Сабақтың тақырыбы: Менің үйім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен
таныстыру және сурет бойынша әңгімені құрастыруға үйрету.
Сабақтың мiндеттерi: - оқушылардың сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру;
-
оқушылардың сөздiк қорын байыту;
-
оқушылардың өз отбасына сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке
карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдерi |
Мұғалiмнiң iс-әрекетi |
Оқушылардың iс-әрекетi |
1. Ұйымдастыру кезеңi. |
Сәлемдесу, отырғызу. |
|
2.Қызықтыру |
Үйім деген сөзге
ассоциативтік қатар жазғызу (жеке жұмыс). |
Оқушылар өз бетінше 2 минут дәптерге үйім деген сөзге ассоциативтік қатар
жазады. Мысалы: кең,
жарық, керует, оң жақта, сол жақта және т.б. |
3.Мағынаны ажырату |
Жаңа сөздермен таныстыру: -
оқу; -
аудару; -
жеке, хормен қайталау; -
жай сөйлемдерді құрастыру. Сөздер: үш
бөлмелі - трехкомнатная, дәліз - прихожая, кіре
берісте – при входе, ұйықтайтын
(жатын) бөлме - спальня, ас үй - кухня, қонақ
бөлмесі - гостиная, балалар
бөлмесі - детская, жуынатын
бөлме
– ванная комната, әжетхана - туалет, кілем – ковер, әшекейілген
–
украшена. Сұхбатты құрастыру. - Сенің
мекен-жайың қандай? - Менің
мекен-жайым 6 шағынаудан, 10 үй, 23 пәтер. - Пәтерің
неше қабатты? - Пәтерім
үш қабатты. - Кіре
берісте не орналасқан? - Кіре
берісте дәліз орналасқан. - Тағы
қандай бөлмелер бар? -
Ұйықтайтын бөлме, қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме мен
әжетхана. - Сенің
пәтерің қандай? - Менің пәтерім
үлкен, жарық, таза, жылы. Жазбаша жұмысты дәптерге өз бетінше орындау. - Фонетикалық талдау жасау: пәтер. - Тәуелдеу: бөлме,
ас үй. - Жіктеу: тұрғын,
көрші. |
Оқушылар сөздерді оқиды, хормен қайталайды,
сөйлемдерді құрастырады.
Берілген сөздер және суреттер бойынша сұхбатты құрастыру (топпен жұмыс). |
4. Ой толғанысы |
Әр топ жасаған сұхбатты қорғайды. Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін
бағалайды. |
Әр топтан екі оқушы шығып, жасалған сұхбатты
қорғайды. |
5. Үй жұмысын беру. |
Менің үйім деген сұрақ-жауапты жаттау. |
Күнделікке үй тапсырмасын жазады. |
6. Бағалау. |
Жазбаша жұмыстарын тексеріп, бағаны журналған
қояды. |
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.