Көпбұрыштың периметрі
59 Сабақ
Сабақ
тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі
Сабақ
мақсаты: Көпбұрыштың периметрін табу ережесімен таныстыру.
Сабақ
міндеттері:
Білімділік: Периметрді табуға байланысты есептер шығарту.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру,жылдам,тез есептеуге баулу.
Тәрбиелік:Оқушыларды есеп шығару барысында шапшаңдыққа,жылдамдыққа,еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,топтық,жеке,ұжымдық.
Қолданылатын
құрал: Интерактивті тақта,кесте.
Сабақ барысы:
1.Алғашқы
ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды үш топқа
бөлу,әр топтың топбасшыларын таныстырады.
1 – топ:
Үшбұрыш.
2 – топ:
Төртбұрыш.
3 - топ: Шаршы.
2.Үй
тапсырмасын тексеру.№5,6. Бұрыш түрлері
және олардың қасиеттері.
3.Жаңа сабақ.
. Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары
ұзындықтарының қосындысы.
- Балалар,біз бүгін үшбұрыш,төртбұрыштың периметрін
табуға байланысты есептер шығарамыз.Әр есептің өзіндік ұпайы бар.Жинаған
ұпайына қарай жеңіске жеткен топ анықталады.
№2 - 20 ұпай.
Есеп құрастыр және шығар:
а)Қалам – 50 теңге
ә)Қалам – 50 теңге
Дәптер - ?, 40
теңге арзан
Дәптер - ? 40 теңге арзан
Шешуі: 50-40 =
10 Барлығы
- ?
Жауабы: Дәптер
10 теңге тұрады.
Шешуі: 50+(50-40) = 60
Жауабы:Барлығы 60 теңге.
№3 – 30 ұпай.
Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
50+а
а
= 9;42;
50+9 = 59 50+42 = 92
76-а
а
= 4;40;
76-4 = 72 76-40 = 36
№4. «Кім жылдам?» ойыны. 30 ұпай
60+а = 65 49-а = 43 97-а = 7
№5.Математикалық диктант.30 ұпай
9+2
9+3 9+4 9+5 9+6
8+3
8+4 8+5 8+6 8+7
7+4
7+5 7+6 7+7 9+9
6-тапсырма.Әр топтың басшыларына арналған. 20 ұпай.
Берілген алгоритм бойынша қай топ басшысы дұрыс және
бұрын шаршы салып,периметрін табады.
Шаршы салу алгоритмі:
1.Түзу сыз;
2.Оның бойынан
3.Кесіндінің ұшынан тік бұрыш сал;
4.Оның қабырғасынан
5.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал;
6.Оның қабырғасынан
7.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал.
4.Үйге
тапсырма. №6
5.Бағалау.
-- Әркім көңіл күйіне қарай тиісті бағасы бар
геометриялық фигураны таңдайды.
- Кім бәрін түсіндім,сабаққа белсенді қатыстым,беске
жауап бердім деп санасы – күлімсіреген үлкен фигураларды алыңдар,яғни өздеріңе
«5» қойыңдар.
- Кім жауапты толық бере алмадым,дұрыс жауап бердім,жақсы
жұмыс істедім деп ойласа – кішірек фигураны алсын «4».
- Кім ойланатын нәрсе бар,бұл сабақта аз жұмыс
істедім,бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе – көңілсіз «3»
фигураны таңдайды.
- Көңілсіз фигураны ешкім таңдап алмайды деп
ойлаймын,бәрің жақсы еңбектендіңдер.Сабақ үшін рақмет,балалар!
6.Сабақты
қорытындылау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.