Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді тиянақтау.
62 Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың,
шаршының периметрі туралы білімді
тиянақтау.
Сабақтың мақсаты: 1) өткен сабақтар
бойынша оқушылардың білімін пысықтау.
2) математика пәніне
қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3) оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, ынтымаққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың түрі: ойын элементтері араласқан
аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі
суреттер.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін
аудару.
- Өтілгенді
пысықтау.
«Кім тапқыр?» ойыны. Қандай сан жасырынып
тұр?
1-есеп. Әр фигураның үйін тап.
*Сергіту сәті. Көгершінге ұқсайық,
Ұшып-ұшып алайық.
Ұямызға қонайық
Есептеуді бастайық.
2-есеп. а) Есептің шартын оқу.
- Шартында не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Әткеншек теуіп жүрген бала саны
және әткеншектен түскен бала саны.
- Есеп бізден нені сұрайды?
- Қанша бала қалғанын.
1) 10-7=3 2) жауабы: 3 бала қалды.
5-есеп. Мысалдар шығару. 9+9
9+8 9+7 9+6
9+5 9+4 9+3
9+2
8+8 8+7 8+6
8+5 8+4 8+3
8+2
- Қорытынды. Тест ұйымдастыру.
1.Шаршы дегеніміз не?
2.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
3.Қайсысы шаршы?
- Шаршының бір қабырғасы 3см болса, қалған қабырғалары
нешеге тең болады?
4. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.