Математика 3 сынып. Тақырыбы: Математика көшбасшысы
Полатова Айгүл
Жамантайқызы Т.Аубакиров атындағы жалпы орта
мектеп
мемлекеттік мекемесінің бастауыш
сынып мұғалімі
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,математикалық білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың
патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика
– барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
ребустар, математикалық жұмбақтар,текше ,түрлі аттар.
Түрі: сайыс
Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Мінеки,
залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында Математика
көшбасшысы сайысын
Бастаймыз!
Қош келіпсіздер,қымбатты ұстаздар,ата-аналар мен
оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын
ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне
ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу
үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауларында баса
көрсетті.Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім қажет.
Білім –патриотизм негізі.Білімді болу жүйелі түрде үйренудің,оқығанды зердеге,
миға тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып,көңілді
демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық.
Уа, халайық,халайық!
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп, жарысып,
Жұмбақ шешіп, аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шеру жасайық,
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар.
Ал,сайыскер, балалар,
Білімдеріңді сынайық.
Математика Көшбасшысын
табайық.
-Құрметті қонақтар! Сіздерді 3 «Ә»-сынып оқушыларының
арасында өтетін «Математика көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.
Әділ-қазылармен таныс болыңыздар:
1. Сарманова Райхан-оқу ісінің орынбасары
2. Байсейітова Базаркүл-математика пәнінің мұғалімі
3. Абдубайтова Фарида-тәрбие ісінің орынбасары
4. Караматдинова Ұлзада-бастауыш сынып мұғалімі
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз
сіздерді,-дей отырып ортаға алдын ала белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді
шақырамыз. (Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.)
№1- Жаңабергенова Адиля Нұржанқызы
№2- Эргашева Сабина Зуробқызы
№3- Пирназарова Дана Камалқызы
№4- Жакупова Мерейлі Муталханқызы
№5- Утепберген Динара Турсумбайқызы
№6- Джолдасбаев Назарбай Ғазазбекұлы
№7- Азатбаев Дауранбек Азатбайұлы
Бүгінгі сайыс IX кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа 1
ұпай беріледі.Алғашқы екі кезеңнен соң
екі ойыншы шығып отырады. Кейінгі үш кезеңнен соң екі ойыншы шығып отырады. Ең
соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек.
I-кезең.Бәйге-Сұрақтарға ауызша жауап береді.
II-кезең. Полиглот.-Құрамында сан есімі бар жұмбақтарды
шешу,шешуін қазақ,орыс тілдерінде айту.
III-кезең.Көкпар.-Аттарда 2 тапсырма болады.Сол
тапсырмаларды орындау керек.
IV-кезең. Тапқырлық сайысы- логикалық есептер беріледі.
V-кезең Білімпаз сайысы. Өлең –есептер шығару.
VI-кезең Ойымды жалғастыр. Мақал-мәтелдерді толықтырып
айту.
VII-кезең Сиқырлы шаршы-сандар беріледі.Тапсырмалар
орындалады.
VIII-кезең Кім жүйрік? –математикалық ребустар беріледі
IX-кезең Жеңімпаз-жеңімпаз оқушыға тапсырмалар беріледі.
Сайыскерлерге сәттілік
тілейік!
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.-дей келе I-кезең.Бәйге (сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер 1 қадам алға
жылжып отырады)
1.
1м-де неше см бар?
2.
1 м-де неше мм бар?
3.
1 кг-да неше г бар?
4.
Периметрді қалай
табамыз?
5.
8² нешеге тең?
6.
Ауданды қалай
табамыз?
7.
50-дің бестен бірі
нешеге тең?
8.
1 кг мақта ауыр ма,
1кг темір ауыр ма?
9.
Көлемді қалай
табамыз?
10.
64 қай санның квадраты?
11.
1 ц-де неше кг бар?
12.
Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?
13.
8:0 неге тең? (санды 0-ге бөлуге болмайды)
14.
Көбейтудің қандай қасиеттері бар?
15.
31-ді 4-ке бөлгенде неше шығады,қалдық қанша
қалады?
16.
Бөлудің компоненттерін ата?
17.
Тік төртбұрыштың қасиеттерін ата?
18.
1л-де неше см³ бар?
19.
Қосудың қандай
қасиеттері бар?
20.
3³ нешеге тең?
II-кезең. Полиглот
Келді кезің жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын аудар орыс тіліне.
Қазақ, орыс тілін білгенде,
Ұпайларым көбейеді деп тіле.-дей отырып келесі
кезеңімізді бастаймыз.
1.Бір үйде тұрады екен елу батыр,
Үй сыртына сүйкенсе –ақ өліп жатыр. (сіріңке-спичка)
2.Ақ шапанын үстінен,
Алты ай бойы шешпейді.
Қара шапан үстінен,
Алты ай бойы түспейді. (қара жер мен ақ қар-земля и снег)
3.Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде,
Бірін-бірі қуғандар (шахмат-шахмат)
4.Қарны жуан қампайған,
Қос құлағы қалқайған. (қазан-казан)
5.Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара-пила)
6.Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымды сары аяз. (тоңазытқыш-холодильник)
7.1 санға өсірді,
Өзі қалды орнында,
Бізді алға көшірді. (сынып-класс)
8Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)
9. Болса көкте
мекені,
Кездеспейді екеуі.( ай,күн-луна, солнце)
9.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе-верблюд)
10.3 қазық, 2 желі, 9 ноқта,
Теңселіп, тербеледі адам соқса,
Шешен тіл,сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам соқса. (Домбыра-домбыра)
Ал,енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже
бойынша осы 2 кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз.
Ойын- толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып,
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып. Рахмет,келешекте
осындай ойындарда сәттілік тілейміз. (естелікке сыйлық беру)
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп білсе егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады-дей отырып
III-кезең.Көкпар
сайысын бастайық.-Аттарда 2 тапсырма болады.Сол
тапсырмаларды орындау керек.
1-ат: 1. Ұзындығы 9 см ,ені 7см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? 2.Шағын
ауданда 32 үй 4 қатарға бөлініп салынған. 48 үй осындай неше қатар құрайды?
2-ат: 1.Тік төртбұрыштың ауданы 16 см² , ені 2
см.Ұзындығы неше см?
2. Әлібек
1 айда 7 қызықты ертегі оқыды. Осы қарқынмен 1 жылда неше
ертегі
оқиды?
3-ат: 1.Тік
төртбұрыштың ұзындығы 11см,ені 8 см.Периметрін тап.
2.Ең
үлкен 3 таңбалы санға 1-ді қоссаң неше болады?
4-ат: 1. Шаршының
бір қабырғасының ұзындығ 8 см.Ауданы нешеге тең?
2.Бірдей
9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?
5-ат: 1.Тік төртбұрыштың ұзындығы 4см,ені 3 см, биіктігі
1см. Оның көлемі нешеге тең?
2.5-ті 7
есе арттырып, оған 99-ды қос.
6-ат: 1. 270:Х=9 Х-тің мәні
нешеге тең?
2. 1000 саны шығу үшін 555-ке қандай сан қосу
керек?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.