Бақылау жұмысы.
61 Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: 1) қосу, азайту
амалдарынан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс-әрекеттерді
бекіту.
2) оқушылардың есептеу, ойлау
дағдыларын дамыту.
3) оқушыларды шапшаңдыққа,
ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру. Отан үшін, халық үшін,
Талмай еңбек
етеміз.
Оқып-білім,
құлшынамыз,
Жеңістерге
жетеміз.
- Бақылау жұмысы.
1-нұсқа.
1-есеп. Бір таңбалы сандарды
өсу ретімен жаз.
2-есеп. Ондықтарын, бірліктерін
ажыратып көрсет.
17 = ...онд ...бірл 5онд. 5бірл= ...
27 = ...онд ...бірл 9онд. 9бірл= ...
23 = ...онд ...бірл
3-есеп. Есепті шығар.
Бақшадан 30кг қызылша және 40кг
сәбіз жиналды. Барлығы неше килограмм көкөніс жиналды?
4-есеп.Теңдеуді шеш.
40-х= 20 х+10 = 30 7-х = 2
5-есеп. Қабырғасы 5см болатын
шаршы сыз. Периметрін тап.
2-нұсқа.
1-есеп. Екі таңбалы сандарды
кему ретімен жаз.
2-есеп.Ондықтарын, бірліктерін
ажыратып көрсет.
28= ...онд ...бірл 4онд. 9бірл= ...
33 = ...онд ...бірл 7онд. 8бірл = ...
89 = ...онд ...бірл
3-есеп. Есепті шығар.
Мақсат 9кг қияр жинады, ал
Мұрат одан 2кг қияр кем жинады. Мұрат неше килограмм қияр жинады?
4-есеп. Теңдеуді шеш. 30-х= 10 х+15= 20 8-х = 3
5-есеп. Қабырғалары 3см және
4см болатын төртбұрыш сыз. Периметрін тап.
- Қорытынды.
- Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.