Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындау мәселелері
Жаңа білім жүйесі – заман талабы. Қазақстанда өмір сүріп отырған әрбір азамат – мемлекетіміздің бір бөлшегі. Сондықтан ол барлық істе сауатты, өздігінен әрекет етуге қабілетті, жауапкершілігі мол азамат болуға тиіс. Абай атамыз: « Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, куніне бір рет, болмаса жұмасына бір рет, яки болмаса айына бір рет өзіңнен –өзің есеп ал! » -деген екен.
Білімді ұрпақ дайындауда шығармашылықпен еңбек ете білген жөн. Оқушы өздігінен еңбек етіп, талпынып, жеткен жетістігінің жемісін көре білуі тиіс. Сондықтан мұғалім
оқушымен үнемі тығыз байланыста болуы қажет. Ұлттық бірыңғай тестпен
айналысқалы 9,10 жыл болды. Осы жылдарда
көңілге түйгенімді ортаға салмақпын. Алдымен
бүкіл математика бойынша күрделі таырыптарды шолып өтейін.
5 сыныптың бағдарламасы бойынша- «Проценттер тақырыбы».
6 сыныптың бағдарламасы бойынша- «Шектеусіз периодты ондық бөлшектер мен берілген амалдар тәртібі».
7сынып алгебра курс бойынша - «Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу».
8 сынып алгебра курсы бойынша - «Түбірі бар өрнектерді түрлендіру». Берілген
функцияның анықталу облысын табу», «Күрделі теңсіздіктерді шешу».
8 сынып геометрия курсы бойынша- «Жазықтық фигураның
аудандарын табуда күрделі формулаларды
қолдану».
9 сынып алгебра курсы бойынша – «Прогрессияға берілген
күрделі есептер», «Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру».
9 сынып геометрия курс бойынша - «Вектор тақырыбы»,
«Синустар, косинустар теоремасы».
10 сынып алгебра курсы бойынша – «Өзгеру облысын табуға берілген есептер», Тригонометриялық күрделі
теңдеулер мен теңсіздіктер», «Жанама есептері» , «Кері тригонометриялық өрнектерді ықшамдау».
10 сынып геометрия курс бойынша - «Түзу мен жазықтық
арасындағы бұрыштарға берілген есептер»
11 сынып алгебра курсы бойынша – «Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер
мен теңсіздіктер» , «Аралас жүйелер» , «Қисық сызықты трапецияның ауданын
табу».
11 сынып геометрия
курс бойынша – «Бірінің ішіне бірі сызылған геометриялық фигураларға берілген
есептер».
Стандартқа сай
оқулықта күрделі есептер аз беріледі. Математика бағытында тереңдетіп
оқытылатын мектептермен теңесуе алмаймыз.
Сондықтан ҰБТ-ның сапасы жақсы
болу үшін қосымша жұмыстар істеуге тура
келеді. ҰБТ кітапшасында қиындығы жоғары
есептер баршылық. Сондықтан оқулықтағы В
және С тобының есептеріне ерекше назар аудара отырып, оқып жатқан
тақырыпқа сай мысалдарды қосымша әдебиеттен
алған жөн. ҰБТ сапасын көтеру мақсатында өзіме мынадай міндеттер жүктедім:
•
оқушаның ҰБТ-ға деген жауапкершілігін арттыру;
•
күрделі есептерді шешу жолдарын
үйрету;
•
шапшаңдық деңгейлерін көтере
отырып, табандылыққа баулу;
•
нақты жауабын дұрыс таңдай білуге
үйрету;
•
әр оқушымен жекелей жұмысты
жандандыру;
•
іздемпаздыққа баулу;
•
теориялық білімдерін тарау бойынша
жүйелі қайталау;
•
жыл аяғында оқулыққа тұтас шолу
жасау;
•
конкурстық тесттерді жиі өткізіп,
білім сапасының артуына ықпал жасау;
•
әр оқушының тоқсан сайынғы тест
бойынша білім деңгейлерін жариялау.
Осы аталған
міндеттерді жүзеге асыру үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Тест тапсыруды 5 сыныптан бастаған жөн. 5,6,7 сыныптар үшін нақтылау тестісі
тиімді. Таңдау тестісімен жұмысты
8 сыныптан бастаған жөн. Оқушы тест тапсырмасын неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым нәтиже
жақсы болады. Әр сыныптың оқу бағдарламасындағы тақырыптарды тиянақты әрі
қатесіз меңгеру қажет. «45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабағыңа дұрыс
дайындал»
Қағидасын қатаң
сақтаймыз. Жүйелі түрде өткен қайталау жұмыстарына тоқталып өтейін.
«Функцияның анықталу
облысын табу» тақырыбы. Функция 3 түрде беріледі: а) көпмүше түрінде;
б) түбірмен;
в) бөлшекпен.
Көпмүше түрінде берілгенде анықталу облысы арнайы ереже
бойынша нақты сандар жиыны болады.(R)
Түбірмен берілгенде
түбірдің қасиеттерін ескеру керек. Бөлшек түрінде берілген функцияның бөлімі нөлге тең болмауы керек. Мұндай
түрдегі мысалдардың жауабын екі түрде жазуға болады:
* теңдік түрінде.
* теңсіздік түрінде.
9 сыныптың
геометрия оқулығындағы «Вектор» тарауы.
Оқушылар бұл тақырыпты меңгергенде оқулықпен ғана шектеліп қойса, тест
кітапшасындағы вектор тақырыбына берілген мысалдардан балл жинай алмайды.
Сондықтан бұл тақырып бойынша қосымша мысалдарды пайдаланған жөн.Сонда жоспарлы өткізілген
қайталау жұмыстары жақсы нәтиже береді.
ҰБТ-де күрделі тақырыптар жетерлік. Күрделі
тақырыптарды дер кезінде аша білген жөн.
Жоғарғы сыныпқа
келгенде бастаған тест жақсы нәтиже
бермейді. 5сыныптан 9 сыныптарға дейін
жүргізілген тест жұмыстарын орта буын бойынша
қорытындылап алған жөн.Осы сыныптар арасында
тест кітапшасымен жақсы жұмыс істеген оқушы әрі қарайда іздене береді.
Оқушыларды
шапшандыққа үйретуде жедел тесттің көмегі тиіп жатыр, мұндайда тез қимылдаған
оқушы ғана жақсы балл жинай алады.Кейбір оқушылардың білімі жақсы болғанымен
қимылы нашар болады. Мұндай оқушылар жақсы бағаға жете алмайды.
Біздің
мақсатымыз ҰБТ- ден жақсы балл жинауда
оқушылардың санасын ояту. Оқушылар арасында тек алға ұмтылу бәсекелестігін
тудыруға бағыт беру керек. Тест тапсыруда
бірарындылық болса, оқушылар жалығып кетеді. Жалыққан оқушы еш
ойланбастан тест жауаптарын жалған белгілеуі мүмкін. Сондықтан төмендегідей әр
түрлі әдістерді ұсынамын:
•
жаппай сыныппен жұмыс;
•
топпен жұмыс;
•
жекелей жұмыс;
•
өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы
жұмыс;
•
бірін-бірі сынау мақсатындағы жұмыс.
Осылардың ішінде топпен жұмыс, өзара тәжірибе алмасмақсатындағы жұмыс жақсы нәтиже береді. Тиянақты істелген жұмыстардан соң өзіңе көмекші оқушылар көмектесе бастайды. Үзбей жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушылар қиындық көрген тақырыптарының сараптамасын өздері жасайды. Қайталаудың негізі осыдан туындайды. Тағыда бір айта кететін мәселе формулалар жинағын жасау. Бұл 5 сыныптан бастап жүргізіле бастайды. Оқушылар 11 сыныпқа келгенде формулалар жинағы шағын кітапшаға айналады. Формулаларды дұрыс қолдана білу де маңызды роль атқарады. Әр жеке тұлғаның саналы да сапалы жұмыс істеуіне ықпал етуіміз қажет. Оқушылардың пікірімен санасып , оларға бағыт сілтеуші- мұғалім. Олардың танымдық қабілеттерін ашпайынша шығармашылықпен жұмыс жасай алмайды. Оқушылар сызбаны дұрыс сыза алмаса, геометриялық есептерді шығаруа қиналады. Сондықтан сызба жұмыстарына көбірек көңіл бөлген жөн.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.