Амалды орындаудың рет тәртібі.
26-сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Амалды орындаудың рет тәртібі.
Мақсаты: Жақшалармен таныстыру және жақшалардыі ішіндегі амалдың
алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға
жаттықтыру; өзара кері есептер құру және шығартуды пысықтай түсу; уақыттың
бірліктерін пысықтау; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға
машықтандыру.
I.Ұйымдастыру
сәті
Біз өнерге, ұлы
өмірге,
Гүл өмірге
иеміз.
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді
сүйеміз.
Туған
жерге аунап-қунар,
Біз
ұланбыз, өрімдейміз.
Біз
ұланбыз еңбекқұмар,
Оқу десе
ерінбейміз.
II. Тірек
білімді еске түсіру
А) *7> 90 8* < 81 65 >6*
-Қандай цифрлар қалып қойған?
-Осы жазуларды өрнектер деуге бола ма?
-Өрнектерге мысалдар келтіріп, дәлелдейді.
Ә) Ойын.
Тапсырма: Түрлеріне қарай топта.Өзге өрнек бар ма?
-Ендеше, бүгін
осы өрнекті шығару жолымен танысамыз.
III.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
№1 Сұрақтарға
байланысты жұмыс ұйымдастырылады.Өрнектерді салыстырып,ұқсастығы мен
айырмашылығын атайды.Оқушылар оқулықтағы түсіндірмемен,амалдарды орындау
рет-тәртібінің алгоритмімен танысады. Қорытынды шығарады.
(
) түріндегі белгі жақшалар деп
аталады.
Жақшаның ішіндегі амал алдымен
орындалады.
№2 Бірінші бөлігі
тақтада амалдарды орындау рет тәртібінің әр қадамын түсіндіре отырып орындалса, екінші бөлігі
оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде орындалады.
Сергіту сәті
1-иілеміз,шалқаямыз,
2-алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
4 дегенде қол созамыз
5,6 дегенде.
Орнымызға отырамыз.
№3 Есеп тақтада
талданып орындалады.Оқушылар амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы өзара
байланысты анықтайды.
Бір санның екінші саннан қанша үлкен не кіші
екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайтамыз.
№6 Топпен жұмыс.Жұмысқа 5-7 минут уақыт беріледі.Мысалдарды шығарып,оған тағы бір-бірден
мысал жазу тапсырылады. Жұмыс барысында
оқушылар кері мысалдарды шығару алгоритмін айтады.
Рефлексия.Өзіндік
жұмыс.
Алдын- ала өлшем бірліктері арасындағы қатынасты қайталап барып орындайды.
Үйге
тапсырма. 49-бет.№4
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.