8-ді қосу және азайту.
54 Сабақ
Сабақтың
тақырыбы: 8-ді қосу және азайту.
Сабақтың
мақсаты: Ондықтан аттап
8-ді қосу және азайтумен таныстыру.
Білімділік: 8-ді
қосу және азайтудың кестелік жағдайларын
екі амалдан тұратын өрнек-
термен, есептеулермен байланысты
іс-әрекеттерге қолдануға машықтандыру.
Екі амалмен шығарылатын есепті» сонша» ұғымымен байланыстырып шыға-
руға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау,
шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:
Адамгершілік қағидаларын ұстана отырып,
эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі :
аралас сабақ
Әдіс –тәсілдері:
түсіндірмелі, ойын, сұрақ –жауап.
Көрнекілігі:
оқулық, интерактивті тақта
Барысы: І. Алғашқы
ұйымдастыру.
Психологиялық
дайындық
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.№5 тапсырма тексеріледі.
ІІІ.Өткен
тақырыпты еске түсіру.
« Жұбын тап» дидактикалық ойыны: 16 дегеніміз 8 және .....
14
дегеніміз 7 және ....
13 дегеніміз 9 және т.сс
ІV .Жаңа
білімді меңгерту.
№1 тапсырманың а)бөлігіндегі түсіндірмені интерактивті
тақтадан көрсете отырып 8-ді қосу
және азайту түсіндіріледі.
8-ге 8-ді қосу үшін 8-ді 10-ға толықтырамыз, қалғанын қосамыз.(8+2+6 =16)
16-дан 8-ді азайту үшін, алдымен 6 бірлік, сосын 10-ның
2-еуін азайтамыз, сонда 8 қалады.
ә ) бөлігі 8-ді
қосу , азайту кестесіне сүйеніп орындалады.
№2 Математикалық
диктант түрінде орындалады.
(8+2)+6
(9+1) +7
(16 -6) -2 (17
-7 ) -1
Сергіту сәті.
№3 Тапсырма ауызша орындалады.
1-ші бөлігі есеп
емес. Өйткені амал орындалмайды.
Болды-100 өгізше
Сатылды – сонша (100)
Қалды -?
Шешуі: 100-100
= 0
№ 4 бірінші бөлігі
есеп.
Болды -6
трактор
Берілді-сонша (6)
Барлығы -?
Ш: 6+6 12 Жауабы:12 трактор болды
№6
Комбайн – 10
барлығы ? комбайн мен
трактор
Трактор – 6 , тағы сонша берілді
Шешуі: 10+(6+6)
22 Жауабы: барлығы 22
комбайн мен трактор
V. Бекіту. Үлестірмелі
парақшалар арқылы
1) 17-8 12
8 8+7
12-8 15
9 6+8
15-7 14
4 4+8
Мысалды сызық
арқылы жауабына қосу.
2) Мына өрнектің
мәнін тап:
10-8
а) 4 ә)3
б) 2
VІ. Үйге тапсырма :№6 97 - бет
VІІ. Бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.