Сабақтың мақсаты:
1)Жол ережелерін еске түсіріп,пысықтау.Жол белгілері туралы білімдерін кеңейту.
2)Танымдық,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3)Сақ жүруге,абай болуға,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:жол белгілерінің суреттері.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.Сынып 2 топқа бөлінеді.
Жүргізуші:Сәлематсыздар ма,балалар.Балалар өмірін кездейсоқ жол,көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор,үлкен мәселеге айналып отыр.Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған ойынымызда балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттауға арналады.Бұл ережелер балалар өмірін,денсаулығын сақтаудың бірден бір кепілі.
1-оқушы.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
2-оқушы.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен
(Екі топ қатарласып тұрады)
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.