Шаршы. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
51 Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шаршы. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
математикалық
біліктерін,
ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге
деген
қызығушылықтарын арттыру, зерделеу қиялын ұштап, білімін
шыңдау.
Сабақтың міндеттері:
1.Шаршы туралы мағлұмат беру,
ерекшелігін анықтай және ажырата білуге үйрету;
2.
Екі амалға берілген есептерді шешудің әр түрлі әдістерін талдайды және қосудың терімділік қасиетін пайдалану
туралы қорытынды жасайды;
3. Өткен материалды қамтып, білім, біліктерін бекітеді.
Сабақтың түрі : Саяхат сабағы
Пәнарлық байланыс: дүниетану,
ана тілі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,
фигуралар,кеме,тұсбағдар,арал суреті.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін және қажетті
құрал- жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
ә) Дидактикалық ойын «Эстафета
».Мұғалім оқушыларға тек қана жауапты жазуды ұсынады. Жұппен өзара тексеру.
2.Жаңа сабақ.
- Сабақтың
тақырыбы мен мақсатын хабарланады.
- Балалар, біз «Шаршы» аралына саяхатқа шығамыз. Аралға
жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-тапсырма. Оқулықтың суреті
бойынша оқушыларға жұмыс жүргізіледі.
- Суретте қандай фигуралар
бар?
- Барлық қабырғалары тең
тік төртбұрыштарды тап.
- Олар қандай сандармен
белгіленген?
Шаршының тік төртбұрыштан
айырмашылығы мен ұқсастығы анықталады.
Шаршының барлық қабырғаларының тең болатындығы
түсіндіріледі және дәлелденеді.
Нөмірлері
1 және 3 фигуралары – шаршылар (квадраттар)
2-тапсырма.
3-тапсырма.
Сыныпта 20 қыз бала және 10 ұл бала бар еді.
Екінші тоқсанда тағы 4 оқушы келді.
Сыныпта неше оқушы болды?
Есепті әр түрлі тәсілмен шығар
және шешуін түсіндіріп бер.
Қыз бала -20
Ұл бала – 10
Келді - 4
Барлығы - ? оқушы.
Шешуі: 1) 20+10=30 (о.)
2) 30+4=34 (о.)
Жауабы: Барлығы 34 оқушы.
4-тапсырма.
Қосындыларды салыстыр. Олардың мәндерін тап. Осыған ұқсас
қосындылар құр.
50+10+20=80
50+20+10=80
20+10+50=80 20+50+10=80
5-тапсырма
3.Сергіту сәті.
6. Өзіндік жұмыс.
-өз
жұмысын ортаға салып,көрсету кезінде әр топ есепті шығару барысын және шешуін
толғырақ түсіндіреді.
4.Қорытындылау.
Барлық тапсырмаларды орындап аралға да жеттік.
а) Үйге 93-бет, №3-тапсырма.
ә) Оқушыларды бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.