаны
Оралды міне тағы да
Билеп өлең айтамыз
Бізге сыйлық береді
Бар баланың қонағы,
Төрлет ата жоғары
Енді дала алақай
Ақ күміске толады.
Аяз ата рахмет,балалар.Сендер ойын ойнағанды жақсы
көресіндер ме?Ендеше менің сендерге әкелген ойыным бар:
Жүргізуші:Рахмет аяз ата.Ал енді аяз ата мен ақшақар сендер
отырындар біздін ертегімізді тамашалаңыздар.Петрушка біз сіздерге бір гномик
туралы әңгіме айтқымыз келіп тұр.
Осы кезде Гномик пайда болады
Петрушка міне ол!Біз қазір онымен жақынырақ танысып,біліп
алайық ол немен айналысады екен.Жүргізуші Бірде гномик шыршаны өзі кесіп
әкелмекші болады.Ол басына қалпағын киіп,қолына қолғабын киіп.балтасын алып
орманға барады.Орманға кірсе шыршалар көп екен.
Шырша биі:
Жүргізуші:Гномик өзіне біреуін тандайды.Міне шабамын
дегенде астынан бір қоян ытып шығады.
Қоян(Аққу)Мына шыршаны кеспе
Біз үшін сақта
Бұл шыршаны мен жақсы көремін
Бұрыннан мен мұнда тұрамын
Гном:Жарайды қоян,сенің шыршанды кеспеймін,қорғаймын.
Жүргіз:Қоян қуанып жүгіріп кетеді.Жүрг:Гном алға қарай
жүреді.Тағы бір шыршаны көреді, міне шабамын дегенде шыршаның қасынан түлкі
шығады.Тағы бір шыршаның қасынан аю шығады.
Түлкі:Мына шыршаны кеспе
Бұл шырша әдемі емес
Өзін әне қарашы(Аюдын шыршасын көрсетіп)
Үлкен және әдемі.
Гном Жарайды мен сенің шыршана тиіспеймін.
Жүргі:Түлкі қуанып жүгіріп кетеді.Гномик үшінші шыршаның
қасына барады.Міне шабамын деген кезде,аю ытып шығып жылай бастайды.(Аю аяғымен
топылдатады жылайды)Гномик қорқып шыршаның қасынан қашып ктеді.Аю(Рамазан)
Жүрг:Гномик орман ішінен қайғырып келе жатады .Қаранғы
болып қалады.Ал ол болса жүре береді (Ақырындап жарық өшеді)
ГномШыршаны қайдан аламын
Кім маған айтады
Жаңа жылды қалай қарсы аламын?
Бір уақытта Гномиктін аяғының астынан ұлпа қар шығады.Жай
ұлпа қар емес,сыйқырлы.Ұлпа қар:Салем Гномик,қайғырма.
Сен Аяз атаға бар.Ол саған шыршаны көрсетеді.
Гном:Саған рахмет,Ұлпа қар.
Жүргі:Аяз атаны қаранғы орман ішінен қалай тауып алсам
деп ойлайды гном.Осы кезде гномик өзінің
достарын шақырмақшы болады,себебі достарының фонариктері бар,жолды көрсету үшін.
Осы кезде гномиктер билейді.
Гномик биі.
Бидін сонынан Шыршаның қасынан Аяз ата пайда болады.Ол
отырып ұйықтайды.Гномиктер фанариктерімен оның қасына барады.Аяз атаға жарық
түсіреді.Гномик аяз атаныны тауып алады.Ал ол ұйықтап отырады.Ол қатты
ұйықтағаны сонша оята алмайды.
Жүрг:Гномик,балалар мен не істеу керек екенің білемін.Біз
оған өлең айтамыз,шапалақтаймыз.Кәне шеңберге тұрып,жақсылап ән айтайық,Аяз ата
оянсын.
Өлең: « Аяз ата»
Аяз ата:Кім мұнда қатты ән айтып жатыр?Маған ұйқы
бермедіңдер.
Гномик:Мен мерекеге әдемі
шырша іздеп жүрмін.Онсыз жаңа жыл менің үйіме келмейді
ғой.Петрушка:Гномик біздің балабақшаға келіп қалды.Ғажайып шыршаны көрді
Аяз ата:1,2,3
Кәне шырша жарқыра
Жүргізуші:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағыған
Кел балалар келіндер
Тақпақ айтып беріндер.
Шырша туралы тақпақ
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жыныңда
Жадырап көп бала жүр
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай ғажап шыршамыз
Ән шырқайық бәріміз
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Келе ме біздің бақшаға
Петрушка (жүгіріп келіп)Аяз ата мен қызықты ойын білемін.
Аяз ата қандай ойын?
Петрушка:Сондай көңілді,көңілді,күлкілі,күлкілі.Ой
ұмыттым!
Аяз ата жарайды мен сені осы жолы саған көмектесейін,мен сондай қызықты ойын
білемін,балалар шығындар,мен сендерге ойын ойнауға үйретемін.
Ойын:
Петрушка:Сенімен ойнаған жақсы екен.Аяз ата ендеше біз
сізбен ән айтайық.
Ән: «Тамаша»
Ақшақар:Ата!Бүгін бізді барлық балалар көңілдендірді,енді
біз оларға сыйлық берейік
Аяз ата:Мен балаларды өте жақсы көремін,сондықтан мен
оларға сыйлықтар беремін.Менің қапшығым қайда кішкентай қапшықты алып шығады.
Ақшақар ата мынау қапшық емес қой бұл қапшыққа жаңа
жылдын сыйлықтары сыймайды ғой
Аяз ата дұрыс айтасын,немерем,бірақ мен сыйқыршымын ғой.
Жарық өшеді,шыршаның қасынан үлкен қапшықжаңа жыл
сыйлығымен пайда болады.Жарық шығады.
Аяз ата кәнекей маған анау үлкен қапшықты алып
келіндер,топқа барғасын сыйлықтарды беріндер.
Аяз ата:ал енді біз сіздер мен қоштасамыз сау
болындар!Аяз ата мен ақшақар кетеді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.