Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыш
58 Сабақ
Сабақ
тақырыбы: Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыш
Сабақ
мақсаты: Геометриялық
фигуралар және олардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ
міндеттері:
Білімділік: Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыштың
мәнді белгісін айқындау.
Дамытушылық: Логикалық ойлауды,зейінді дамыту
Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының азаматтарын қазақ
халқының салт-дәстүрі арқылы тәрбиелеу.
Сабақ типі:аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,ұжымдық.,практикалық..
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,СД-диск,кәмпиттер,тапсырмалы
карточкалар..
Сабақ барысы:
1.Алғашқы
ұйымдастыру.
Сәлеметсіңдер ме!Бүгінгі сабағымыз ерекше болады.Біз бұл
сабақта есептеу дағдыларын қайталап,жаңа ұғым үйренуге және қазақ халқының
салт-дәстүрлерін қайталауға тиіспіз.
2.Тірек
білімді өзекті ету.
1.Ауызша жұмыс.
а) «Бесікке салу» дәстүрі.
- Бұл қандай дәстүр?(Анасы өзінің нәрестесіне бесік жырын
айтады,онда баланың күшті,мығым болып өсуі,әйгілі,білімді адам болатыны
айтылады).
- Ал енді,өрнектердің мәнін есептеп шығарыңдар:
а)5+2
3+3 6+4 5+5
6-2 10-2 9-3
8-4
11-2 12-6 15-7 18-9
9+7 8+8 8+3 7+6
ә) Салыстыр:
34+20 * 65-30 78-8 * 35-30 81-60 * 20+1
45-2 * 41+3
21+50 *
94-20 94+4 *
100-1
3.Жаңа
білімді түсіндіру.
1.Жаңа тақырыпқа
дайындық жұмысы.
«Көкпар»
- Бұл қандай дәстүр? (Бұл той кезіндегі жарыс.Атқа мінген
көкпаршылар бір-бірінен серкенің денесін тартып әкетеді.Серкені алдына
өңгеріп,мәреге бірінші жеткен адам
жеңеді).
- Ал қазір барлық мысалдарды кім бірінші шешсе,көкпарда
сол жеңеді.
Тақтада тапсырмалар: (балалар қатар бойынша орындайды).
1 – қатар : Фигуралардың «атын» ретімен тізіп жазады.
2 – қатар: Соған
сәйкес фигураны сызады.
3 – қатар: Сол
фигураға тән қасиетін атайды.
2.Ұжымдық талқылау.
- Ал сендер бұл мысалдарды қалай шеше алдыңдар?
Бұрыштар жөнінде қандай қорытынды жасауға болады?
Қ о р ы т ы
н д ы : Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші.Доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен.
4.Білімді бастапқы бекіту.- «Шашу» деген қандай дәстүр?(Әжелер тәттілерді шашады,ал
балалар теріп алады.Кім көбірек терсе,сол шапшаң).
- Мен сендерге кәмпит таратамын.Олардың ішінде
тапсырмалар оралған.Сендер сол тапсырмаларды орындап,әрқайсысын тексерулерің
керек.
№1.Тік бұрыштардың;сүйір бұрыштардың;доғал бұрыштардың
нөмірлерін теріп жазу.
Сергіту сәті
Бас
бармағым – алғашқы,
Балаң үйрек –
жалғасы.
Ортан терек
– ағасы,
Шылдыр
шүмек – нағашы.
Кішкентай
бөбек – балақан,
Бәріне
ортақ алақан.
6.Өткен
тақырыпты бекіту.
1.№2 есепті
шығару.
«Айтыс».
- Бұл қандай дәстүр? (Халық ақындары арасындағы өзара
жарыс).Сендер де осылай есеп шығарудан жарысасыңдар.
2 оқушы тақтада
есеп шығарады,қалғандары дәптерлеріне орындайды.Қайсысы жеңетінін байқайық.
Таба нан – 65
тг.
Таба нан – 65 тг.
Батон - ? 5
тг.арзан
Батон - ? 5 тг.арзан
Шешуі: 65-5 =
60 (тг.) Барлығы
- ? тг.
Жауабы: Батон
60 теңге тұрады. Шешуі:
65+(65-5) = 125 (тг.)
Жауабы: Барлығы 125 теңге
тұрады.
№3. Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
«Кілем»
- Қазақстан өзінің зергерлік
бұйымдарымен,кілемдерімен,әшекейлерімен,қару-жарақтарымен және үй бұйымдарн
әзірлеумен әйгілі.
60+а
а = 0;40;
60+0 = 60
60+40
= 100
60-а
а = 60;0;
60-60 = 0 60-0 = 60
а-60
а =100;60;
100-60 = 40 60-60 = 0
№4.Өз бетінше жұмыс (карточкамен жұмыс)
«Бәйге».
- Бұл қандай жарыс екенін кім біледі? (Ат жарысы,оған
қыздар да,жігіттер де қатысады)
- Карточкадағы тапсырмаларды орындағаннан кейін
жеңімпаздарды көреміз.
Тапсырмасы бар
карточкалар.
х+40 = 100
100-х
= 40 х-40 = 60
7.Рефлексия.
- Жарайсыңдар!Осы сабақ үшін бәріңе рақмет.
- Өткен сабақтан кейін көңіл күйлерің қалай?
- Қай тапсырманы бәрінен шебер орындадыңдар?
8.Үйге
тапсырма: №5,№6
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.